Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Психологиялық ахуал
а) Топшамалар арқылы ережелерді сұрау
1) Денелердің қозғалыс энергиясы кинетикалық энергия деп аталады.
2) Дененің импульсі деп дененің массасы мен қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең шаманы айтады. Оның векторы қозғалыс жылдамдығымен бағыттас.
3) Күш импульсі деп күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісіне тең физикалық шаманы айтады. Оның векторы кушпен бағыттас.
4) Энергияның сақталу заңы: Табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді, не жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады.
5) Денелердің өзара әрекеттесу энергиясы потенциалдық энергия деп аталады.
6) Дененің бір бөлігі одан қандайда бір жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.
Ә) Сәйкестендіру
Кинетикалық энергия
Дененің импульсі
Толық энергия
Потенциалдық энергия
Деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы
«Сөйлемді толықтыр» жеке орындау
Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі ----------- деп аталады.
Кг* м/с --------------- өлшем бірлігі.
Өлшем бірлігі Дж (джоуль) физикалық шамалар:
Е= mgh --------- энергия формуласы.
Импульстің сақталу заңы ----------------- жүйеде орындалады.
1. Дене импульсі дегеніміз не?
2. Күш импульсі дегеніміз не?
3. Импульстің сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
4. І және І ғарыштық жылдамдық неге тең?
5. Зымыранның құрылысы және олардың қозғалуы.
6. Энергия, энергия түрлері.
6. Энергия мен жұмыс арасында байланыс қандай?
7. Энергияның сақталу және айналу заңы қалай тұжырымдалады?
|