ІІ Тапсырма
«Галереяны шарлау»әдісі бойнша еркін тербеліс, еріксіз тербеліс және резонанс тақырыбына байланысты әр топ постерге тақырыпқа сай суреттер салып қажетті суреттерді пайдаланып тақырыпты қорғайды.
Дескриптор:
-Тақырыпқа сай сурет таңдай білді
1 балл
- еркін тербеліс пен еріксіз тербелістерді ажырата біледі.Резонанс қандай жағдайда пайда болады. 1балл
1 балл
-тақырыптың физикалық мағынасын түсіндіре алды. 1 балл
ІІІ Тапсырма «Блум күлтешесі»
Әр топқа жеке тапсырма жазылған гүл күлтешесі беріленді. Күлтешеге сапалы есептер мен сұрақтар беріледі.
Сұраққа дұрыс жауап берілсе гүл құралады.
Дескриптор:
-Физикалық мағынасын аша алды. 1 балл
-Жапырақты толық жинайды 1 балл
Қабырғаға дайын болған постер ілінеді. «Галереяға саяхат»- топтар кабинет ішінде қозғалысқа түсіп, қабырға газетіне қарап, сараптап талдат топ мүшесі қорғайды, ойларын дәлелдейді
Әрт топтағы оқушылар күлтешедегі сапалы есептерге жауап беріп, сандық есептерді шығару арқылы күтешеден түймедақ гүлін құрайды.
Сұрақты тап
1. а) Дене сыртқы күштің әрекетінсіз тербеледі;
б) Механикалық энергия азаяды, ал амплитуда кемиді;
в) Тербеліс тез өшеді.
2. а) Мәжбүр етуші күш әрекетінен периодты қозғалыс жасайды;
б) Дене сыртқы күштің әрекетінен тербеледі;
в) Үйкелісті жеңуге кететін энергия үнемі толықтырылып отырады.
3. а)Үйкеліс күші қозғалысқа қарсы бағытталған;
б) энергия шығыны әсерінен өшеді;
в) энергия тек қозғалыс басында ғана беріледі.
4. а) жол құрылысында;
б) үйдің іргетасын құйғанда;
в) құйматасты немесе сусыма нәрселерді тығыздау үшін пайдаланылады.
|