Есептер шығару
1.Тербелмелі контурға сыйымдылығы 0,2 мкФ конденсатор қосылған. Контурда жиілігі 400 Гц электр тербелістерін алу үшін оған қандай индуктивтілік қосу керек?
2. Тербелмелі контурдың индуктивтілігі 20 мкГн. Бұл кон-
турды 5000 кГц жиілікке шақтап құру үшін сыйымдылығы қандай конденсаторды таңдап алу керек
3.Сыйымдылығы 50 пФ тербелмелі контурда жиілігі 10 МГц еркін тербеліс алу үшін оған қандай индуктивтілік қосу керек?
Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.
1. Кедергісі аз тербелмелі контурда катушканың индуктивтігін 4 есе арттырса, ал конденсатордың сыйымдылығын 2 есе кемітсе, контурдағы еркін электр тербелістерінің периоды қалай өзгереді?
2. Кедергісі аз тербелмелі контурда катушканың индуктивтігін 2 есе арттырса, ал конденсатордың сыйымдылығын 2 есе кемітсе, контурдағы еркін электр тербелістерінің жиілігі қалай өзгереді?
ІІ деңгей.
1.Тербелмелі контур сыйымдылығы 1 мкФ конденсатордан және индуктивтігі 10 мГн катушкадан тұрады. Контурдағы тербелістер периодын есептеңдер.
2.Тербелмелі контур сыйымдылығы 500 пФ конденсатордан және индуктивтігі 1 мГн катушкадан тұрады. Контурдағы тербелістер жиілігін есептеңдер.
ІІІ деңгей.
1.Сыйымдылығы 2 мкФ конденсатормен жиілігі 1кГц электромагниттік тербелістер алу үшін, тербелмелі контурда индуктивтігі қандай катушка қосу керек?
2.Индуктивтігі 0,76 Гн катушкасы бар тербелмелі контурға дыбыс жиілігі 400 Гц электромагниттік тербелістер алу үшін, тербелмелі контурда сыйымдылығы қандай конденсатор қосу керек?
Бұл сатыда тақырыптағы түйінді мәселелерді бөліп алып, тірек-сызба құрастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |