І ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Сыныпты ұйымдастыру ( топқа бөлу «біздің сынып керемет»)
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Толқын дегеніміз не?
Көлденең толқын қандай ортада пайда болады?
Бойлық толқын ше?
Толқын ұзындығы деген не?
Толқын жылдамдығы деген не?
Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай орындап келгенін тексеру
. Формулаларды білесің бе?
Толқын ұзындығы υ Гц T=1/ ν
Толқын жиілігі λ м/с ν=υ/λ
Толқын жылдамдығы ν м υ=λ·ν
Толын периоды Т с λ= υ·Т
1. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.
3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын
4. Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
5. Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
6. Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.
7. Гравитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.
8.
III.Миға шабуыл.
Дауыстары арқылы жануарларды ажырату, тақырыпты ашу.
Дыбысты сипаттайтын физикалық шамалар
Дыбыс қаттылығы тонның биіктігі тембр
Дыбыс қатылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады.
Тембр – адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Шу әр түрлі жиіліктігі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы
16 Гц-20000 Гц →дыбыс толқындар, акустикалық дыбыстар.
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстар ультрадыбыстар, 16 Гц-тен төмен –инфрадыбыстар деп аталады.
Ауада тарайтын дыбыс толқындары серпімді бойлық толқындар болып табылады.
|