Сабақтың тақырыбы: «Мейірбан біздің панамыз, Алтын жүректі анамыз»



Дата03.02.2020
өлшемі11,47 Kb.
#57038
түріСабақ
Байланысты:
ТӘРБИЕ САҒАТЫ 8-сынып

ТӘРБИЕ САҒАТЫ 8-сынып
сынып тәлімгері Слямова Алия Абильмажиновна
Сабақтың тақырыбы: «Мейірбан біздің панамыз,
Алтын жүректі анамыз»
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның бірінщі ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері
-Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Сіздерді «Шаттық шеңберін» құруға ортаға шақырамыз. Шеңбер бойымен жұмсақ жүректі бір-бірімізге бере отырып, амандасып, тілек айтуларыңызды сұраймын.Тілектеріңізге көп рахмет. Жүрегіміз қуанышқа толды. Сабағымызды бастайық.
Мұғалім: Балалар, «мейірімді адамдар», «қайырымдылық» дегенді қалай түсінесіңдер?( Ассоциация әдістемесі арқылы оқушылардың жаңа тақырып бойынша не білетіндерін анықтау).
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Біз бүгін «Мейірбан біздің панамыз,
Алтын жүректі анамыз» атты сабағымыз «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның сан-салалы қайырымдылық қызметіне және туған күніне арналады.
Оқушы: Жетімдердің анасы, жесірлердің панасы,
Алпыс аға бөбегі, Нұрағаның Сарасы.
Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың,
Жақындаса түссін деп адамдардың арасы.
«Жақындықпен күресіп, жақсылықты жетелеп,
Қиындықсыз өмір жоқ, қиындықпен өт ептеп».
Дейді бізге Сарамыз, дегеніне нанамыз,
Өзі бастап барардай бір сәулетті бекетке.
(Т. Молдағалиев)
Оқушы: Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан,
Баспана боп оларға, келе жатырсың болып нан.
Сол балалар үшін бір бәйек болып күндіз-түн.
Аяп қөрген жоқсың сен келгеніңді қолыңнан.
(Т. Молдағалиев)
Оқушы:Алда талай қиналу, алда талай толғаныс,
Жетсем екен дейтұғын арман да асыл, жол да алыс.
Шешек жару, гүл ату- Жер ананың төл ісі.
Жылағанды жұбату- Ел-Анадан қалған іс.
(Т. Молдағалиев).
(С.Назарбаева туралы слайд көрсету)
Оқушы: Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. «Бөбек» қайырымдылық қорының Президенті С. Назарбаеваның жетім балалардың мүдделерін қорғау ісіне қосқан үлесі өте қомақты. Жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып, елімізде тұңғыш «SOS Киндердорф» балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды. Соның арқасында жетімдік тақсіретін тартқан бүлдіршіндер отбасылық ортада өсіп , тәрбиеленіп жатыр. Кәмелеттік жасқа толған соң мемлекет олардың жұмысқа орналасуына, оқуларын жалғастыруына жағдай жасайды. Жоғары оқу орындарына түскен жастарға «Бөбек» қоры шәкіртақы тағайындап, көмек көрсетеді.
Оқушы: «Бөбектің» анасы атанған Сара Алпысқызы көптеген игі істерге ұйтқы болды. Еліміз аумағында балалар емханаларының ашылуына, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бір кісідей ат салысып келеді. Ерен еңбегіне әлемдік қауымдастық назарын аударып, 1999- жылы «SOS Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медалімен, 2002- жылы ЮНИСЕФ-тің арнайы сыйлығымен марапатталған болатын.
Оқушы: С. Назарбаева Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И. Дограмачи атындағы және «Юнита» халықаралық сыйлығының лауреаты болып табылады. Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды.
Оқушы: 2006-жылы мамыр айында Мәскеуде адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын жүрек»халықаралық сыйлығы тапсырылды. Қазылар алқасының шешішімен жетім балалардың мүдделеріне көп жылдар қалтқысыз қызмет көрсеткені үшін «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры Президенті С. А. Назарбаева «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды.
Оқушы: Сара Алпысқызы жалпы рухани- адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың, «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы болып табылады. Сол үшін Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медальға ие болды. 2010-жылы жас ұрпаққа рухани-тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін «Достастық жұлдызы» сыйлығы табыс етілді. Гуманитарлық бағытта тұңғыш рет бұл марапатты Сара Алпысқызы иеленіп отыр.
Оқушы: С. Назарбаева П. Ивановтың «Детка» деген ілімін насихаттайды. Бұл ілімнің негізгі 12 қағидасы бар:
-Өзіңді жақсы сезінгің келсе, күніне 2 рет суық табиғи суда шомыл.
-Шомылудың алдында, табиғат аясының қара жерінде жалаң аяғыңмен тұр, ал қыс мезгілінде қар үстінде кем дегенде 1-2 минут тұр және басқа адамдарға жақсылық тіле.
-Салауатты өмір салтын сақта.
- Аптасына бір рет тамақ пен судан бас тарт.
- Табиғатты сүйе біл.
- Барлық адамдармен амандасуды ұмытпа.
- Адамдарға көмегіңді аяма және оны көтеріңкі көңіл күймен орында.
- Өз бойыңдағы жаман әдеттерді жоя біл.
- Ауру, өлім деген жаман ойлардан басыңды босат.
Мәтінмен жұмыс.
Сара Алпысқызының «Өмір әдебі» деген кітабынан алынған үзіндіні оқып , пікір алмасу.
« Мен бала күнімде шамадан тыс қарапайым жасқаншақ болдым. Өзім білетін құрбыларымның барлығы да менен ақылдырақ, маңыздырақ сияқты көрінетін. Актриса болуды армандадым да өзімнің балалық ақылыммен, бұл таңдаулылардың ғана ісі деп ойладым. Бақытыма қарай жас келе бойымдағы бұйығылылықтан
біртіндеп арыла бастадым.Рас, актриса бола алмадым, бірақ өмірімді бұрмаламай көрсететін бір қарапайым ақиқатты түсіндім. Ал нақтырақ алатын болсақ, адамдарды бір-бірінен ажырауға болатын басты айырмашылық жан дүниесі мен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен.»
Сара Алпысқызы.
Сұрақтар беру: 1. Осындай ойлар мазалаған кездер болды ма?
2. Өзіңе деген сенімділік, өзіңді таба білу дегенді қалай түсінесің?
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Сабағымызды Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ғибратты тілегімен қорытындылаймыз:
«Қымбатты балалар, мен- Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата-анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата-анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін» - деп айтқан еді. Жалпы тек Сара Назарбаева ғана емес, бұл тілек қазіргі заманның әр отбасының тілегі. «Отан – отбасынан басталады»,сол себепті – өз отбасыңды, ата-анаң мен туыстарыңды сыйлағаның – Отаныңды сүйгенің. Аулымызда балаларын өсіріп, жеткізіп, солардың орталарында бақытты ғұмыр кешіп отырған апаларымыз, әжелеріміз, аталарымыз баршылық. Мысалы, Жанабилова Кульзапран әжей (зейнеткер ұстаз), Емельбаева Дина әжей (сатушы болған), Ахметов Әлмұхамбет ата (есепші болған), Сақиғожин Маркс ата (шопан болған), Ибраев Санақбай ата, Сақиғожинв Жәміш әжей,Жібітаева Қанипа әжей, және ауылдағы көп жасаған әжеміз Бұлғынова Хадиша әжей және т.б.
Және де аулымызда «Батыр ана» атағын алған әйел азаматтар да көптеп саналады.
(«Батыр аналар »туралы слайд көрсету. )
«Ана туралы баллада» әнін орындау
АҢЫЗды әңгімелеп беру:
-Сұлу қызға ғашық болған жігітке қыз: «Егер анаңның жүрегін әкеліп берсең
ғана сүйетіндігіңе сеніп, тұрмысқа шығам»- деген екен. Мұны естіген есі кеткен жігіт ебін тауып анасының жүрегін жарып алып жүгіре бергенде аяғы шалынып құлайды, басын көтеріп қараса қасындағы бұтаққа ілініп тұрған жүрек бүлк-бүлк етіп: «балам, қатты құладың ғой, бір жерің ауырмады ма?» деп сөйлеп тұрғанын көріп сонда ғана жігіт өкініп жерге құлай кетіп жылайды. Міне аналық махаббат, аналық қамқорлық деген осы...
Балалар ананың қабағын кірбің шалмасын аналарымыз аман болсын дей отырып
«Ана туралы жыр» әнімен бүгінгі сабағымызды аяқтайық.Назарларыңызға көп-көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет