Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық озық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.
Жоспар:
Педагогикалық озық тәжірибе туралы ұғым, оның белгілері.
Педагогикалық озық тәжірибені зерттеу, жинақтау.
Педагогикалық озық тәжірибені тарату формалары.
1. Мектептерде педагогикалық озық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады.
Педагогикалық тәжірибе – оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактілер мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі.
Педагогикалық озық тәжірибе – жоғары деңгейдегі шеберлік, ғылымда белгілі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, жаңа әдістер пайдалануда оқушылардың білім, іскерлік, дағдылары, жалпы дамуы, тәрбиелілігі тұрақты түрде нәтиже беретін, жоғары жетістікке жеткен шығармашылық жұмыс, жаңалық.
Педагогикалық озық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіруде үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |