Оқу-тәрбие процесін бақылаудың бірнеше түрлері бар
Жаппай - барлық сыныптарда жүргізілетін жазба бақылау жұмыстары, бірнеше күн оқушылардың сабаққа қатынасуын, яғни сабаққа келушілер санын бақылау, т.б..
Тақырыптық - оқу немесе тәрбие жұмыстарының кейбір жақтарын арнайы тақырып бойынша тексеру
Дербес - кейбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетін бақылау
Ұжымдық - сынып ұжымының, оқушылардың ұзартылған күн тобының, кейбір үйірмелердің іс-әрекетттерімен танысып бақылау
Бақылау жүйесін және оған қойылатын талаптарды орындау үшін мектеп директоры өзінің орынбасарларымен бірлесіп, бақылаудың түрлерін, орындау мерзімін және мақсаты мен міндеттерін мектептің жалпы жоспарында көрсетеді, жоспар педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Бақылауды ширақ және сапалы өткізу үшін мектеп басшылығы кесте жасайды, міндеттерін өзара бөлісіп, тікелей іске кіріседі. Бақылау және тексерудің барысында әдістемелік пән бірлестіктері мен шығармашылық топтардың жетекшілері және тәжірибелі мұғалімдер қатысады.
Бақылау және тексеру – бұлар сабақтас, бір-бірімен байланысты ұғымдар. Мысалы, пән мұғалімнің оқу жұмысы жөнінде іс-әрекетін бақылау және тексеру қажет. Бұл жұмыс алдын-ала жасалған жоспар бойынша іске асырылады. Тексерушілер мұғалімнің сабағына қатысады, сыныпта жазба бақылау жұмыстарын жүргізеді, оқушылардың дәптерлерін тексереді, жазба жұмыстарымен танысады (шығарма, мазмұндама, баяндамалар,т.б.).
Оқу жұмысын тексерудің барысында сабақтың тиімділігі мен сапасына ерекше көңіл аударылады. Сабақты талдау шамамен мына үлгі бойынша жүргізіледі:
Оқу пәні
Сынып
Мұғалім
Сабақ тақырыбы
Сабақ мақсаты
Талдау барысында мына мәселелер еске алынады:
Достарыңызбен бөлісу: |