Сабақтың тақырыбы М.Әлімбаев «Шынықсаң, шымыр боларсың»



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі238,75 Kb.
#80429
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:.өлеңнің мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып, жауап береді
Көпшілігі:өлеңнің мазмұнын қара сөзбен айтады
Кейбірі: денсаулыққа зиянды тағамдар туралы жарнама жазады.

Бағалау критерийлері

  • Тыңдалған өлең мазмұны негізінде мәліметтер жинайды.

  • Мәліметтер жинақтап, шынайы өмірмен байланыстырып жауап береді.

  • Өлеңнің мазмұнын қара сөзбен айтады.

  • Денсаулыққа зиянды тағамдар туралы жарнама жазады.

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер: мәре-финиш, мерей-честь, үлес-вклад, ұпай-балл,

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру, бейнелеу өнері

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, сабаққа қажетті құралдар, аудиотыңдалым

Бастапқы білім

қайталау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  1. Сәлемдесу. Психологиялық ахуал.

Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық

  1. Топқа бөлу. Асық арқылы бөлу


Кубизм стратегиясы бойынша қызығушылықты ояту арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

  1. Қазақстанның қандай спортшыларын білесіңдер?

  2. Сен күнде жаттығу жасайсың ба?

  3. Жаттығудың адамға қандай пайдасы бар?

  4. Спорт түрлерін ата

  5. Сен спортты жақсы көресің бе?

  6. Бақтияр Артаев кім?

  7. Қазақтың ұлттық спорт ойындарын ата

Ендеше сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Спорт, дене шынықтыру, салауатты өмір салты
М: Дұрыс айтасыңдар сабақтың тақырыбы : М.Әлімбаев «Шынықсаң, шымыр боларсың»
Сабаққа қандай мақсат қояр едіңдер:

  1. Мәтінді түсіне, мәнерлеп оқу

  2. Жаңа сөздермен танысу

  3. Жаңа сөздерді сөз тіркесі, сөйлем құрастыруда дұрыс қолдана білу.

Дұрыс айтасыңдар балалар, тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап береміз, Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кесте жасаймыз, Жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастырамыз.
Бүгін бізде 3 топ жұмыс істейді топ басшылары бағалау парақшаларына бағалау критерийлрі арқылы өз бағаларын қойып отырады.

5 минут
5 минут

2 минут


Сабақтың ортасы




Туған жер туралы жырламаған ақын кемде – кем. Солардың бірі – Мұзафар Әлімбаев. Балалар, айта қойыңдаршы осы ақынның есімімен таныспыз ба?
Қазір біз презентация арқылы Мұзафар Әлімбаев туралы қысқаша мағлұмат аламыз. Мұқият тыңдаймыз презентация бойынша тест тапсырмасын орындаймыз.
Қорытындылау Тест тапсырмасы:

  1. Қазақтың көрнекті ақыны, балалардың сүйікті жыршысы, Қазақстанның Халық жазушысы —

А) Сәкен Сейфуллин б) Абай Құнанбаев в)Мұзафар Әлімбаев

  1. Мұзафар Әлімбаев қашан дүниеге келді?

А) 1925жыл 30 қазан б) 1923 жыл 29 қазан в) 1926 жыл 5 қазан
3. Мұзафар Әлімбаев қай облыста туған?
А) Павлодар облысы б)Шығыс Қазақстан в) Алматы облысы

  1. Мұзафар соғыстан нені үйреніп қайтты?

А)өтірік айтпауды б) өлең жазуды в) Уақытты бағалауды, өмірді қадірлеуді, Отанды қастерлеуді
5.Ол қандай журналды құрды?
А) «Балдырған» б) «Қазақстан» в) «Айқап»
Дұрыс жауаптары: 1. В ; 2. Б ; 3. А) 4. В ; 5. А;
2.Сөздікпен жұмыс: мәре-финиш, мерей-честь, үлес-вклад, ұпай-балл
Берілген сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру.
Жұмбақтарды шешеді. (Үш шапалақ - бағалау)
3.Сонымен балалар қазір сендермен М.Әлімбаевтың өлеңімен танысайық.
Келесі кезекте сендер осы өлең жолдарын оқисыңдар. Мен өлеңнің кез – келген жерінен оқимын сендер жалғастырып әкетесіңдер.Осындай түрде әр топтан бір оқушы оқысын.
4.Осы өлең бойынша сергіту сәтін жүргізейік.
5. «Доп лақтыру» арқылы сұрақтар қоямын.

  1. Өлең не туралы?

  2. Өлеңге қандай тақырып қоюға болады?

  3. Жаттығу қай кезде жасалады?

  4. Сен күнде жаттығу жасайсың ба?

  5. Жаттығудың адамға қандай пайдасы бар?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет