Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ:
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықпен жұмыс:
(Т) «Айналмалы бекет» әдісі арқылы екі топқа оқулықтағы мәтінді топта оқып, талдап, келесі топпен ой бөлісу беріледі.
|
1-топ: prіnt ()
2-топ: input ()
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
Оқулықтағы ақпаратпен танысады.
Топ ішінде талқылау жүргізеді.
Топтар арасында таныстыру жұмыстарымен жалғастырады.
|
Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
|
|
(Т) №1 тапсырма.
Практикалық тапсырмада input() және print() функцияларының қолдануына талдау жасай отырып, төмендегі өрнектерді орындау жолдарына программа құрастырыңдар:
|
1-топ:
1) 352*985*25*3
2-топ:
2) 362+1206+215554+6957+628
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
input() және print() функцияларының қолдануына талдау жасайды.
Берілген есептердегі өрнектердің орындау жолдарына программа құрастырады.
|
Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
|
|
|