Тыңдалым тапсырмасы
С. «Түртіп алу» әдісі
«Ғажайып планета» мәтінін мұқият тыңда және мәтіндегі тірек сөздерді анықтап, дәптерлеріңе жазындар.
Мәтін:
Биологтың көз алдынан кештегі бір ғажайып оқиға тізбектеліп өте шықты. «Байқоңыр – 12» өзіне жүктелген тапсырманы ойдағыдай орындап.«Тұңғиық» жұлдыздар жүйесінен көтерілді. Орталық космос стансының мекен тұрағына ақша жұлдыздай зулап келе жатыр. Экипаж кемедегі жұмыстың бәрін автокосмонавтқа жүктеп, үш айлық терең ұйқыға кетті.
«Байқоңыр-12»кемесі мылқау тыныштықта космос әлемін тіліп, үнсіз жүзіп келеді. Ең ақыры әзілқой Кибер де жатып қалған.Кенет апат аппаратының кернейі сарнап қоя берді. «Байқоңыр-12» жүрісін баяулатып, кібіртіктеп қалыпты. Бұған алдымен Кибер оянды. Кибер – физикалық механикалық жасанды адам. Маңдайындағы жалғыз көзден өт шашады.Ол жапұшыра жүгіріп, механик Осиповты жұлқылады. Бүкіл экипаж аяғынан тік тұрады. Осипов электронды миды іске қосты. «Байқоңыр -12» кемесінде міндетті түрде қону керек.
Сұрақтар:
Әңгіме не туралы деп ойлайсыңдар?
Ғарышкеме қайда бет алды?
Кенетен не сарпап қоя берді? Оған кенет кім оянды?
Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер? Оларға мінездеме беріңдер?
Достарыңызбен бөлісу: |