Сабақтың тақырыбы Мен дауыс беремін Оқу мақсаты



Дата18.12.2019
өлшемі41,89 Kb.
#53759
түріСабақ
Байланысты:
0018a094-4009d4c0


Пән: қазақ тілі

Сынып: 11

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шапиева Ж.Ж.

Сабақтың тақырыбы

Мен дауыс беремін

Оқу мақсаты



Тілдік құрылымдар негізінде оқушылардың Қазақстан Парламент

депутаттарының сайлануы туралы ақпараттық ұғымын бекіту.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Қазақстан Парламент депутаттарының сайлануы туралы толық ақпарат бере алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: өз сөзімен Қазақстанда жан-жақты сипаттайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: тақырып аясында сыныптастарымен Қазақстан Парламенті, оның сайлануы, дауыс беру құқығы жайлы тілдеседі.

Алдыңғы білім

Алдыңғы сабақта өткен тақырыптарды еске түсіреді. Қойған сұрақтарға жауап береді.

Оқыту тәсілдері: Әңгімелеу, сипаттау, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, «Мен депутатпын» тренингі, «Тірек сөздер» стратегиясы, ассоциаграмма, «INSERT» стратегиясы, «Диалог» блиц ойыны, кластер, диалог- сөзталас, «Шағын шолу» тәсілі, ойсергек.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Басы

(Ой қозғау)

0-10



1. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.


«Мен депутатпын» тренингі. Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Депутат ретінде бір-бірімен ағымдағы мәселелер жөнінде тілдеседі.

Қызығушылықты ояту

Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегиясының негізінде тақтадағы плакаттарға бірнеше сөздер жазады. Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығады.

Маркерлерді пайдаланып, ассоциаграмма құрайды.


- «5» алуыңа тілектеспін!
- Сәттілік тілеймін!

Ассоциограмма.Таратпа қағаздар



Ортасы

(Мағынаны ашу)

10-25


ІІ. Мағынаны тану

1.Сөздікпен жұмыс.

Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру. Депутаттық сауал, іскер топ өкілдері. Терминдер: Фракция.



2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым.1-тапсырма. Сөзжұмбақты шешеді.

Ә) Жазылым. 2, 3-тапсырма. Сөздерді орыс тіліне аударады, сөйлем

құрайды, досына хат жазады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Айтылым.

4-тапсырма. Мәтінді талдау үшін «INSERT» стратегиясын қолдану.



«V»

«-»

«+»

«?»

«білемін»

«жаңа нәрсе»

«келіспеймін»


«түсініксіз»

Ә) Жазылым. 5, 6-тапсырманы орындатады. Жазылым. Пікірін «Төрт сөйлем» құрылымына салып жазады, сөйлемдердегі сөздерді орнына қойып жазады.

Б) Айтылым. Оқылым. 9-тапсырма. Өз пікірін дәлелдейді, сұрақтарға жауап береді,жауаптарды мәтін желісі бойынша орналастырады.

В) Жазылым. 10-тапсырма. Шағын хат жазады.

Г) Айтылым. 8-тапсырма. Өз пікірлерің дәлелдеп айтады.

Диалогті оқи отырып, әр сөйлем тұсына белгі қояды, жазғанын оқиды,

алдындағы ойларымен салыстырады.



4. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Жазылым.11-тапсырма.

Ә) Айтылым. Жазылым. 2-тапсырма. Өлеңді оқиды, мәтіндегі

анықтауыштарды табады, сөйлем құрайды. Диалогті толықтырады,

жазады.


5. Ойсергек. «Депутатпен кездесу» ойынын ұйымдастырады.

Депутатқа сауалдар дайындайды.

«Диалог» блиц ойынын ұйымдастырады. Оқушылардың арасынан тілші сайланады. Тілші әр оқушыға Қазақстан Парламенті, оның депутаты туралы сұрақ қояды. Оқушылар сұхбат береді.

Интербелсенді тақта


Түрлі түсті маркерлер

оқулық

Сызба


Тақырыпқа ат қою

Соңы 25-40

ІІІ. Сабақты бекіту

Жұптық жұмыс. Тақырып аясында диалог- сөзталас құрайды.

ІҮ. Үй тапсырмасы: 7-тапсырма

Кестемен жұмыс

Ақпарат іздеу


Бағалау 42-45

ҮІ. Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа

жазады.





Рефлексия 40-42

Мұғалім түрлі желім қағаздар таратып береді. Оқушылар сабақтан

алған әсерлерін желім қағаздарға жазып, тақтаға іледі.



Жапсырмалар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет