Мұғалім:« Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан »тақырыбында болашаққа саяхат жасаймыз.
Қр-ның президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында «Қазақстан - 2030» Стратегиясының
Қазақстан экономика мен өзінің мемлекеттігінің берік іргетасын құра отырып,дамудың жаңа кезеңіне кіруге;
Қазақстан өмір сүру сапасының өсуін ;
Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі- жан-жақты жаңғыртуды жеделдету;
Бәсекеге қабілетті- Қазақстаннның әлемдік экономика мен қазақстанды құрудың маңызды факторларын айтқанын білесіздер.
Сендер 2030 жылы неше жаста боласыңдар?
Оқушылар:27-28жас
Мұғалім :Ие,демек нағыз ақыл тоқтатқан,мектепті бітіріп,оқу орнында оқып,диплом алып,жұмысқа орналасып,әрбір мамандықтың қыр-сырын ұғатын уақыттырың.Елдің туын нық сенім,батылдықпен ұстайтын,өз еңбектеріңді елге арнар шақтарың болатын кез.
Енді өз арман ,қиялдарыңа ерік беріңдер .«Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстанды » қалай елестетесіңдер,өздерің нендей игіліктер мен жаңалықтар жасар едіңдер соны суреттердің көмегімен бейнелейсіңдер.(ҚР картасының сұлбасы беріледі.Сол бос сұлбаны өз армандарын айта отырып,дәлел ретінде ұсынылған суреттердің қажеттісімен картаны толықтырып отырады.Осы арқылы болашақтағы ілгерушіліктің нәтижесін көрнекілік көмегімен көре алады.)
Отанға , туған жерге, елге, ағайын-туысқа деген сүйіспеншілік сезімнен ерлік туындайды.
Экранда Қазақстанның картасы көрсетіледі.(Слайд)
Бос картаға әр облысқа жасалатын өзгерістер сурет арқылы енгізіліп,өз ойларын түсіндіреді.
4-Оқушы:Тәуелсіздік –қазақтығы қазақтың,
Тәуелсіздік –жойылыу азаптың.
Биіктей бер,асқақтап жомарт халқым,
Өркендей түс,аяқталды тозақ күн.
Жерімнің жаңарды да бас қаласы,
Көркейді кербез сұлу Астанасы.
Өркендеп,өрлей түсті мәдениет,
Жаңғырып,асқақтады әдебиет.
Қазақстан-асыл анам,алтын анам,тірегім,
Саған деген махаббатқа толы менің жүрегім.
Туған жреім-тәуелсіз Қазақстан бесігім,
Өркендету-басты арман-тілегім.
5-оқушы:Отаным менің –кең-байтақ Қазақстан,
Аман еткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар,қане,артық қазақтан?
О,Отаным!Құлыныңмын қойныңда ,
Өзіңменен өмірім,өзің де балаң ойым да.
Болашағың күлімдеген ертеңгі ,
Отан-Ана,мына менің қолымда.
6-оқушы:Отанымды сүйемін мен!
Жайраңдап Отанымда күле білгем.
Біз отанның ертеңгі тірегіміз
Отаннан ауа жұтқан жүрегіміз.
Егемен ,қасиетті Отан үшін,
Арлы да ,ақылды да түлегіміз.
Қыздар биі:Қазақ елі
Көрініс :Қаһарман болу үшін...
Әжесі жүн түтіп отырғанда немересі келіп,ертегі айтып беруін сұрайды.
-Әже,ертегі айтып берші.
-Ерте,ерте,ертеде қазақ елінің бір батыр,қаһарман ұлы дүниеге келіпті.
-Әже,қаһарман деген сөздің мағынасын түсіндірші.
-Қаһарман деген батыр,ержүрек,елі үшін жанын қиятын азамат адамды атайды.
-Сонда ел үшін күресетін батырларды солай атаймыз ғой,ә
-Ие,мысалы қаһарман деп Амангелді батыр,Бауыржан Момышұлын,Махамбет,Рақымжан ,Қайрат,Ләззат,Мәншүк,Әлия секілді аға-әпкелеріңді біз елдің қаһарман ұл-қыздарын айтамыз.Олар елі үшін қадірлі тұлғалар.
-Мен де өскенде қаһарман болғым келеді.Ол үшін мен соғысу ,күресуді үйренуім керек пе?
-Жоқ,алтыным.Соғыстың бетін аулақ қылсын. Сен өскенде қаһарман атануың үшін міндетті соғыса білу қажет емес .Біз қазір бейбіт,тату, егеменді елді өмір сүріп жатырмыз.Сондықтан елін сүйетін,елінің дамуы жолында үлкен еңбек етіп ,жерінің,тілінің,отанының дамуына үлес қосқан азаматтарды қазіргі кезде қаһарман атап жүрміз.Сол себепті сенең алдымен оқу оқып білім алуың керек.
-А,түсіндім сонда көп оқып ,білімді болып,отыным үшін еңбек етсем ,соның өзі мені қаһарман етеді екен ғой.
-Ой,ботам ,ақылдым сол!
Мұғалім:Осы көріністен біз не түйдік ?Біздің еліміздің болашағы жарқын болуына біз қалай үлес қоса алатынымызды айтайықшы.
Менің Қазақстаным- менің болашағым
Елім Отаным Білім алу Жерімді Тілімді сақтау Еліме қызмет ету
«Сиқырлы сандықша» сыныпқа әкелінеді. Оқушылар қолдарындағы жүрекшелерге өздерінің елге,Отанға деген жылы лебіз,тілектерін жазады да,жүрекшені сиқырлы сандықшаға салады.Соңғы оқушы өз жүрекшесін салғанда сандықшадан күннің суреті шығады.
Хор: Әрқашан күн сөнбесін
Достарыңызбен бөлісу: |