24.11.2016.5сынып
Сабақтың тақырыбы:Мен ің қалам
Сабақтың мақсаты:
Білімділік — тақырып бойынша білімдерін толықтыру, сөздік қорларын молайту, грамматикалық тақырыппен байланыстыру;
Дамытушылық — сөз тіркесі, сөйлем құрай білу қабілеттерін дамыту, ауызекі сөйлеу және сауатты жазу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік — өз туған жерін, туған өлкесін сүюге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Оқушы нені білуі тиіс: тақырып бойынша өтетін сөздерді, септік жалғауларын орынды қолдануды, диалог құрастыруды, сөз тіркесін, сөйлем құрауды білу.
Оқушы нені игеруі қажет: мәтін бойынша сұрақ құрастыруды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді игеру.
Типі: саяхат сабақ.
Түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география, әдебиет.
Әдістері: сұрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік, топтастыру.
Көрнекіліктер, техникалық құралдары: сандық.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Окушылармен сәлемдесу;
Сыныптың, тақтаның тазалығына көңіл бөлу;
Жоқ оқушыларды белгілеу, аныктау;
Окушылардың зейінін сабақка аудару.
II. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық кезеңі
Сұрақтарға жауап беру:
— Біз қай мемлекетте тұрамыз?
— Қазақстанның астанасы кай кала?
— Қазақстанның оңтүстік астанасы қай қала?
— Қандай қалаларды білесіңдер? Астана қаласының бұрыңғы атаулары.
Алматыда қандай алғашқы мұражай құрылған? Қарағанды қаласының өзінің ерекшелігі?
Атырауда не бар?
Ақтөбе қаласы қай ғасырда бой көтерді.?
— Саяхатқа өз туған жеріміз, туған өлкеміз — Петропавл жеріне аттанамыз (Қазақстан картасынан — Солтүстік Қазақстан облысының, Петропавл қаласының аумағын тауып, республиканың солтүстігінде орналасқаны жөнінде айту).
— Балалар, «Туған жер — алтын бесік» дегенді қалай түсінесіңдер? Туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесіндер?
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы.
Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
Туған жердің ауасы да шипа.
Аталған мақалдар негізінде өз туған жерін, атамекенін сүюге, мақтан етуге шақыру.
Жарайсыңдар, балалар, автобусқа отырып, саяхатқа аттанамыз.
III. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі
1-аялдама — «Сөздік алқабы». Мұнда біз жаңа сөздермен танысамыз.
Астықты өлке — хлебный край;
мәдениет — культура;
өлкетану — краеведческий;
бас көше — главная улица;
ғимарат — здание;
әмбебап — универмаг;
саябақ — парк.
— сөздерді оқып шығу;
— хормен оку, тізбектеп оқу;
— тән дыбыстарды тауып, сипаттама беру;
— сөз тіркесін, сөйлем құру;
— сәйкестендіру:
— дәптерге жазу.
2-аялдама — «Тарих беттерінен». Мұнда біз мәтінмен танысамыз, мәтінді оқып, аударамыз.
Менің калам — Петропавл қалам.
Петропавл қаласы Есіл өзенінің бойында орналасқан. Ол 1752 жылы салынған. Ол Солтүстік Қазақстан облысының орталығы. Солтүстік Қазақстан жерін астықты өлке дейді.
Петропавл — мәдениет орталығы. Онда мектептер, медицина, педагогика колледжі, университет, қазақ және орыс драма театрлары, филармония, кинотеатрлар, мәдениет сарайы, өлкетану мұражайы бар.
Конституция көшесі біздің қаламыздың бас көшесі. Мұнда әдемі ғимараттар, саябақ, әмбебап, көп дүкендер бар.
Петропавл — шағын, таза, әдемі қала.
«Кім жылдам?» ойынды өткізу.Төмендегі сұрақтарды 3-данадан топтарға бөлемін.
Петропавл қаласы қай өзенінің бойында орналасқан?
Ол қай жылы салынған?
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы қай қала?
Солтүстік Қазақстан жері қандай өлке?
Петропавлда нелер бар?
Петропавл қандай қала?
IV. Жаңа материалдан түсінгенін тексеру кезеңі
3-аялдама — «Сұрақтар сайыс». Бұл аялдамада сендер мәтін бойынша сұрақ құрастырып, жауап бересіңдер. (Оқушылар қағазға мәтін бойынша сұрақтар жазып, киіз үйге салады. Әр окушы алып, сұрақтарға жауап береді).
1.Петропавл қаласы қай өзенінің бойында орналасқан?
2.Ол қай жылы қаланған?
3.Солтүстік Қазақстан облысының орталығы қай қала?
4.Солтүстік Қазақстан жері қандай өлке?
5.Петропавл қандай қала?
6.Петропавлда нелер бар?
7.Петропавлда мектептер бар ма?
8.Петропавлда қандай колледждер бар?
9.Петропавлда неше театр бар?
10.Конституция көшесі қандай көше?
11.Конституция көшесінде нелер бар?
12.Петропавл қандай қала?
13.Саябақ қандай көшеде орналасқан?
14.Филармония қайда орналасқан?
15.Университет қай көшеде тұр?
4-аялдама — «Грамматика көпірі». Бұл аялдамада топ сұрақтарына жауап береміз.
1-топ: — Зат есім дегеніміз не?
— Барыс септігінің жалғауларын ата.
— Табыс септігінің жалғаулары қандай?
— Есіл сөзін септе (тақтада).
2-топ: — Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
— Жатыс септігінің жалғауларын ата.
— Қөмектес септігінің жалғаулары қандай?
— Мұғалім сөзін септе (тақтада).
3-топ: — Сөз тіркесін аудар
Город Петропавловск —
областной центр —
там школы, медицинский, педагогический колледж —
краеведеский музей есть —
главная улица —
много магазинов есть —
красивый город —
5-аялдама — «Тапсырмалар аялдамасы». Мұнда біз мәтін бойынша деңгейлік тапсырмалар орындаймыз.
Жасыл түсті — III деңгей. Мәтінді толықтырып оқу.
...етропавл қаласы ___________ өзенінің бойында орналасқан. Ол _____ жылы салынған. Ол Солтүстік ___________ облысының орталығы. Солтүстік Қазақстан ж...рін астықты өлке дейді.
Петропавл — ________ орталығы. Онда ________, медицина, _________ колледжі, университет, қазақ және _____ драма театрлары, филармония, кинотеатрлар, _________ сарайы, _________ мұражайы бар.
Петропавл — _______, таза, _______ қала.
Көк түсті — II деңгей. Мәтін бойынша диалог құру.
Сары түсті — І деңгей.
Петропавл қаласы туралы әңгімелеу.
V. Бекіту кезеңі
6-аялдама — «Бекіту шыңы». Кластер толтыру.
— Кластер бойынша әңгімелеу, бекіту.
VI. Қорытынды, бағалау
— Сонымен, саяхатымыз аяқталды, бүгін сабақта не жөнінде айттық, не білдік, не үйрендік? Сабақ соңында көңілдерің қандай? (Көңілді, орташа, көңілсіз).
VII. Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау, ғимарат сөзін септеу
«№4 орта мектеп» КММ
Петропавл қаласы
«Менің қалам»
5 «В» сыныбында өткізілген
ашық сабақ жоспары
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Құсайынова Арман Амангелдықызы
2016-2017оқу жылы
Менің калам — Петропавл
Петропавл қаласы Есіл өзенінің бойында орналасқан. Ол 1752 жылы салынған. Ол Солтүстік Қазақстан облысының орталығы. Солтүстік Қазақстан жерін астықты өлке дейді.
Петропавл — мәдениет орталығы. Онда мектептер, медицина, педагогика колледжі, университет, қазақ және орыс драма театрлары, филармония, кинотеатрлар, мәдениет сарайы, өлкетану мұражайы бар.
Конституция көшесі біздің қаламыздың бас көшесі. Мұнда әдемі ғимараттар, саябақ, әмбебаб, көп дүкендер бар.
Петропавл — шағын, таза, әдемі қала.
Город Петропавловск —
областной центр —
там школы, мецинский, педагогический колледж —
краеведеский музей есть —
главная улица —
много магазинов есть —
красивый город —
...етропавл қаласы ___________ өзенінің бойында орналасқан. Ол _____ жылы салынған. Ол Солтүстік ___________ облысының орталығы. Солтүстік Қазақстан ж...рін астықты өлке дейді.
Петропавл — ________ орталығы. Онда ________, медицина, _________ колледжі, университет, қазақ және _____ драма театрлары, филармония, кинотеатрлар, _________ сарайы, _________ мұражайы бар.
Петропавл — _______, таза, _______ қала.
Достарыңызбен бөлісу: |