Менің кішкентай достарым
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
1.1.1.1есту қабілетіне сүйеніп таныс дыбыстарды, музыканы тану;
|
Сабақтың мақсаты
|
Музыкалық шығарманың көіл күйін, көркемдеуші құралдарды анықтайды. Әннің мазмұнын сипаттай алады, ән айту талаптарына сәйкес орындайды.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі\уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
1-тапсырма. Зерттеу.
Мұғалім «Менің кішкентай достарым» атты жаңа сабақ тақырыбын ашу мақсатында балаларға оқулықтағы үй жануарлары салынған суретті көрсетеді. Олар жөнінде пікір алмасу мақсатында берілген мәтінді оқиды. «Балалар! Сендерді ата-аналарың кейде еркелетіп, «қозым», «ботақаным», «қошақаным», «құлыншағым» деп түрлі сүйкімді төлдердің атауымен атайды. Жануарлар мінсе – көлік, ішсе – сусын, жесе – тамақ, кисе – киім. Қазір қолға үйретілген үй жануарлары көп: қоян, тауық, ит, мысық және тағы басқа. Сондай-ақ өздеріңе таныс көптеген дала жануарлары да бар: барыс, қасқыр, түлкі, ақбөкен, суыр, тасбақа, тышқан. Олар Қазақстанда өте көп». Мұғалім оқылымнан кейін зерттеу тапсырмасына көшеді.
«Үй жануарын тауып ал» зерттеу тапсырмасы. Сурет түрінде берілген ойыннан балалар үй жануарларын табады.
|
Оқушылар «кішкентай достары» - жануарлар туралы мәтінді тыңдайды, пікір алмасады.
Балалар оқулықтағы «Үй жануарын тауып ал» ойынынан өздеріне таныс үй жануарларын атайды.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия
|
Ортасы
|
(Ұ) Әнді тыңдауға да, орындауға да болады. Балалар әуеннің ырғағын қолдарымен соғып көрсетеді. Білімдерін пысықтау мақсатында оқулықта ұрып ойнайтын аспаптарды ажырату үшін баян, фортепиано, қобыз, қоңырау, домбыра, барабан аспаптарының суреті берілген.
3-тапсырма. Орындау. Талқылау.
(М) Сабақта орындалатын ән – композитор Аблахат Еспаевтың «Ақ тайлақ» әні (өлеңін жазған: Ә.Дүйсенбиев).
Композитор жөнінде қысқаша мәлімет беріп өтуге болады.
Аблахат Смағұлұлы Еспаев (1925-1980) Қостанай қаласында дүниеге келген. Белгілі композитордың «Ортеке», «Ойлан тап», «Ұстазым менің, ұстазым» әндері – балалар музыка қорына қосқан асыл мұрасы. Мұғалім оқушылармен ән мазмұнын талқылайды. Ән мажорлы, көңілді орындалады. Мұғалім оқушының кварталық секірілімі таза орындауына назар аударуы тиіс.
|
Оқулықтағы суреттен қай аспап ұрып ойналатынын көрсетеді.
Балалар композитор Аблахат Еспаевтың «Ақ тайлақ» әнінің (өлеңін жазған: Ә.Дүйсенбиев) шумағы мен қайырмасын үйренеді.
|
|
«Музыка» оқулығы
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия
|
Соңы
|
(М.О) Балалар ән мазмұнын мұғаліммен бірге талдап, өз орындауларына баға беруге тырысады.
- Қай әуеннің тұсы дұрыс айтылмады?
- «Жылқышының әні» мен «Ақ тайлақ» әннің ырғақтарының қайсысы әнге, қайсысы марш ырғағына жақын?
(М.О) Бағалау:
-Қай әнді жақсы сипаттай алдым?
- «Ақ тайлақ» әнін орындауда қандай қиындықтар болды?
Рефлексия. «Бағдаршам»
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.
|
Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады.
|
|
«Бағдаршам» әдісі туралы
|
Оқу ісінің меңгерушісі: Оразымбетов Б.
Бөлім
|
Менің отбасым және достарым
|
Білім беру ұйымы :
|
«Қосағаш» жоббм.
|
Педагогтің аты- жөні
|
Мамырова Аширкул Кузеновна.
|
Күні
|
3011.2022ж.
|
Сынып: 1
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |