Сабақтың тақырыбы Мен және менің Отаным Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет32/35
Дата11.09.2023
өлшемі152,56 Kb.
#180710
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
1-сынып 1-2-3-4 тоқсан 472б

Шынықсаң, шымыр боласың

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.3.6 нота сауаттылығының негіздерін білу;
1.2.1.2 қарапайым музыкалық шығармашылық жұмыстарды шығару

Сабақтың мақсаты




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

1-тапсырма. Зерттеу.
Мұғалім оқушыларды шынығу дегеніміз не, оның адам өміріндегі маңызы жөнінде пікірлесуге шақырады.
«Шынықсаң, шымыр боласың» дегенді қалай түсінесің? Шынығу ол адамның суыққа, ыстыққа, түрлі қиындыққа төзімділігін арттырады.
Шынығудың түрлері көп:

  1. таза ауада серуендеу;

  2. суға шомылу;

  3. дене және спорттық жаттығулар жасау.

Күнде тұрып, шынықсаң, шымыр болып өсесің.
Сен шынығудың қандай түрлерін ұнатасың?

Оқушылар шынығуды қалай түсінетіні жайлы ойларымен бөліседі.




«Музыка» оқулығы

Ортасы

2-тапсырма. Орындау.
Мұғалім «Бәрі қызық балаға» әнінің бірінші шумағы мен қайырмасын үйретеді (өлеңін жазған: С.Тұрғынбек, әнін жазған: Д.Әбділдинов).
Көңілді, жеңіл орындалатын ән әуендік және интонациялық жағынан қиындық келтірмейді. Оқулықтағы сурет ән мазмұнын ашуға, балалар өздерінің әр күні мен демалыс уақыттарын қалай өткізіп жатқандығы туралы әңгімелеуіне ықпал етеді. Ән мәтінінің мазмұны да белсенді қозғалыстағы баланы суреттейді. Оқулықта ән мәтінінің мазмұны мен әуеніне байланысты би қимылдарының ең қарапайым түрлері берілген.
Мұғалім оқушыларға ән мазмұны мен әуенін үйренгеннен кейін түрлі дайындық қозғалыстарын жасатады. Берілген өлең жолдарының мазмұнына қарай қимыл-қозғалыстар жаса:
-әннің кіріспесінде орныңда тұрып, ән ырғағымен бірге жүріп келе жатқандай қозғалыс жаса;
-әннің бірінші жолында жылқы үстінде тізгінін ұстап тұрғандай қалыпта, ән ырғағымен өкшелеріңді көтеріп-түсіріп, қимылдар көрсет;
-екінші жолында ән ырғағымен қолдарыңды кезекпен алға созып, жүзіп бара жатқандай қимыл жаса;
-Үшінші және төртінші жолдарында қолдарыңды желкеңе айқастыра, беліңді оңға-солға ән ырғағымен бұр.
3-тапсырма.Шығармашылық. Орындау.
Келесі шығармашылық жұмыс суырыпсалма сипатында жүргізіледі. Балалар «Бәрі қызық балаға» әнінің әуенін айтыскер-жыршы –жыршы А.Рахметовтың өлең жолдарына қосып, мағынасына қарай өздері қозғалыс түрлерін жасауына болады. Жұмыс формаларын түрлі сипатта өткізуге болады: ұжымдық, топтық, жұптық, жеке.

Оқушылар қалауы бойынша жеке, ұжыммен, топта, жұпта өлең мазмұны мен әуеніне ырғақтық қозғалыстар жасайды.




«Бәрі қызық балаға» әнінің бірінші шумағы мен қайырмасын үйренеді. Ән мәтінінің мазмұны мен әуеніне қарай би қозғалыс-тарын жасайды

Соңы

Сабақ соңында балалар бәріне ұнаған ортақ қозғалыстарды таңдайды. Мұғалім музыка мен би ырғағын қозғалыста тоғыстыра отыруын назарға алғаны дұрыс. Оқушылар арасынан биге өте икемді оқушыларды топ жетекшісі ретінде таңдап, ырғағтық қимылдар жасағаны өте тиімді. Оқушылар жасаған қимыл-қозғалыстарының музыкалық ырғаққа сәкестігін бағалайды.
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.

Қойылған сұрақтарға
өз ойларын айта алады.




«Бағдаршам» әдісі

Оқу ісінің меңгерушісі: Оразымбетов Б.



Бөлім

Дені саудың – жаны сау

Педагогтің аты- жөні

Мамырова Аширкул Кузеновна.

Күні




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет