Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Берілген мәтіннің негізгі бөліктеріне өз көзқарасын білдіреді және пікірталасқа түседі. Бірлескен оқуда ақпаратты талдайды, салыстырадысипаттайды, өз сөзімен айтады.
Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен терминдер:
Интернет, оффлайн, шынайы өмір
|
Сабақтың басы
5 мин
Сабақтың ортасы
30 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Ой қозғау:
Сіздер интернетсіз бір күнді өткізе аласыз ба? (балалардың жауаптары)
Бірақ бұрын Интернет болған жоқ. Адамдар онсыз қалай өмір сүрді? Қалай сөйлескен?
Топқа бөлу:
Стикерлер арқылы сынып оқушылары топқа топтастырылады
Әлемде көптеген қызықты нәрселер орын алады. Бір нәрсені білу үшін біз Интернетті дереу пайдаланамыз. Иә, бүгінде интернет - адамзат білетін ең үлкен ақпарат көзі. Оның мүмкіндіктері: ұзақ және қысқа қашықтықтағы пайдаланушылар арасында тиімді, жылдам және қол жетімді. Интернетті қолдану тек білім беру құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар байланыс құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Адам өмірінің, тұрмысының және мәдени өмірінің барлық салаларына кірген ғаламторсыз өмірді елестету мүмкін емес. Көптеген адамдар үшін ол өмір сүре алмайтын үлкен ақпараттық виртуалды кітап болып табылады. Интернет соншалықты көп қырлы, әркім одан қажетті және қажетсіз, қызықты және пайдасыз нәрсе табады. Сондықтан Интернеттің өзіндік оң(+) және өзіндік теріс(-) жақтары бар.
Ал, қаңтар айының соңғы жексенбі күні әлемде Халықаралық интернетсіз күні (International Internet-Free Day) атап өтіледі.
Бұл мерекенің басты мақсаты-адамдарды интернет-желіден бір күнге тек қана "шынайы" әлемде өмір сүруге толығымен алаңдату, бұл күні басқа адамдармен тек "тірі" қатынас жасау немесе оны өзіне ұнайтын хоббиіне (әрине, интернетпен байланысты емес) арнау.
Постер қорғау:
1-топ. Интернеттің пайдасы
2-топ. Интернеттің зияны.
Оқушылар интернеттің адамзатқа келтірер пайдасы мен әкелер зияны жөнінде өз ойларын жазба немес сурет арқылы ақ қағазға бейнелеп, түсіндіріп өтеді.
|
Өз ойларымен бөліседі.
Топқа бөлінеді, тілектерін жазып, айтады.
https://www.maam.ru/detskijsad/klasnyi-chas-mezhdunarodnyi-den-bez-interneta.html
Әңгімені мұқият тыңдайды, топта талдап, өз ойларымен аяқтайды.
Ақ қағаз, маркер
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Интернетсіз бір күнім қалай өтер еді?
« Мақал –сөздің мәйегі» Мұнда топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, олар мақалдың түпнұсқасын табуы керек.
1-топ
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
2-топ:
1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
2. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
3. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
4. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
5. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі)
Қорытынды сөз
Біздер таңның атысы мен кештің батуына қарамай жаңа заман техникасын игеруге талпына бермей, бір сәт өзіміздің сүйікті хоббиымызбен айналысып, өзімізге қажетті іс жасауымыз қажет.Алайда «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» демекші әрдайым кез келген нәрсенің өзімізге керегін алайық, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
Білімді ұрпақ ел болашағы - демекші қарыштап дамып келе жатқан техникалық заманда, білімді ұрпақ интернеттен өзіне қажет мәліметтерді тиімді пайдаланып, Қазақстанға өзіндік үлесін қосады деп сенемін. Сондықтан интернетті қауіпсіз әрі тиімді пайдалану өз қолымызда.
|
https://infourok.ru/internetsiz-bir-kn-klastar-3027812.html
|