Пәні: Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Менің Астанам.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Астана туралы мағлұмат беру. Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту.
ә) Дамытушылығы: Астанымыздың тарихына шолу жасау арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелігі: Отан сүйгіштікке, мақтаныш сезімге, отанының патриоты бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, пысықтау,әңгімелеу.
Жұмыс формалары: Жекелей, топпен
Көрнекілігі: слайдтар, сөздіктер.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: 5-минут.
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар, бүгін бізге қонақтар қатысып отыр. Қонақтармен амандасып, сабағымызды бастайық.
Сәлемдесу. Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
- Бүгін кім кезекші ?
- Сабақта кім жоқ?
- Аптаның қай күні және нешесі? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. Менің Астанам.
Сабақтың мақсаты: Астана туралы жаңа мағлұмат алу, сөйлеу тілдерің қалыптастыру .
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
« Менің ауылым »тақырыбына шағын әңгіме жазып келу.
Қазақстан Республикасының президенті кім? Н.А. Назарбаев.
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
5. Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер? ІV. Ой түйіндеу. 2-минут. Ребусты шешу. Астана. Балалар,Қазақстанның елордасы –Астана. Астанаға саяхат жасайық. (Слайд көрсету)
V. Тарихи сипаттама. 15-минут.
Біздің Астанамызға-13жыл. Астана қаласы солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Есіл өзені жағасында.
Астана қаласының үш аты бар. Ақмола, Целиноград, Астана.
1862 жылы Ақмола деп аталды.
1962 жылы Целиноград деп аталды.
1992жылы қайтадан Ақмола деп аталды.
1996 жылы 9-қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Республикамыздың астанасы деп жариялау туралы Жарлығы шығарылды.
1998 жылы 6-мамырда « Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының елордасы- Астана қаласы деп атау туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы шықты.
Астана- болашағы үлкен қала. Мұнда әсем,зәулім ғимараттар бар. Астана нышаны- Бәйтерек. Астана әлемдегі көрікті қалалардың бірі. Астанада Президент сарайы,Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақүйі, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бар.
Астана – мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдени орталығы.