Сабақтың тақырыбы: Менің Астанам. Сабақтың мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі47,49 Kb.
#5566
түріСабақ
Күні:

Сынып: 4 «Б»

Пәні: Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Менің Астанам.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Астана туралы мағлұмат беру. Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту.
ә) Дамытушылығы: Астанымыздың тарихына шолу жасау арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелігі: Отан сүйгіштікке, мақтаныш сезімге, отанының патриоты бола білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, пысықтау,әңгімелеу.
Жұмыс формалары: Жекелей, топпен

Көрнекілігі: слайдтар, сөздіктер.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 5-минут.

- Сәлеметсіздер ме, балалар!



Балалар, бүгін бізге қонақтар қатысып отыр. Қонақтармен амандасып, сабағымызды бастайық.

Сәлемдесу. Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

- Бүгін кім кезекші ?

- Сабақта кім жоқ?

- Аптаның қай күні және нешесі?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. Менің Астанам.

Сабақтың мақсаты: Астана туралы жаңа мағлұмат алу, сөйлеу тілдерің қалыптастыру .

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

« Менің ауылым »тақырыбына шағын әңгіме жазып келу.

ІІІ. Ой толғаныс: 5-минут.
Астана – арман қала,

Бағы бар жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Астана – сұлу қала,

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында да.
Балалар, біз анамызды қалай сүйеміз,

Отанымызды да солай сүйіміз керек.

Әр адамның бір анасы, бір Отаны болады.
Сурақтар:


  1. Балалар, біздің Отанымыз ? Қазақстан

  2. Қазақстан қандай мемлекет? Тәуелсіз

  3. Қазақстан Республикасының президенті кім? Н.А. Назарбаев.

  4. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

5. Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?
ІV. Ой түйіндеу. 2-минут.
Ребусты шешу. Астана.
Балалар,Қазақстанның елордасы –Астана. Астанаға саяхат жасайық. (Слайд көрсету)

V. Тарихи сипаттама. 15-минут.

Біздің Астанамызға-13жыл. Астана қаласы солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Есіл өзені жағасында.

Астана қаласының үш аты бар. Ақмола, Целиноград, Астана.

1862 жылы Ақмола деп аталды.

1962 жылы Целиноград деп аталды.

1992жылы қайтадан Ақмола деп аталды.

1996 жылы 9-қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Республикамыздың астанасы деп жариялау туралы Жарлығы шығарылды.

1998 жылы 6-мамырда « Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының елордасы- Астана қаласы деп атау туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы шықты.

Астана- болашағы үлкен қала. Мұнда әсем,зәулім ғимараттар бар. Астана нышаны- Бәйтерек. Астана әлемдегі көрікті қалалардың бірі. Астанада Президент сарайы,Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақүйі, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бар.

Астана – мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдени орталығы.

VІ.Сөздікпен жұмыс.

Нышан- символ

Ғимарат-здание

Болашақ- будущее

Қонақүй – гостиница

Президент сарайы- Дворец Президента

Жастар сарайы – Дворец молодежи

Саяси- экономикалық – политико-экономический.

Тәуелсіз- независимый
Балалар-осы сөздермен сөйлем құрастырайық

Астана қаласының нышаны- Бәйтерек.

Астанада әртүрлі ғимараттар бар.

Астанада «Интерконтиненталь» қонақүйі бар.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет.

VІІ. Рефлексия. 3-минут. Астананың нышаны қандай монумент?

Бәйтерек (Слайд)
Сұрақ – жауап :
1.Астанаға неше жыл ?

2.Неше атауы бар?

3.Астанада нелер бар?

4.Елордамыз қандай қала?

5.Астана қайда орналасқан?

6.Астана қандай қала?

7.Астана мемлекеттің қандай орталығы?


VІІІ. Тапсырма жұмыс. 5-минут.

1-тапсырма.

Сөздерге көптік жалғауын жалғап жаз.
Қала..., ғимарат...., үй... , өзен..., университет...., қонақүй...., мемлекет....,


2- тапсырма.
Астана, мемлекет,Отан сөздерін тәуелдеп жаз.
Менің ...

Сенің ...

Сіздің...

Оның...
ІХ. Оқушылардың өлеңдерің тындау Астана туралы. 5-минут.
Х. Диалог. Оқы, өзара сөйлесіңдер.

- Сәлеметсің бе, Асқар!
- Сәлеметсің бе , Олег!
- Асқар , сен Астанада болдың ба?
- Иә, болдым.

- Айтшы Астана қандай қала?

- Астана- әдемі кала.

- Астанада нелер бар?.........................................................................

...................................................................................................................

- Сау бол!

- Сау бол!
ХІ. Қорытынды: 5-минут. Еліміздің жүрегі- Астанамыз асқақтай берсін!

Балалар, айтындаршы

- 16 - 17 желтоқсанда - қандай мереке болады?

- Адамдар бұл күні бір-біріне не сыйлайды?

- Тілек , ашықхаттарды сыйлайды.

Ендеше келген қонақтарымызды келе жатқан мейраммен құттықтап ашықхаттарымызды сыйлайық.
Сабаққа белсене қатысқан барлық оқушыларға рахмет!

Бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет