ІІ. Қызығушылықты ояту. Жаңа тақырыпқа шығу. Сұрақтарға жауап беру (жазбаша)
1. Тірек сұрақтарға жауап алу арқылы оқушыларды сөйлету:
- Сендер бос уақыттарында не істейсіңдер?
- Қандай жұмыспен айналысқанды ұнатасындар?
- Ата- аналарына көмектесесіңдер ме?
- Колледждегі қандай үйірмелерге қатысасыңдар?
- Сендер сағат нешеде оянасыңдар?
- Таңертеңгі асты нешеде ішесіңдер?
- Колледжде сабақ нешеде басталады?
- Қанша уақыт үй тапсырмасын орындайсың?
Ассоциация құру. Бос уақытта не істеуді ұнатасыз? Тауға шығу Теледидар көру Музыка тыңдау
Шаңғы тебу Коньки тебу
Кітап оқу Кинотеатрға бару Ән салу
Билеу
ІІІ. Мәтінмен жұмыс Мәтінді мәнерлеп оқу, түсінгендерін топ ішінде талқылау. Мәтін бойынша 5 сұрақтан дайындау.
Бос уақытым Біздің колледжде өте жақсы білім береді. Соған қоса колледжде әр түрлі үйірмелер бар. Сабақ біткесін оқушылар өз қалауы бойынша бос уақыттарын осы үйірмелерде өткізеді. Қыздардың көбі «Табиғат достары» үйірмесіне жазылды. Бүгін олар өз қолдарымен аквариум жасады.
Ал ұлдар футболға қатысады. Айжан мен Орал музыка үйірмесіне жазылды. Осы үйірме жақында ашылды. Біздің колледждегі өміріміз өте қызықты. Әрқайсымыз сабаққа да, үйірмелерге де белсене қатысып отырамыз.
Мен Асқар досыммен бірге «Математика әлемінде» атты үйірмеге қатысамын. Бұл үйірмеге біз сейсенбі және жұма күндері барамыз. Үйірме өз жұмысын тура сағат үште бастайды. Асқар екеуміз жуықта өткен математикалық викторинаға қатысып, жүлделі орынға ие болдық.