|
Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім Сабақтың мақсаты: Білімділік
|
Дата | 27.12.2016 | өлшемі | 11,56 Kb. | | #6076 | түрі | Сабақ |
| 3 “В” СЫНЫБЫ - Казақ тілі пәні мұғалімі: Алдабергенова Жұлдызай Мұратқызы.
МЕНІҢ КИІМДЕРІМ - Пәні: Қазақ тілі
- Сыныбы: 3 В
- Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім
- Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушыларға киімдер, киім түрлері туралы түсінік беру, жаңа тақырып бойынша сөйлесу әрекетіне жетелеу, бағыт-бағдар беру;
- Дамытушылық: Оқушылардың сауатты оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру, ақыл – ойын,білімге деген ынталарын дамыту,сұрақ - жауап беруге машықтандыру;
- Тәрбиелік: Оқушыларды киімдерін күтіп ұстауға, тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
- Сабақтың түрі: аралас сабақ
- Сабақтың әдістері: баяндау, топтық жұмыс , сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын элементтері.
- Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, қағазға жазылған сөздер.
- Сабақтың барысы:
- І. Ұйымдастыру кезеңі:
- а) Сәлемдесу;
- - Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса, ұстаздарға сәлем берейік.
- Үлкенге де сіз
- Кішіге де сіз
- Сәлем бердік сіздерге
- Құрметпенен біз
-
- ә) Сыныпты түгендеу;
- б) Мұғалім сөзі: - Біз бүгінгі сабақта сұрақтарға жауап береміз, әңгімелейміз, грамматикалық тақырыптарды қайталаймыз, жаттығуларды орындаймыз.
-
- ІІ. Үй жұмысын тексеру, сұрау кезеңі:
- 1 қатар 2 қатар 3 қатар
- Дүкен туралы Дүкен туралы Тақпақ
- әңгіме диалог
- ІІІ. Білімдерін жан - жақты тексеру кезеңі:
- Оқушылар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айлары қандай?
- Көктемде қандай мерекелер болады?
- Көктемнің бірінші айы қандай ай?
- Көктем саған ұнай ма?
- Өткен тақырыпты қайталау. Сурет бойынша сұраққа жауап беру.
- Оқу құралдары
- Сұрақ: Не? Не үшін керек?
- IV.Жаңа сабаққа дайындық, мақсат қою кезеңі:
- - Сонымен, біз өткен тақырыпта «Дүкенде» деген тақырыпты өттік.
- Дүкенде не сатылады?
- - Тағы не сатылады?
- - Егер, сен киімді дүкеннен өзіңе сатып алсаң, ол кімнің киімі болады?
- - Сонымен, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Менің киімдерім» деп аталады.
- Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
- Ендеше, дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазыңдар.
- (Дәптерге күнді жаздыру)
- Киімдерді есімізге түсірейік. (Суретпен жұмыс)
- Киімдерді үлкен үш топқа бөліп карастырамыз.
- Бас киімдер: құлақшын,тақия,бөрік,қалпақ, бөкебай.
- Киімдер: көйлек,жейде,тон, костюм,шалбар,пальто, жемпір,күрте,қолғап.
- Аяқ киімдер:бәтеңке,туфли,етік.
- Киімдер жыл мезгілдеріне сәйкес қысқы, жазғы,күзгі болады.
- Киімді күтіп кию керек. Таза ұстау керек.
-
- - Сөздікпен жұмыс. Фонетикалық жұмыс
- Таза ұстау- содержать в чистоте
- Ки (повелительная форма) –одень
- Киемін-одену
- Жуамын – мою, стираю
- Тазалаймын – чищу
- Ілемін – вешаю
- -Қазақ тіліне тән дыбыстар бар ма?
- -Кім оларды атайды?
- Ұ-дауысты,жуан
- І-дауысты,жіңішке
- VI.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:
- 1-тапсырма. Мәтінді оқы, сөйлеп үйрен.
- Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды, сосын оқушылар кезекпен мәнерлеп оқиды.
- Аударады, сұрақтарға жауап береді.
- - Бұл не?
- - Киім шкафыңда не бар?
- - Қандай киімдер бар?
- - Сен киімдеріңді қалай ұстайсың?
- - Енді, балалар, мәтіннен тәуелдеулі сөздерді табайық. Тақтаға жазайық.
- (Шкафым, киімдерім,етіктерім, туфлилерім)
- Сергіту сәті: Қолды белге қояйық
- Басты солға бұрайық
- Басты оңға бұрайық
- Бір отырып, бір тұрып
- Біз дем алып алайық.
АШЫҚ САБАҚ - 2-тапсырма. Сөйлеп үйрен. Мен, сен есімдіктерін тақтаға ілемін. Оларға сәйкес жалғаулы сөздерді тапқызып, тұсына ілгіземін.Дәптерге жаздырту.
- Мен Сен
-
- Киемін, киесің, жуамын, жуасың, тазалаймын, тазалайсың, ілемін, ілесің.
- Сөйлемдер құрату.
-
- Мұғалім: Адам киімдерін таза ұстауы керек. Кірлесе жуып, костюмін ілгішке іліп,етікті шөткілеп тұру керек. (Сурет арқылы түсіндіру)
-
- VII.Жаңа сабақты бекіту,оқушыларды бағалау кезеңі:
- «Керекті сөзді тауып айт» ойыны.
- Киім алма
- Аяқ-киім картоп
- Жеміс етік
- Көкөністер шалбар
- Бас киім тон
- Киім құлақшын
- 5-тапсырма. Сөз тіркесін құра
- Керекті сөздер:
- кітабым, компьютерім, сағатың, етігің, киімім, сызғышың, добың, дәптерім,
- қаламым, телефоным.
-
- «Неге жатады?» ойыны.
-
- Құлақшын,тақия,бөрік,қалпақ, бөкебай,
- көйлек,жейде,тон, костюм,шалбар,пальто, жемпір,күрте,қолғап,
- бәтеңке,туфли,етік.
-
- Оқушылардың сабақтағы белсенділіктерін ескеріп,бағаларын қою
- VIII. Үй жұмысын хабарлау,нұсқау беру кезеңі:
- 3 - тапсырма 173 бет, оқу, мазмұнын айту.
ҚОСЫМША
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|