Сабақтың тақырыбы: «Менің күн тәртібім»



Дата26.08.2017
өлшемі28,57 Kb.
#29346
түріСабақ
Камиева Айгул Газизовна

Подстепный №1жалпы орта білім беретін


мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
Пәні: қазақ тілі 
Сабақтың тақырыбы: «Менің күн тәртібім» 
Сабақтың мақсаты
1. Оқушылар өздерінің бос уақытын үнемді пайдалануға білімін шыңдау. 
2. Оқушыларды досын сыйлауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға, сабырлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
3. Оқушының ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру т.б. 
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту 
Сабақтың түрі: дәстүрлі 
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау 
Көрнекілігі: оқу құралдары, интербелсенді тақта 
Пәнаралық байлыныс: орыс тілі, дүниетану 
Сабақтың барысы 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу, оқу-құралдарын түгендеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру (4-тапсырма сурет бойынша әңгіме құрау)
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру (Интербелсенді тақтадан «Жандос және оның достары» мультфильмінен үзінді көрсету арқылы ашық сабақтың тақырыбын ашу)

Сөздікпен жұмыс 


Күн тәртібі - режим дня 
Ояну - просыпаться 
Күнтізбе - график 
Кесте - график 
Шешіну - раздеваться 
Таңертеңгі тамақ-завтрак 
Демаламын - отдыхаю 
Ұйықтаймын - сплю 
Ауысым - смена 
Серуендеу - гулять 
Жасау-делать
Интербелсенді тақтадан алдымен тыңдайды,содан соң мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды; 
Оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап, тізбекпен оқиды. 
Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау,сөйлемдер құрау. 

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары (Оқулықпен жұмыс)
Мәтінмен жұмыс 
1-тапсырма. Мәтінді оқы, аудар. 
МЕНІҢ КҮН ТӘРТІБІМ 
Мен сағат 7 00–де тұрамын. Таңертеңгі тамақ ішемін. Сабақ сағат 8 30-да басталады. Үйге сағат 14 00-де келемін. Бір сағат демаламын. Сағат 15 00-ден 18 00-ге дейін сабақ оқимын. Сағат 22 00 -де ұйықтаймын. 
Мұғалім оқиды,содан соң оқушылар тізбектеп оқып,аударады.

Тірек сұрақтарға жауап алу арқылы оқушыларды сөйлету: 

1. Сен нешеде тұрасың? 
2. Таңертеңгі асты нешеде ішесің? 
3. Сабақ нешеде басталады? 
4. Сабақ нешеде бітеді? 
5.Нешеде ұйықтайсың? 

Грамматикалық тапсырма: мәтіндегі «тұрамын» сөзін жекеше,көпше жіктеу.

Интербелсенді тақтадағы суретті ретімен айтып,орналастыру.

2-тапсырма.Сөйлеп үйрен.

Сағат ... тұрамын. 


Сағат ... тамақ ішемін. 
Сағат ... сабақ басталады. 
Сағат ... үйге келемін. 
Сағат ... сабақ оқимын. 
Сағат ... теледидар көремін. 

Орысша сөйлемдерді қазақшаға аудару,бастауыш пен баяндауыштың астын сызу.
Жанар убирает постель.Ученик сидит в классе.Азат делает зарядку.Ты принимаешь завтрак.Я чищу зубы.

Сергіту сәті.

Жұптасып диалог құрау.

Сөздерді сәйкестендіру,орысшаға аудару.

Күн жинаймын

Уақытты ас

Жаттығу тәртібі

Төсегімді тапсырмасы

Таңертеңгі үнемді пайдалану



үй жасаймын

V. Сабақты қорыту: 

«Не үйрендім?» және «Менің көңіл-күйім» (кесте толтыру арқылы сабақты қорыту)
VІ. Үйге тапсырма: Өз күн тәртібі туралы жазу.
VІI. Оқушылардың жауабын, білімін бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет