Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау арқылы бағалау
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпаратпентанысады.
|
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма: Жұмбақтың шешуін тап.
Әйгілі барша әлемге,
Жалғыз-ақ ол бұл әлемде.
Киімі түгел алтыннан,
Біздің елден табылған.
2-тапсырма:Оқулықта 6-тапсырмада берілген мәтінді оқы. Бірге және дефис арқылы жазылатын сөздерді теріп, дәптеріңе жаз.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Жұмбақтың шешуін табады.
2.Оқулықта 6-тапсырмада берілген мәтінді оқиды. Бірге және дефис арқылы жазылатын сөздерді теріп, дәптеріне жазады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
3-тапсырма: Сөйлемдерді мағынасына қарай толықтырып жаз. .Домбыра – қазақ халқының ... аспабы. Домбыра ... , ... , ...
тәрізді ағаштардан жасалады. Домбыраның құрылысына ... , ... ,
... , ... , ... , ... , ... жатады.
Керекті сөздер: ұлттық, үйеңкі, басы, құлағы, пернелері, мойын, шанақ, қарағай, тиек, емен, ішектері.
4-тапсырма:«Қазақстанның ғажайып мұралары» тақырыбына эссе жазу үшін тезистік жоспар құр. Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келіс/келіспеу себептерін айқын көрсетіп жаз.Үлгі:a) Кіріспе бөлім: тезистік сөйлемнен тұрады (ойды дәлелді
жазу).
ә) Негізгі бөлім: абзацтардан құралады (тақырыптан ауытқымау).
б) Қорытынды бөлім: айтылған ой қорытылып жазылады
(мазмұндық жүйені сақтау).у/келіспеу себептерін айқын көрсетіп жаз.
Дескриптор: Жалпы - 4 балл
3.Сөйлемдерді мағынасына қарай толықтырып жазады.
4.«Қазақстанның ғажайып мұралары» тақырыбына эссе жазу үшін тезистік жоспар құрады . Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келіс /келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|