Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: Ефимовка негізгі мектебі



Дата12.03.2018
өлшемі82,23 Kb.
#39217
түріСабақ
Солтүстік Қазақстан облысы

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы

Ефимовка негізгі мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мустафина Гульсим Муратовна

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым

Сабақ: Қазақ тілі

Мектеп:Ефимовка негізгі мектебі

Күні:

Мұғалімнің есімі: Мустафина Г.М

Сынып:1

Қатысқандар саны:10

Қатыспағандар саны: 0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

Т:1.1.3.1. Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру,сәйкес иллюстрация,сызба таңдау.

А: 1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрастыру.

О: 1.3.1.1.Таныс сөздерді тұтас оқу.

Ж: 1.4.2.1. Мұғалімнің көмегімен оқыған/тыңдаған/аудиовизуалды материалдар бойынша таныс заттардың атауын жазу.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Мәтінді оқи алады, түсінеді.

  • Қазақ тілінің төл дыбысы бар сөздерді дұрыс оқиды.

  • Сұрақтарға сурет бойынша жауап береді.

  • Кесте бойынша 1-2 жақ тәуелдік жалғауларын қолданады. (-м,-ң)

  • Отбасы мүшелерін қазақша –орысша атайды, есінде сақтайды.Отбасы тақырыбына сәйкес иллюстрацияны тауып алады, дәптермен жұмыс жасайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Жұппен жұмыс. Сұрақтарға жауап береді.

  • Жазбаша жұмыс. Өз отбасы туралы жазады.

Кейбір оқушылар:

  • Бірлік – ондық сандарды атайды, сәйкестендіреді, қолданады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Оқушылар орындай алады:

  • Сөйлесу барысында тәуелдік жалғауларды мұғалімнің көмегі/үлгісі бойынша ажырата алады;

  • Бір – бірімен сұхбаттаса алады; (диалог)

  • Сан есімдерді қолданып сөз тіркесін құра алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

ата,әже,әке,ана,аға,іні,қарындас

Алдыңғы оқу


  • Отбасы мүшелері туралы айта алады;

  • Бірден онға дейінгі сандарды біледі;

  • Мектепке қатысы бар сөздерді кеспелердің ішінен тауып,қалташаға салу.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт


Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)


Ресурстар

2 мин


5 мин

Жаңа сабақ.Амандасу. Шаттық шеңбері.

Балалар қол ұстасып тұрып мұғалімнің артынан қайталайды.

Армысыңдар аналар!Армысыңдар әкелер!

Қайырлы таң, аталар!Қайырлы таң, әжелер!

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, мұғалім!

Балалар видеоны тамашалап, сабақтың тақырыбын өздері анықтайды. /«Стопкадр» әдісін /

1-тапсырма «Топтастыру» стратегиясы арқылы Отбасы қандай? сұрағына жауап беру (топтық жұм.)
2-тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс: мынау, отбасы, үлкен, шағын, отбасы мүшелері.

Сөз тіркестерін құрастыру: Менің отбасың, отбасым үлкен,

Сөйлем құрастырады: Менің отбасым үлкен. Бұл - менің әкем/анам. Оның аты - ... . Ол күшті; (жұптық жұмыс)

Қ\б: «Құрастыр, сосын жауап бер» ( б-б бағалайды)


АКТ (Видео)

АКТ


Отбасы мүшелерінің суреттері

3 мин

10 мин


5 мин

2 мин


5 мин
5 мин

3 тапсырма. Тыңдайды, оқиды, қайталайды.

Мәтінді оқиды, түсінеді, сурет бойынша сөйлемдерді оқып береді.(топтық жұмыс)

Сөз тіркестерін қазақшаға аударып диаграмманы толтыру.

Мой дедушка, моя бабушка, мой папа, моя мама.

Қ/б: Смайлик арқылы бағалау.
4 тапсырма. 1. Суретті қолдана отырып, мәтіннің мазмұнын айту.

2. Грамматика. Кесте бойынша 1,2 жақ тәуелді жалғауларын білу (-м,-ң). Түймедақ әдісін қолдану

(топтық жұмыс)

-Мынау – менің атам.


-Мынау – сенің әкең.
-Мынау – менің шешем.
-Мынау – сенің ағаң.
-Мынау- менің қарындасым.
Жетістік критерийлері:

Отбасы мүшелерін атау;

Отбасы мүшелеріне 2 – 3 сөйлем құру;

Сурет бойынша мәтінді әңгімелеп беру;

Сұрақтарға жауап беру;

1,2 жақтың тәуелдік жалғауларын қолдана алу;


Қ/б: Өзара бағалау. Математикалық фигуралар

6 тапсырма. Берілген сұраққа өздігінен жауап беру. (жұптық жұмыс)

Оқулық пен сурет

Графикалық органайзер

дара диаграммасы

(3 дана)


Түймедақ жапырақшалары

Кесте


Суреттер

Сандар бойынша қима қағаздар

Саты 3 дана

Гүл шоғы


Ойлау деңгейлері

Бағалау критерийлері

Білу

Түсіну


Отбасы мүшелерін атайды.

Сұрақтарға жауап береді.



Тапсырма:

С д. Сұрақтарды оқы.

В д. Отбасы мүшелерін ата.

А д. Сұрақтарға жауап бер.



  • Сенің ағаң бар ма?

  • Сенің әпкең бар ма?

  • Сенің інің бар ма?

  • Сенің қарындасың/ сіңлің бар ма?

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Балл

Отбасы мүшелерін атайды.
Сұрақтарға жауап береді.

Отбасы мүшелерін атай алады; (аға, әпке, іні, қарындас, сіңлі)

Кесте бойынша сұрақтарға жауап бере алады;

Тәуелдік жалғауын қолдана алады;


1

1

1



Кері байланыс: «Көршіңізге айтыңыз» әдісі арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін бір – біріне сұрақ қоя отыра тексереді.

Қ/б: «Бағдаршам» әдісі өзін – өзі бағалау.
7 тапсырма.Өз отбасы туралы үлгі бойынша толықтырып жазу. (жеке жұмыс)

Менің отбасым.

Менің атым - ... . Менің отбасымда ... адам бар. Олар: ..., ..., ... .

Қ/б:


8 тапсырма. Сандарды оқу, сәйкестендіру, кері санау. Сандарды қолданып сөз тіркестерін құру.(жұптық жұмыс)

Қ/б: Жетістік сатысы. Өзара бағалау































9 тапсырма. Үлгі бойынша сан есімдерді қолданып сөйлем құру. (Жеке жұмыс)

Қ/б: Ең үздік жұмысқа гүл шоғын береміз.



Аяқталуы

3 мин



Кері байланыс:

«Отбасы ағашы»

  • Әр суреттің астында тақырыпқа байланысты сұрақтар.

Ата - Бұл суреттегі кім? (Бұл менің атам.)

Әже - Көп нүктенің орнына сөзді қою.

Менің отбасымда .... адам бар.



Әке - Менің отбасымда ...,...,...,... бар.

Ана - Көп нүктенің орнына дұрыс жалғауды қою.

Менің ата.... Сенің ата ....



Әпке – Сенің әпкең бар ма?

Аға – Сандарды ата. 5, 8, 10.

Мен – Сенің інің неше жаста?





Қосымша ақпарат: Интернет ресурстары,көрнекілік құралдар.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет