«Менің отбасым» мәтіні бойынша «Бала тілімен» ойынын өткізіңдер.
Мысалы.
Бірінші бала: Еінші бала:
Ол менің әкемнің анасы ол алпыста
Ол көп ертегі, әңгіме біледі ол ақылды, әдемі, жақсы адам
Сегізінші наурызда біз оны бізге дәмді тамақ пісіреді
құттықтаймыз онын немерелері бар
Ол кім? Ол кім? (әже)
Мен оны жақсы көремін,
ол да мені жақсы көреді
демалыс күндері мен, мамам, ..... қонаққа, саябаққа барамыз.
Ол маған балмұздақ әпереді. Ол кім? (әке)
2.Жазғы демалыста
Биыл жаз өте ыстық .Мен Азат досыммен бірге «Достық» балалар лагеріне бардым.
Лагерьде мен өзіме көп достар таптым. Демалыс орнында біздің Айман тәте жетекшіміз әртүрлі қызықты жарыстар ұйымдастырды.Біз суға шомылдық , қызықты ойындар ойнадық. Лагерьде қазақ тілі үйірмесіне қатысып ,мемлекеттік тілді жақсы меңгеруге тырыстым.Маған осы жазғы демалыс өте ұнады.
Келесі жылы біз достарымызбен кездесуге уәде бердік.
Сөздік:
Биыл-В этом году
Әртүрлі-Разные
Үйірме-Кружок
Меңгеру-усвоить
Жарыс- Соревнование
Кездесу-Встретиться
Тапсырмалар:
1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар құрастыр.
2. Сөйлемді аяқта. Лагерьде суға шомылып, ойын .....
3. «Жетекшіміз» сөзін буынға бөліп, буын түрлерін анықта.
4. «Ойыншық» сөзін сөз құрамына қарай талда.
5. «Менің жазғы демалысым қалай өтті?» тақырыбына эссе дайында.
6.Мына суретті сипатта.
7. Түсіп қалған сөзді ағылшынша ,қазақша, орысша жаз: ...... теңгең болғанша, .... досың болсын.
3.Менің досым.
Менің досым бар.Оның аты - Назерке. Ол алтыншы сыныпта оқиды.Менің досым - өте жақсы адам.Оның көзі қара ,шашы қалың, бойы ұзын.Назеркенің мінезі сыпайы,үлкендерді сыйлайды,кішіге ізет көрсетеді.Оның ермегі - би билеу,ән айту.Назерке - нағыз адал дос.Әрқашан қиын жағдайда досым жанымнан табылады. Мектепте белсенді оқушылардың бірі,сабақты жақсы оқиды.Бос уақытымызда досымыз екеуіміз кітап оқимыз,серуендейміз .Ол- ең сенімді дос.
Сөздік:
Жақсы адам-хороший человек
Сыйлайды-Уважает
Ермек-Увлечение
Нағыз-Самый
Жағдай –Ситуация
Белсенді –Активный
Серуендеу-Прогуливаться
Тапсырмалар:
1.Мәтінді мазмұнда.
2.Мәтіннің ішінен сын есімдерді теріп, дәптеріңе жаз.
3.Мына сөздерді достықпен қалай баланыстырар едің? Адал, сенімді, бақыт.
4Адал достыққа тиісті сөздерді теріп жаз. Өтірікші, мейірімді,қайырымды,адал,тұйық мінезді,ашық.
4Адал достыққа тиісті сөздерді теріп жаз. Өтірікші, мейірімді,қайырымды,адал,тұйық мінезді,ашық
5.Адал дос болу үшін адамда қандай қасиеттер болу керек?Осы тақырыпқа әңгіме жаз.
6Түсіп қалған сөзді анықта . Адам досымен,ағаш........мықты .
4. Ақша
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші бепгісі –ұлттық валюта . Ақша –асыл қазына, халық байлығы .
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған . Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған .
Ұлттық валютамыз 1993 жылы қарашаның 15-інен бастап айналымға еңгізілді . Теңге –Қазақстан Республикасының бірден – бір заңды төлем құралы .
Теңгенің 16 –ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар .Теңге –біздің дербес ел болғанымыздың белгісі . Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру . Ұлттық валюта –еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі . Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді .
Сөздік:Құпия белгі-секретный знак
Дербес ел- суверенное государство
Қамтамасыз ететін -обеспечивающий
,
Тапсырмалар:
1.Мәтінді аударып,қысқаша мазмұнын айт.
2.Үстеулердің түрлерін ажыратыңдар. Тұра,Амалсыздан,әншейін,сонша,аса,өте,нағыз,бірталай.
3.Мына валюталар қай елдің ақшасы екенін сәйкестендір.
Болгария иена
Жапон лев
Үндістан сом
Қырғызстан лира
Өзбкстан рупи
Түркия сум
Қытай тугрик
Монғолия юань
Ресей теңге
Қазақстан рубль
4. Оқушылар бір – біріне сұрақ қояды.
«Ақша» деген сөзбен сөйлемдер құрастыру.
Ірі Жинау
Ұсақ Сатып алу
Темір АҚША Алу
Қағаз Беру
Айырбастау
Жасау
Сақтау
5. Мына сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау:
а. Ұлттық ақша мемлекетіміздің дербестігін білдіреді.
ә. Біз тауарды ақшаға сатып аламыз.
б. Менің досым менен ақша алды.
1. Ұлттық ақша ненің белгісі?
2. Қазақстанның ұлттық ақшасы қалай аталады?
3. Ол қашан шықты?
4. Теңгеде кімнің бейнесі салынған?
.
1. Қазақстанның ұлттық ақшасы туралы әңгімелеу.
2.. Қосымша тапсырма.
«Денсаулық - ақшадан қымбат» деген тұжырымға өз пікірлерін білдіру.
5. Азық –түлік дүкенінде.
Азық-түлікті үлкен дүкендерден және шағын дүкендерден сатып алуға болады.Біз күнде нан, сүт, тәтті тоқашты шағын дүкеннен аламыз. Аптасына бір рет біз үлкен әмбебап дүкеніне барып,азық- түлік сатып аламыз.Үлкен дүкенде азық- түліктердің бағасы арзан.Әмбебап дүкеніне машинамен барамыз. Көлігімізді автотұраққа қойып кетеміз. Үлкен дүкенде бәрі бар.
Ет бөлімінде ет, тұшпара, әртүрлі шұжықтарды сатып алуға болады.
Балық бөлімінде балық,уылдырықтар сатылады.Сүт бөлімінде сүт,айран, май,йогурт, ірімшік бар.Кондитерлік бөлімде әртүрлі кәмпиттер,бал,тәтті тоқаштар сатылады. Алынған заттар үшін қолма қол ақшамен немесе несие картасымен төлем жасауға болады.
Сөздік:
Шағын-не большой автотұрақ- автостоянка
Күнде-каждый день бөлім -отдел
Арзан- дешевый уылдырық-икра
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1. Мәтінді түсініп оқыңдар,сұрақтар құрастырыңдар.
2.»Дүкен» деген сөзді қалай елестетесіңдер? Кластер сызыңдар
Дүкен
3.Берілген сөздердің лайықты тіркесін табыңыздар.
Несие дүкен
Ата-анаммен картасы
Шағын бардым
Бөлімінде ет
4. «Әмбебап» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыздар.
5.Дұрыс Бұрыс
А. Азық-түлік дүкенінде киім сатып алуға болады.
Ә. Азық –түлік дүкендері шағын да,үлкен де болады.
Б. Ет бөлімінде нан, сүт,кәмпит сатып алуға болады.
В. Үлкен дүкендерде тауар аз болады.
Г.Көлікті автотұраққа қоямыз.
Д.Алынған заттар үшін ақша төлейміз.
5.Зат есімдерге көптік жалғауларын жаз.
Дүкен, тұтынушы,сатушы, тауар, кассир,өнім, көлік. (дар-дер,тар-тер,лар-лер).
6.Мына суреттерді сөйлет.
?
?
? ?
Нан ?
7. «Азық- түлік дүкенінде»тақырыбында сұхбат дайында.
6. Астана қаласы
. Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан 70 метр және одан да зәулім үйлер көп. біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған .
Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.
Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.
Зәулім үйлер
Бәйтерек
Ақ Орда
Сөздік:
Елорда-столица, центр страны
Ұсыныс –предложение
Зәулім-высотный
Көңіл –настроение
Халық-народ
Күш-сила
Шешім-решение
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1.Мәтінді оқып, аударыңыздар.
2.Сұрақтарға жауап дайындаңыздар:
А.Астана қаласы қай мемлекеттің Елордасы?
Ә.Астана қаласы қай жылы құрылды?
Б.Астана күні қай күні аталып өтеді?
В.Бұл қалада нелер бар?
Г.Астана қаласында қандай өзен ағады?
3.Мына сөздерді сөз таптары бойыша кестеге орналастырыңдар.
Қала, зәулім, көшті.өзен, 1997,тез.
Сын есім
|
Зат есім
|
Сан есім
|
Үстеу
|
Етістік
|
|
|
|
|
|
7. Қазақстан жері
Қазақстанның жер бедері алуан түрлі . Онда жазықтар, биіктігі орташа және биік таулы аудандар кездеседі . Ойпатты жерлеріне жататындар: Каспий маңы ойпаты, Батыс Сібір жазығы . Жазық жерлер еліміздің көп бөлігін алып жатыр . Көтеріңкі биік жерлерінде қыраттар мен үстіртер:
Бетпақ Дала, Жалпы Сырт орналасқан . Ұлан –байтақ жеріміздің 40 пайызы – өзен , көл, теңіз, ал 10 пайызы таулы жер . Еліміздің жер көлемінің үлкендігі, бедерінің алуан түрлілігі Қазақстан жерінің ерекшелігі .
Сөздік:
Бедер-рельеф
Алуан- множество
Ұлан –байтақ –обширная
Жазық –равнина
Қырат –возвышенность
Ойпат -низменность
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1.Мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыздар.
2. Мәтінді оқу; не түсінгендеріңді тірек сызба бойынша айтыңдар .
ҚР жері
Ойпаттар Жазықтар Қыраттар
Каспий Батыс Сібір жазығы Бетпақ Дала
Маңы ойпаты Жалпы Сырт
3.Мақалды дұрыс құрастыр.
а. Отансыз,ормансыз,адам,бұлбұл.
ә.Бесік,ел,,алтын,іші.
б.Оттан да, Отан, ыстық.
в.-Жұмақ,өз ,әркімнің, ,жері.
4.Өткен шақта тұрған етістіктерді келер шаққа қойып жазыңдар:
Бардым, жаздым,оқыдым,тудым, өстім, тамашаладым, жүгірдім, алдым.
Мысалы: Бардым-барамын.
5. Берілген сұрақтарға жауап дайында:
а .Қазақстан жері қандай жер?
б.Қазақстан жері немен ерекшеленеді?
в .Еліміздің оңтүстігінде нелер өседі?
г .Қазақстан қандай мемлекет?
6.Бос орынды толтырыңдар.
Менің туған жерім Біздің
Сенің Сендердің
Сіздің Сіздердің
Оның Олардың
6 . «Кең-байтақ жерім-Қазақстаным» тақырыбында эссе жазыңдар.
8. Ұлттық ойындар
Қазақ халқының тұрмысы,салт-дәстүрі,ойындары көбінесе төрт түлік малмен байланысты болды. Олар ойынға мал сүйегін, қой құмалағын пайдаланған . Мысалы,мынадай ұлттық ойын түрлері бар: «Асық», «Ақсүйек», «Тобық», «Ханталапай», «Тоғызқұмалақ», «Көкпар», «Қыз қуу», «Бәйге», «Күрес».
Ойын адамның жылдамдылығын, шапшаңдығын ,логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Қазіргі таңда мектеп оқушылары арасында «Тоғызқұмалақ» ойыны сайыс түрінде өтіп тұрады. Қазақ халқының ұлттық ойындарында философиялық мағына жатыр.
Сөздік:
Тұрмыс-быт
Мал сүйегі-кость животного
Асық-альчик
Жылдамдылық-быстрота
Шапшаңдық-ловкость
Философиялық мағына-философский смысл
1.Ұлттық ойындарды ассоциация арқылы көрсет.
Ұлттық ойындар
2.Сұхбатты толықтыр:
-Сен төрт түлік малды білесің бе?
-Иә, ...... .
-Атап шықшы.
-Олар: ...., ..,.....,...,....,.... .
-Ежелде қазақ халқы немен айналысқан?
-Ежелде қазақ халқы........ айналысқан .
-Қазақ халқының қандай ұлттық ойындарын білесің?
-Мен «Ханталапай»,.......,........ білемін.
-Ұлттық ойындар көбінесе неге байланысты болды?
-Ұлттық ойындар көбінесе............ байланысты болған.
3 . Тест сұрақтарына жауап беріңдер:
1Ұлттық ойынның атауын тап.
а .ханталапай
ә .шаңғы тебу
б .шанамен сырғанау
2.Етістік қандай сұраққа жауап береді?
а .кім? не?
ә .неше? қанша?
б .не істеді? не қылды?
3.Етістіктің неше шағы бар?
а .2
ә .5
б . 3
4. «Қыз қуу» қай халықтың ұлттық ойыны?
а .татар
ә . орыс
б . қазақ
5.Өткен шақта тұрған етістікті тап.
а .сату
б .сатушы
ә.сатты
6.Еңбек деген сөздің синонимін тап.
а .жұмыс
ә .мамандық
б .қызмет
7.Күрделі сан есімді көрсет.
а .оныншы
ә .он
б .он бір
8. Қойдың төлі.
а .құлын
ә .қозы
б .бота
9.Ойын сөзінің аудармасын тап.
а .танец
ә .игра
б .вязание
10.Жіктік жалғауының үш жағы бар. Дұрыс па?
а .иә
ә . жоқ
4.Мына сөздерді қазақшаға аудар.
Игра-
Народная-
Воспитывает-
Ловкость-
Логическое мышление
5. Шағын әңгіме құраңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |