Дидактикалық ойын «Дауысынан таны».
Мақсаты: Дыбыстарды дұрыс, анық айтуға үйрету.
Шарты: Балаларды екі топқа бөліп бірі тындаушылар, бірі жасырушылар болады. Жасырушылар шамылдықтын артында отырып қолындағы ойыншықты дайыстап айтады, тындаушылар қандай дауыс шығып тұрғанын анықтап атап беру керек.
Тәрбиеші: Балалар, ойыншықтар қандай болады?
Тәрбиеші: екі машина түрлерін көрсетеді.
(үлкен машина, кішірек машина)
Тәрбиеші: үлкен, кішірек ойыншықтар болады.
Дидактикалық жаттығу: «Үлкен-кішкентай»
Тәрбиеші: Балалар, қолдарындағы ойыншықтарынды айтып беріңдерші
«Үлкен қуыршақ-кішкентай қуыршақ».
«Үлкен машина-кішірек машина».
«Үлкен қоян-кішкентай көжек».
«Үлкен дауылпаз- кішкентай дауылпаз».
Тәрбиеші: Балалар, ойыншықтар көп болған жақсы, ал ойыншықтар тағы қандай болады?
Дидактикалық ойын: «Сенің ойыншығын қандай?»
Мақсаты: Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен толықтыру.
Шарты: Арбадағы ойыншықтарды балаларға таратылады.
Тәрбиеші:
Қол ұстасып, тұрайы,
Үлкен шеңбер құрайық.
Бір-бірімізге қарайық,
Күліп ойын бастайық!
Деп балаларды жауапқа тартады.
Мысалы: Мынау қуыршақ. Мынау басы, екі көзі, екі аяғы, екі қолы бар. (егер балалар қиналып жауап бере алмаса, тәрбиеші түсіндіріп көмектеседі; киімнің түсімен шашына назар аударады; қуыршақпен қалай ойнайтынын түсіндіреді)
Тәрбиеші: жақсы балалар.
Тәрбиеші: Аю сен мына ойыншықты танисың ба? (дауылпазды көрсетеді)
Аю: жоқ
Тәрбиеші: Балалар, сеңдер мына ойыншықты танисыңдар ма?
Тәрбиеші. Дұрыс
Тәрбиеші: дауылпаз қандай?
Қандай дыбыс шығарады, кәне естіп көрейікші. (дауылпазға соғады)
«Бам-бам-бам».
«Бим-бим-бим».
«Бум-бум-бум».
«Бом-бом-бом».
«Бым-бым-бым».
«Бим-бим-бим».
«Бэм-бэм-бэм».
«Бем-бем-бем».
Тәрбиеші (балаларға қағазға салынған дауылпаз суретін таратады)
Сұқ саусақтарымен дауылпазға соғамыз:
Достарыңызбен бөлісу: |