Мотивациялық –қозғаушы
|
Тәрбиеші: Есік қағып (ересек адам аюдың киімін киіп) кіреді. Қолында ойыншық арбаға тиелген неше түрлі ойыншықтар (арбада көлемі, түстері, қандай материалдардан жасалған әр-түрлі ойыншықтар салынған: қуыршақ, машиналар, үйрек, тауық, ит, мысық, дауылпаз, керней, паровоз)
Аю: сәлеметсіздер ме балалар!
Тәрбиеші: балалар, қараңдар бізге аю қонаққа келген сияқты кәне қарайықшы: балалар тәрбиешімен топқа келген аюға қарап амандасады.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе! Сіз кім боласыз?
Тәрбиеші: қайдан жүрсіз?
Аю: Мен орманда жидек теріп жүргем, бір уақытта мына арбаны көрдім, ішінде толған бірденелер, білмеймін, ойладым мүмкін сеңдерге керек болар?
Тәрбиеші: Кел аю шаршаған боларсың, демінді бас. (аюды ортаға шақырады)
Тәрбиеші бір белгі беріп балаларды екі орталыққа бөліп бірі шығармашылық орталығына барады, бірі кітап орталығына барады.
|
Балалар тәрбиешімен жарты шеңбер бойы тұрады
Балалар аюмен амандасады
Шығармашылық орталығындағы балаларды екі топқа бөліп дайын екі панога өздері ұнататын ойыншықтарды жапсырады (балалардың алдында бірнеше ойыншықтар үлгілері тұрады және оларға басқа жағына жабысатын «липучка» тәрізді лентасы жабысқан ойыншықтардың пішіндері болу керек: мұнара болса – қызыл, сары, көк, жасыл, сопақшаға тәрізді пішіндер болу керек; жеңіл көлік- кабинасы, кузовы, донғалақтары болу керек.)Балаларға тапсырма: берілген үлгіден бір ойыншықтын макетін құрастырп беру керек. Сонында екі панно болып шығу керек.
|