Сабақтың тақырыбы: Менің туған күнім Сабақтың мақсаты: Білімділігі



Дата29.01.2018
өлшемі36,9 Kb.
#36119
түріСабақ

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 3

Күні: 14.01.2017.

Мұғалім: Режабова Ж.Н.

Сабақтың тақырыбы: Менің туған күнім

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: өзінің туған күні қашан екенін айта алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру.

Дамытушылығы: оқушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, олардың шығармашылық қабілетін дамыту. 

Тәрбиелік: сыныптастарымен достық қарым – қатынасқа ұмтылу.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, әңгімелеу, түсіндіру

Көрнекіліктер: үнтаспа, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырылу кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

- ...

-Бүгін сыныпта кім кезекші?



- ...

- Бүгін нешесі, аптаның қай күні?

- ...

- Бүгін ауа-райы қандай?



- ...

- Қандай жыл мезгілі?

- ...

ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Кеспелер»


  • Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

  • ...

  • Бір жылда неше ай бар?

  • ...

  • Қыста неше ай бар?

  • ...

  • Көктемде неше ай бар?

  • ...

  • Жазда неше ай бар?

  • ...

  • Күзде неше ай бар?

  • ...

  • Қандай айлар?

ІІІ. Жаңа сабақ. (Суреттерді көрсетіп, ән тыңдау)

  • Мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?

  • Мына ән қай уақытта айтылады?

Сөздік жұмыс:

туған күн – день рождения




1-тапсырма. Суретке қара. Тыңда, қайтала.

Бүгін менің туған күнім


2-тапсырма. Кесте бойынша жаз.

Бүгін менің туған күнім

Бүгін сенің туған күнің

Бүгін сіздің туған күніңіз

Бүгін оның туған күні
3-тапсырма. Сұраққа жауап бер. (Оқушылар туған күндерінің қай жыл мезгілінде екеніне жауап береді).

Сенің туған күнің қашан?

Менің туған күнім жазда

Менің туған күнім қыста

Менің туған күнім күзде

Менің туған күнім көктемде
4-тапсырма. Толықтырып айт. (Оқушылар өздерінің туған күндерінің қай айда екенін айтады.)

Менің туған күнім ...


наурызда

сәуірде

мамырда

маусымда

шілдеде

тамызда

қыркүйекте

қазанда

қарашада

желтоқсанда

қаңтарда

ақпанда




5-тапсырма. Салыстырып оқы. (Туған күндерінің қай күні екенін айтады).

Бір-бірінші

Екі-екінші

Үш-үшінші

Төрт-төртінші

Бес-бесінші

Алты-алтыншы

Жеті-жетінші

Сегіз-сегізінші

Тоғыз-тоғызыншы

Он-оныншы




ІV. Сабақты қорытындылау. «Туған күн» әнін қазақша айту.

V. Үйге тапсырма. 88 бет 6-тапсырма.

VI. Бағалау.

VII. Қоштасу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет