ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Айналмалы дөңгелек» әдісі.
Айналмалы дөңгелектен есімдері таңдалған оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1. Галогендер сутекпен әрекеттесіп қандай қосылыс түзеді?(Қышқыл)
2. Физикалық және химиялық қасиеттерінің ұқсастығы бойынша біріктірілген элементтер тобы қалай аталады? (табиғи топтар)
3. Инертті газдардың периодтық жүйедегі орнын көрсет? (VIII A топта)
4. І А топша элементтерінің «сілтілік металдар» деп аталу себебін түсіндір? (Сумен өте шабытты әрекеттесіп сілтілер түзеді, сондықтан «сілтілік металдар» деп аталады)
5. Галогендерде атомдық номері артқан сайын бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді? (әлсірейді)
6. Бейметалдардың оксидтері қандай оксидтер болып табылады? (қышқылдық оксидтер)
Дискриптор Білім алушылар: «Айналмалы дөңгелек» әдісін қолданады.
Сұрақтарға жауап береді .
Қ.Б «Ауызша бағалау»
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру. Сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты ашу.
1. Қандай заттар электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеттері жоғары, жылтыр болып келеді ?
2. Әртүрлі агрегаттық күйде болатын, периодтық кестенің оң жақ бөлігінде орналасқан, жылу мен электр тогын өткізбейтін заттар?
XIX ғасырдың екінші жартысында химиялық элементтердің 60-тан астамы белгілі болып, ал олардан алынған заттардың алуантүрлілігі ғалымдарды элементтердің қасиеттерін зерттеуге, олардың бәріне тән ортақ қасиеттерін табуға жетеледі. Элементтерді өздеріне тән ортақ ұқсастықтарына байланысты металдарға және бейметалдарға бөлуге болады.
Металлдар
Металл – сыртқы қабатындағы электрондар саны аз және оларды беріп жіберуге бейім элемент. Барлық металдар (сынаптан басқа) қалыпты жағдайда қатты болып келеді. Бірақ олардың беріктігі әртүрлі. Көпшілік металдардың балқу температуралары (сілтілік металдардан басқа) жоғары болады. Таза күйінде жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, тапталғыш болып келеді, металды ысып тазалағаннан кейін жылтырайды.
Бейметалдар
Металдармен салыстырғанда бейметалдардың сыртқы қабатында электрондар саны көп болады. Кестеде топ бойынша төменнен жоғары қарай, период бойынша солдан оңға қарай атом радиусы кішірейгендіктен олар басқа қосымша электрондарды қосып алу қабілетіне бейім болады. Осылайша периодтық кестеде оң жақта және жоғарырақ орналасқан элементтің бейметалдық қасиеттері басым болады. Қалыпты жағдайда бейметалдар газ, қатты, сұйық күйде кездеседі. Металдық жылтырлыққа ие емес. Қатты күйінде морт сынғыш. Жылу мен электр тогын нашар өткізеді.
Топтық жұмыс. «Бәйге»
Өзгерістерді жүзеге асыру.
1-топ. Натрий – натрий оксиді – натрий гидроксиді – натрий сульфаты.
2-топ. Кальций – кальций оксиді – кальций гидроксиді – кальций корбанаты.
3-топ. Калий – калий оксиді – калий гидроксиді – калий хлориді.