Сабақтың тақырыбы: Металдар және бейметалдар



бет1/4
Дата27.02.2023
өлшемі24,63 Kb.
#170272
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
8 сынып қмж



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.2С Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Пәні:Химия
Күні:

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Металдар және бейметалдар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.7-химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжай алады
Көпшілік оқушылар: Элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерін салыстырып, периодтық жүйедегі орны бойынша сыртқы қабатындағы электрон санын анықтай алады
Кейбір оқушылар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі s-p-d- элементтерге мысалдар келтіре отырып олардың электрондық және графикалық формулаларын жаза алады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

Химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжайды

Тілдік мақсаттар

Негізгі топша металдары, қосымша топша металдары, бейметалдар.

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Физика- металдардың және бейметалдардың физикалық қасиеттері.

Алдынғы білім

8.2.1.5- химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа жататындығын дәлелдеу;
8.2.1.6- химиялық элементтің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақ басы
5мин

6 минут



Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгелдеу
- Психологиялық ахуал тудыру
Бір-біріне жағымды сөздер айтып, сәттілік тілейді.
Сыныпты үш топқа «Почта» әдісі арқылы бөлеміз. Конверт ішінен шыққан сөздердің жауабы бірдей оқушылар бір топ болады.
Топбасшылары сайланады.
І топ «Металдар»
ІІ топ « Бейметалдар»
III топ «Металлоидтер»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет