Сабақтың тақырыбы: Металдардың периодтық жүйедегі орны, физикалық қасиеттері Сілтеме



Дата31.01.2018
өлшемі57,29 Kb.
түріСабақ
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентіндегі

Шекер Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің

химия пәнінің мұғалімі Байсахалова Кулбакарам Раушановна


Күні

Химия, 9-сынып


Сабақтың тақырыбы: Металдардың периодтық жүйедегі орны, физикалық қасиеттері


Сілтеме

9 сынып оқулығы, интернет.

Сабақтың мақсаты

Металдардың периодтық жүйедегі орнын, физикалық қасиеттерін білу

Халық арасында ежелден қолданып келе жатқан металдар туралы, олардың адамға қажеттілігі туралы білімдерін толықтыру.



Күтілетін нәтиже

Металдардың периодтық жүйедегі орнын, атом құрылысын танып біледі.

Металдардың жалпы физикалық қасиеттерін танып біледі.



Түйінді идеялар

Металдардың периодтық жүйедегі орнын, физикалық қасиеттерін білу барысында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды озіндік жұмысқа дағдыландыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс.

Пән аралық байланыс

Физика, биология

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Сәлемдесу

2.Ұйымдастыру

3. Сабақ барысымен таныстыру

5.Бағалау парағын таныстыру

6.Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру


1.Сәлемдесу

2.Өздерін ретке келтіру

3.топқа бөліну

4.кітап ,оқу құралдарын ,дәптерлерін дайындыққа келтіру



Үй тапсырмасын тексеру

Иә ма жоқ па?

1. Бейметалдар саны 22 ма?

2. SiO құмның формуласы ма?

3.Силикаттардан шыны,қыш,цемент алына ма?

4.Кремний – қазіргі заманғы электроника негізі ма?

5.Көмір қышқылы күшті 3 негізді қышқыл ма?

6.Көміртек 5 валенттіма?

7.Фосфордың түрлері: ақ,қоңыр,қызыл ма?

8.Бейметалдарды біріктіретін ортақ қасиеті болмайды ма ?

Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады)

ББҮ

Білемін

Білдім

(жигсо әдісін пайдалану)



Үйренгім келеді










Сабақтың негізгі бөлімі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Сұрақтарға жауап беру."Миға шабуыл"әдісі.

Қандай металдарды білесіңдер?

Металдарды не үшін қолданады?

Электрондық оқулық

Топтық жұмыс.
Мәтінмен жұмыс.


1топ.Металдардың периодтық жүйедегі орны. Металдардың электр және жылу өткізгіштігі

2топ.Металдық жылтыры,иілімділігі

3топ.Балқу температуралары, тығыздығы, қаттылығы

Жұптық жұмыс

I - деңгей

1.Кальций карбонатындағы кальцийдің массалық үлесін тап.

2.Натрий хлоридіндегі натрийдің массалық үлесін тап

II – деңгей

Мына  айналымдарды жүзеге асырыңыз

 Мg-MgО-Mg(OH)2 - MgСІ2



III деңгей

20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің массасы қанша?

Жеке жұмыс

Сұрақтар мен тапсырмалар

Химиялық элементтер нешеге бөлінеді?

Металдардың периодтық жүйеде орналасу тәртібін , физикалық қасиетін түсіндіріңіз.

Реакция теңдеулерінаяқтаңыз

 К+НОН--------



Металдар мен бейметалдардыңайырмашылығы мен ұқсастықтарынамысалдаркелтіріпсалыстырыңыз
Қалай ойлайсыңдар, алтын сары, мыс неге қызыл, сары түсті болады?

Алтын, мыс, висмут жарық спектрінің жасыл, көк сәулелерін сіңіреді, сондықтан олардың түсі қызыл, қызыл-сары, сары түсті болып келеді. Металдар түсіне байланысты түсті және қара деп бөлінеді.

Темір және оның құймалары қара металға, ал қалғаны түсті металдарға жатады. Түсті металдар бірнеше топқа бөлінеді:

- ауыр (Cu, Zn, Pb, Hg),

- жеңіл (K, Na, Mg, Al),

- сиреккездесетіндер (Li, Rb, Cs, Be Mo W, Zr, Hf, Nb, Ta),

- сирек-жер (Sc, V, La, лантаноидтар)

- шашыранды (Ga, In, Tl, Ge),

- бағалы (Au, Ag, Pt, Pd, Rh, Ir, Ru, Os)

- радиоактивті (Ra, Th, U, Ac, актиноидтар)

Сұрақ жауап

Түркістандағы тайқазан неше металдан жасалған?

Меккедегі қара тастың тіреусіз қалқып тұруы неліктен?

Мыс, алюминий, вольфрамның тұрмыста қолданылуы.

Сіз білесіз ба?

Алтын(аурум) - жарқыраған таңғы арай түстес.

Мыс(купрум) – Кипр аралы мысқа бай болғандықтан арал атымен аталған.

Күміс (аргентум) – ақ түсті, жарық беруші.

Темір (феррум) – латын тілінен аударғанда берік қамал дегенді білдіреді.

Сынап (гидраргирум) – күмістей жылтыр сұйық, гидро деген су, аргентум деген күміс деп аударылады.

Вольфрам (вольфрамум) – латын тілінен аударғанда қасқыр көбік.

Платина (платинум) – латын тілінен аударғанда күміске ұқсас дегенді білдіреді.

Бериллий (берилиум) – латын тілінен аударғанда тәтті. Конструкциялық бериллий ғарыш ісінде өте маңызды орын алады. Шойынға, болатқа қарағанда жеңіл, әрі мықты, әрі арзан.

Металдардың адам өміріндегі маңызы.

Үшіншісі артық

Полиглот ойыны

қандай химиялық элемент екенін анықтап, оның қазақша, орысша аталуын , оқылуын және таңбасын жазу


Оқушылар белсене қатысады.

Оқушылар топқа бөлініп,

сабақ құрылымымен танысады.

Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.

Оқушылар бірін-бірі бақылап

топта жұмыс істейді.





Қорытынды. Күтілетін нәтиже


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


ББҮ

Сабақты қорытындылау.



Өзін-өзі бағалау,топ басшылары оқушыларды бағалайды.

Қорытынды.Бір-бір сөйлемнен түйінді идея айтады.

Кері байланыс.Оқушылар сабақ туралы өз ойларын білдіреді


Бағалау

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды,бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауы мен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.



Үйге тапсырма 1 мин. Тақырыпты оқу. № 4-5тапсырма.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу