Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі ой бөліктері Сабақтың мақсаты



бет2/4
Дата23.08.2017
өлшемі0,57 Mb.
#24942
түріСабақ
1   2   3   4

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

14-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, мазмұнын баяндау. Мәтіндегі қарамен берілген тіркестерге, сөздерге лексикалық талдау жасау. (түсіндірмелі сөздікті пайдаланамыз)

І. Теңіздей тұңғиық әдебиетіміздің – мағыналы, мәнді, бай, көркем әдебиетіміздің деген мағынада

ІІ. Ауыспалы мағына

ІІІ. Тұрақты тіркес (теңеу)

І. Ұшқындары – оттан шыққан ұшқындар
15-жаттығу. Өлеңді оқып, ондағы айтылған тапсырмаларды орындау.

А-на а - ашық буын, на - ашық буын

Ал – тұйық буын

Көл – бітеу буын

16-жаттығу. Асты сызылған сөздерді буынға бөліп, буын түрін ажырату.

І-ңір-де: і-ашық, ңір-бітеу, де-ашық буын

Дом-бы-ра-ның: дом-бітеу, бы-ашық, ра-ашық, ның-бітеу буын

Сү-йей: сү-ашық, йей-бітеу буын

Жа-зу-ға: жа-ашық, зу-ашық,ға-ашық буын

Е-кен: е-ашық, кен-бітеу буын

Ө-мір: ө-ашық, мір-бітеу буын

Те-ңіз-ден: те-ашық, ңіз-бітеу, ден-бітеу буын

Сүй-сі-ніп: сүй-бітеу, сі-ашық, ніп-бітеу буын

Жа-ра-уы: жа-ашық, ра-ашық, уы-ашық буын

17-жаттығу. Топта ақылдаса отырып, тасымалданбайтын сөздерге 10 мысалдан жазу.

Мысалы: ана, тарт, ат, шөл, кент, шат, қарт, шал, тал, бұлт, т.б.



Ү. Сабақта бекіту.

18-жаттығу. Мәтінде айтылған ойды мақалмен тұжырымдау. Үндестік заңына мысалдар теріп жазу.

Кейбіреулер, тозады, топшылайды – ілгерінді ықпал,

...

Үйге тапсырма: 19-жаттығу. Үлгі бойынша сөздерге дыбыстық талдау жасау.



Бағалау.

Күні: 21.09.2016

Пәні: Қазақ тілі (Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына

арналған А.А.Қасымбек, А.К.Шыныбекова Арман-ПВ, 2015, 237)



Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша әдеби тілдің нормалары

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың әдеби тілдің қолданылуы мен тілдік заңдылықтар туралы түсініктерін қалыптастыру. Ойды дұрыс түсініп, өзіндік қорытынды жасауға үйрету.

  2. Балалардың ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, қорытындыны мәтін мазмұны мен идеясына сәйкестендіріп айта білуге үйрету.

  3. Балаларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, кестелер, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Лексика дегеніміз не? (белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы)

  • Қолданылу аясы тар лексикаға қандай сөздер жатады? (кәсіби, диалект, термин, кірме, көнерген, неологизм, табу, эвфемизм, фразеологизм, т.б.)

23-жаттығу. Берілген сөздерге сөйлем құрастыру.

Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында кеден орналастырылған.

Қазір нарықта мұнай бағасы шарықтап тұр.

Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Қазақ елінің ұлттық валютасы – теңге.

Дүрия – ертедегі мата атауы.

...Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын.

(М.Мақатаев)

Тайшық хандай ханына,

Алпамыс берен айқасты.

Қарсыласып қалысты,

Тайынбай найза салысты.

«Алпамыс батыр» жыры

Концерттің өтуін ауатком мүшелері бақылады.

Ауатком – ауылдық атқарушы комитет

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

24-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді тұрақты тіркестермен ауыстыру. Қарапайым сөздерді тұрақты тіркестермен өрнектеп айтуға өз беттеріңмен тапсырма дайындаңдар.

Ауылдан қалаға көзді ашып-жұмғанша келдім. Ағайындар бір-бірімен майлы қасықтай. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Түнімен көз ілмедім. Ол қараңғы көшеде зәресі зәр түбіне жетті. Хан еліне бас ал десе, шаш алатын қатал болыпты. Далаға шықсам, көзге түртсе көргісіз.

27-жаттығу. Берілген омонимдерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.

Адамның басы – алланың добы. Кішкене сәби аяғын басты.

Көктем өтіп, жаз келді. Жаттығу жұмысын көшіріп жаз.

Ара – ағаш кесетін құрал. Ара гүлге қонды.

Бала қарияның жолын кеспеді. Анасы қамыр илеп, кеспе кесті.

Дүкенде сатылатын айранның қоспасы көп екен. Екі сыныптың оқушыларын қоспады.

Сурет үйірмесіне балалар бар ынтасымен қатысады.
28-жаттығу. Мәтіндегі синоним, антонимдерді табу. Әдеби тілдің сипатына тоқталу.

Әдеби тіл – сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл. Ол сол халықтың бәріне бірдей ортақ, түсінікті болып келеді.

синонимдер

антонимдер

Рақымдылық, мейірбандық

Ашқарақтық, өзімшілдік, менмендік, мақтаншақтық, күншілдік

Дос – дұшпан

Батыр – қорқақ

Ұзын – қысқа


ІҮ. Сабақты бекіту.

Тұрақты сөз тіркестері

Мақал-мәтелдер

Көп мағыналы сөздер

Тура мағына

Ауыспалы мағына сөз мағынасы

Синоним

Антоним

Омоним
Ү. Үйге тапсырма

25, 26-жаттығу. Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. Көп мағыналы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру.

Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

Суды шым тоқтатар, сөзді шын тоқтатар.

Ине көзінен сынады, шешен сөзінен сынады.

...

Әңгіменің басынан оның қалай аяқталатыны түсінікті болды.

Иненің көзінен өткендей пысық еді.

Пышақтың жүзі өткір болады.

...

ҮІ. Бағалау.

Күні:

Пәні:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға сөз құрамы жайлы толық түрде түсінік беру.



ә) дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалык материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі. Журнал бойынша түгелдеу.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылардың берілген сөздерге жасап келген фонетикалық талдауларын тексеру.

  1. Жаңа сабақ.

  • Сөз дегеніміз не? Заттар мен құбылыстардың атауы. Жүйелі дыбыс қосындыларынан жасалады.

Оқушыларға сөздер мен қосымшалар жазылған кеспе қағаздар таратып береміз. Жұппен жаңа сөз құрастырып шығарады. Дана+лық+қа, ой+лы, ел+ші+лік, біл+гіш, т.б.

Сөздерді тұлғасына қарай жіктеу.

Сөздер

Тұлғасына қарай Құрамына қарай

Түбір сөз Туынды сөз Дара сөз

Күрделі сөздер: Қос сөз

Біріккен сөз

Қысқарған сөз

Тіркесті сөз



30-жаттығу. Дара сөздер мен күрделі сөздерге мысал келтіріңдер. Әр оқушы өз бетімен орындайды.

Дара сөз

Күрделі сөз

Түбір сөз

Туынды сөз

Қос сөз

Біріккен сөз

Қысқарған сөз

Тіркескен сөз


ұш


Ұш+қыш

Ағалы-інілі

Айнұр

ұжымшар

Ауа райы,

он бес

ел

Елші

Ел-жұрт

Гу-гу

Нұрай

Нұргүл

ҰБТ, КТК, ТЖО, ЕО

Қанық қызыл, оқып отыр




















































31-жаттығу. Түбір мен қосымшаны бөліп көрсетіңдер.

Ел, ел-ші, елу, ел-ім, көр, көр-ші, көйлек, көйлек-шең, ақыл-ды-лық, сүт-тей, көг-ер, берік, аудан-дық, ас-хана, құр-ыл-ыс, жаңа-лық, тасы-мал, жет-кіз-бе-у, көр-сет-кіш, сен-ім.

32-жаттығу. Сөзжасам ережесін еске түсіріп, мысалдарыңды жазбаша түрде келтіріңдер. Қандай ереже шығарар едіңдер?

  • Сөзжасам дегеніміз – жаңа сөздердің жасалуы. Түбір сөзге қосымша жалғану арқылы жаңа сөз пайда болады.

  • Түбір – сөздің бастапқы мағынасы. Ой, мал, ай, жер, дала, жас, бала, т.б.

33-жаттығу. Бірінші, екінші қатардағы сөздерден мағынасына қарай күрделі сөз жасаңдар.

І. Алабұға, баспасөз, балабақша, бозбала, демалыс, қолжазба, кәсіпорын, сөзжұмбақ, асқабақ.

ІІ. Ел-жұрт, күш-қуат, ар-намыс, жақсы-жаман, күн-түн, құрт-құмырсқа, ыдыс-аяқ, оқу-ағарту, үгіт-насихат.

ІІІ. Мақтау қағазы, асық жілік, тіл білімі, оқу орны, мал дәрігері, қара өлең, ақ көңіл, он бес, балақ бау, беріп жібер, сары ала, қол шапалақтау.

  1. Сабақты бекіту. 35-жаттығу. Жұрнақты сөз бен жалғаулы сөздерді екі топқа бөліп жазу.

    Жұрнақты сөз

    Жалғаулы сөз

    Ұш-қыр

    Айт-қан-дай

    Жал-ы-на

    Ұт-ым-ды

    Ұста-ланып

    Ой-ға

    Шешен-дік

    Өнер-де-гі-дей

    Тағдыр-ын

    Ажар-лы

    Айт-қан-дай

    Кім-нің

    Жүйе-лі

    Сөйле-ген-і

    Жұлын-нан

    Қорша-ған

    Ти-ер

    Ақын-нан

    Біл-іп

    Тап-қыр

    Өз-і-н

    Тайсал-ма-й

    Әлеумет-тік

    Орта-ның

    Біл-у-ді

    Өзек-ті

    Көкірег-і-ндегі







    Сауал-дар-ға







    Білу-ді

  2. Үйге тапсырма: 34-жаттығу. Мақал-мәтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.

Ақымақ мақта-н-са, аяқ-ын сын-ды-р-ар.

Ой-шыл ой ой-ла-ған-ша,

Тентек іс-і-н біт-ір-ер.

Сана-лы адам сағы-ң-ды сын-ды-р-ма-с,

Сана-сыз адам жағ-ы-ң-ды тын-ды-р-ма-с.

Өтірік-ші алды-мен өз-і-н алда-р.

Ел ал-ғыс-ы-н ал-са-ң, еле-у-лі-сі бол-ар-сың.
36-жаттығу. Бірігу жолымен жасалған кісі есімдеріне мысалдар келтіріңдер.


  1. Оқушылардың білімін бағалау.


Күні:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер. Қайталама қос сөздер

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға қос сөздер, оның түрлері, қайталама қос сөздер
жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауатты жазуға дағдыландыру.

б) тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, бекіту, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар, т.б..

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі. Журнал бойынша түгелдеу.

  1. Үй тапсырмасын сұрау. Қызығушылығын ояту.

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн)



Күн шуақтары сияқты бізден де жылылық, мейірімділік тарайды.

Шаттық шеңбері. Оқушылар дөңгелене тұрып, әрқайсысы бойындағы бір жақсы қасиеттерін айтады, ал қалғандары бұл кезде «өте жақсы екен» дейді.

Оқушыларға біріккен сөздер жазылған парақшаларды үлестіріп, екі топқа бөлу.

1 топ: тасбақа, қырықаяқ – зоологиялық атау, жәндіктер

Қозықұйрық, қырықбуын, күнбағыс – ботаникалық атаулар, шөп түрлері

Ақүйек, аққала – ойын атаулары

Мүйізтұмсық, аққұтан –

Айгөлек, көкпар, соқыртеке

2 топ: Қызылқұм, Сарыағаш, Жезқазған – географиялық атаулар

Қойшыбек, Нұрмұхаммед, Асылзада -

Жайлаукөл, Шиліөзен -

Жетісу, Сырдария, Күйгенкөл -

Боранбай, Ботагөз, Амангелді – кісі аттары

Жетіқарақшы, Темірқазық – жұлдыз атаулары

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Тест (ауызша)

  1. Қай қатардағы сөздер кіріккен сөздерге жатады?

А. Темірқазық, Сарысу; Ә. Биыл, жаздыгүні; Б. ГАЗ-51, ТУ-154;

В. Бозторғай, қараторы; Г. Үлкен-кіші, аяқ-табақ

2. Қос сөзді тап:

А. Жетідей; Ә. Бесеу; Б. Екі-үш; В. Үш-ақ; Г. Он шақты

3. Кіріккен сөздердің құрамындағы сөздер қандай өзгеріске ұшырайды?

А. Мағынасы толық сақталады; Ә. Дыбыстық өзгеріске ұшырайды; Б. Сөз мағынасы кеңейеді; В. Сөздер қысқарады; Г. Ешқандай өзгеріске ұшырамай, бір ұғымды білдіреді

4. бірге жазылатын сөздерді көрсет.

А. Күні бойы, әдемі қыз; Ә. Жылы су, жарқын болашақ; Б. Талды қорған, сабақ кестесі; В. Сынып бұрышы, кәсіп орын; Г. Ит мұрын, түйе табан

5. Біріккен сөздердің емлесін тап.

А. Әрқашан бірге жазылады; Ә. Қосымша арқылы жазылады; Б. Сызықша арқылы жазылады; В. Үлкен әріппен жазылады; Г. Тіркесіп жазылады




  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Тақтаға күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазу.

Оқулықпен жұмыс. Қарамен жазылған қос сөздерге назар аударыңдар.

Әке-шешең – дүниедегі ең қымбат адамдардың бірі. Олар барда көңілің шат-шадыман. Сенің құрбы-құрдасыңмен күліп-ойнап жүргенің де – ата-анаңның арқасы.

  • Сөздердің қосарланып немесе қайталанып келуінен жасалатын күрделі сөздер қос сөздер деп аталады.

Қос сөздер

Қайталама қосарлама

Үлкен-үлкен, биік-биік үлкенді-кішілі, ағайын-туыс

асқар-асқар, белес-белес орман-тоғай, қызыл-жасыл

тұп-тура, дұп-дұрыс жол-жөнекей, хабар-ошар

жал-жұлт, сатыр, сұтыр қиян-кескі, күш-қайрат
зат есім: азық-түлік, тау-тас, аяқ-табақ

сын есім: жақсы-жаман, дәлелді-дәлелсіз

сан есім: он-жиырма, үш-төрт

есімдік: онша-мұнша, одан-бұдан

үстеу: оқта-текте, күні-түні

еліктеу сөздер: бұрқ-сарқ, шатыр-шұтыр


  • Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады. Олардың жасалу жолдары мынадай:

Қосымшасыз түбірдің түгелдей қайталануы

тау-тау, қамба-қамба астық, көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың

Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірлердің қайталануы

ауызба-ауыз, төрт-төрттен, көзбе-көз айтты, өз-өзінен қысылды

Бір түбірдің әртүрлі қосымша жалғанып қайталануы

өзді-өзіне, аузы-аузына, жөнді-жөнсіз, жылдан-жылға айтты

Сөздің екінші сыңарына м, п дыбыстары қосылып қайталанады

Ет-мет, ол-пұл, шай-пай, жігіт-мігіт, ат-мат

Еліктеу сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталанады

Тарс-тұрс, тасыр-тұсыр, жарқ-жұрқ, сарт-сұрт

Түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтулуы арқылы жасалады

үп-үлкен, қып-қызыл, әп-әдемі, тап-таза

Оқулықпен жұмыс.




1 топ: Мәтіндегі қос сөздердің астын сызыңдар.

2 топ: Төмендегі сөздерден қос сөздер жасаңдар. Қалай жасалғаны жөнінде ой бөлісіңдер.

67-жаттығу.

1 топ. Берілген қос сөздерден синонимдік қатар үзіңдер.

Дау-жанжал – ұрыс-керіс, талас-тартыс, дау-дамай

Тып-типыл – тап-таза

Дәлме-дәл – тұп-тура, нақпа-нақ

Ағыл-тегіл – лай-батпақ

Сыбыр-сыбыр – пыш-пыш, күбір-күбір, тым-тырыс

Бала-шаға – жігіт-желең, қыз-қырқын

Дәп-дәмді – тәп-тәтті

Сай-сала – тау-қырат

2 топ. Антонимдік қатар түзіңдер.

тұп-тура – қисық-қыңыр

ұрыс-керіс – береке-бірлік

...

  1. Сабақты бекіту. «Кім жылдам?» ойыны.

1 топ. Көп нүктенің орнына тиісті қос сөзді қойып, көшіріп жазыңдар.

Тамшыдан ...-... дария болар. (мақал)

...-... жылқыны шұрқыратып,

Ойдан-қырдан арқансыз әкеп мата. (төрт түлікке арналған жыр)

...-... көсем болады,

...-... шешен болады. (мақал)

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін ...-... жай бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра. (Қ.Мырза Әлі)

2 топ. Қос сөздердің сыңарын табыңдар.

бара- көзбе- өз-

жақсылы- қолма- бірімен-

бірді- қараптан- тектен-

лек- шығар- көл-
Семантикалық картамен жұмыс.

түрлері
мысал


Түбір немесе қосымшалы түбірдің сөздердің қайталануы

Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірлердің қайталануы

Бір түбірдің әртүрлі қосымша жалғанып қайталануы

Сөздің екінші сыңарына м, п дыбыстары қосылып қайталанады

Түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтулуы арқылы жасалады

Сай-сала
















Ұры-мұры
















Біріне-бірі
















Ұзақ-ұзақ
















Алуан-алуан
















Тарс-тұрс
















Түйе-мүйе
















Бетпе-бет
















Тектен-текке
















Аз-аздап

















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет