Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі ой бөліктері Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата23.08.2017
өлшемі0,57 Mb.
#24942
түріСабақ
  1   2   3   4
Күні:

Пәні: Қазақ тілі (Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына

арналған А.А.Қасымбек, А.К.Шыныбекова Арман-ПВ, 2015, 237)



Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі ой бөліктері

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың «Фонетика тарауы бойынша алған білімдерін еске түсіріп, пысықтау. Ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.

  2. Теориялық материалды шығармашылықпен баяндауға баулу, ауызша-жазбаша сауатты талдауға машықтандыру.

  3. Көркем әдебиеттен тілдік материалды талдауға алынған мысалдар арқылы оқушылардың бойына танымдық, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерді сіңіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық дәптер, тақта, бор, кесте, т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Жаңа сабақ.

  • Тіл білімінің қандай салаларын білесіңдер?

  • Фонетика ғылымы нені қарастырады?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді? Ата.

  • Тасымал дегеніміз не?

  • Буын дегеніміз не?

  • Буынның қандай түрлерін білесің?

1 тапсырма: Асыл сөз – рухани азық.

1 топ: Алаш арыстарының айтқан асыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, асты сызылған сөздерді буынға бөлу.

Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды.

Мұхтар Әуезов

Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз жұртына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

Ахмет Байтұрсынұлы

2 топ: Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың.

Ғұмар Қараш

3 топ: Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді.

Мұстафа Шоқай

2 тапсырма: Өлең – сөздің патшасы

Берілген өлең шумақтарының жалғасын тауып, толық жатқа айту, авторларын анықтау.

3 тапсырма: Даналар сөзі – ақылдың көзі

Ата-бабаларымыздың шешендік сөздерінің шешімін тауып, жалғастырыңыздар. Анықталған жауап сөздің сөздің біріне фонетикалық талдау жасаңыздар.

1 топ: Өте ертеде бір дана қария дүниеден көз жұмарында қасына ұлын шақырып алып:


  • Балам, менің бұл дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан асыл қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқсатып қолдан, - дейді.

Күндердің күнінде бала әке қалдырған қазынаны іздеймін деп әбден шаршайды. Әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қарт адамнан ақыл сұрайды. Қарттың пайымдауынша дана қарияның асыл қазынасы не екен?
2 топ: Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне «Дүниеде не өлмейді?» деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:

Ағын су өлмейді,

Асқар тау өлмейді.

Аспанда ай мен күн өлмейді,

Әлемде қара жер өлмейді.

Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығып, қандай ұтымды да өткір жауап береді?

3 топ: Сырым Үргеніштің ханына барып, жүз көрісіпті. Хан Үргеніш шешен мен Сырымды айтыстырыпты. Үргеніш шешен:

Сөз анасы не?

Су анасы не?

Жол анасы не? – деп сұрайды.

Сонда Сырым не деп жауап береді?


  1. Сабақты бекіту.

Тест тапсырмасы беріледі.

  1. Үйге тапсырма.

Фонетика, лексика, морфология саласы бойынша ережелерді қайталау.

  1. Бағалау.


Күні: 02.09.2016

Пәні: Қазақ тілі (Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына

арналған А.А.Қасымбек, А.К.Шыныбекова Арман-ПВ, 2015, 237 бет)



Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: «Əдеби тіл жəне мəтін», Қазақ тілінің əдеби тіл

ретіндегі қызметі



Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға казақ тілі – қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тілі екендігі жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

  2. Балалардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

  3. Балаларды елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріспе сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық дәптер, тақта, бор, өлеңдер жазылған парақ, т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  1. Өткен материалдарды пысықтау.

Сөздерге фонетикалық талдау жасау.

Лексика саласына шолу (кәсіби сөз, диалект сөз, термин сөз, кірме сөз, көнерген сөз, неологизм, табу сөз, эвфемизм, дисфемизм, тұрақты тіркес, мақал-мәтел, синоним, омоним, антоним, т.б.)



  1. Жаңа сабақ (әліппе өлең арқылы сабақтың тақырыбын шығарып аламын)

  • Адам баласы тек білім арқылы ғана дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқьлы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады және болашағын болжап, келешекке бағыт белгілейді.

Білім, ең алдымен, тіл арқылы, әсіресе, ана тілі арқылы игеріледі. Демек, тіл, яғни ана тілі— білімнің негізгі құралы. Сондықтан ана тілінің осындай қасиетін ерекше бағалап, оны қадірлей білу керек. Ана тілі арқылы басқа халықтардың тілін оқып үйрену де жеңіл. Сонда ғана адамзат білімді меңгеріп, ғылымды игеріп, сол арқылы халқына, еліне пайда келтіре алады. Бұл айтылғандарды ақындардың өлеңдері мен халыктың өзі тұжырымдап шығарған мақал-мәтелдері де дәлелдей түседі.

Балалар, бұл – жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?!

Даналык – өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

(А. Байтұрсынұлы)

- Өлеңдерді мәнерлеп оқыңдар.

- «Даналық, өшпес жарық» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

- Бар қиындықты тек қана ғылым жеңбек деген сөйлемді қалай түсінесіңдер?



- Ахмет, Сұлтанмахмұт, Ыбырай аталарыңның осыдан бірнеше жыл бұрын айтқан ойлары қазір қалай дәл келіп тұрғанын түсіндіріп көріңдер.

- ...Тастан сарай салғызды,

Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды,

Аты жоқ құр арбаны мың шақырым жерлерге күн жарымда барғызды.

Адамды құстай ұшырды.

Теңізде жүзді балықтай, - деген пікірлердің әрқайсысына бүгінгі өмірден нақты мысалдар келтіріңдер.

Қосымша мәлімет

Халықаралық тілдер




Араб, ағылшын, қытай, француз, испан, орыс тілдері

Мәртебелі тілдер




Мемлекеттік мәртебеге ие болған тілдер тобы. Қазақ тілі осы топта

Жасанды тіл




Эсперанто (1887 жылы варшавалық дәрігер Заменгоф Еуропа тілдері негізінде жасап ұсынған)

Сырқат тілдер




Айн, эскимос және т.б. қолданыс аясы тар тілдер

  1. Оқулықпен жұмыс

  • 1-жаттығу. «Тіл – елшінің қылышы» (Ж.Баласағұн), «Сөздің ең ұлысы – тарих» (А.Байтұрсынұлы) деген нақыл сөздерге байланысты қандай пікір айтар едің? Өз ойларыңды жазыңдар.




  • 3-жаттығу. Топтарға бөлініңдер. Мақал-мәтелдерді пайдалана отырып, «Мың бір мақал» тақырыбында жұмыс жасаңдар.




  1. Сабақты бекіту.




  • Әдеби тіл дегеніміз не?

  • Тіл – қарым-қатынас құралы дегенді қалай түсінесің?

  • Қазақ халқының мемлекеттік тілі қандай тіл?

  1. Үйге тапсырма.

  1. Қазақ тілінің əдеби тіл ретіндегі қызметі туралы оқу.

  2. 7 беттегі 2-жаттығу. Берілген мәтінді оқып шығып, мазмұнын айту. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасау.



Күні: 03.09.2016

Пәні: Қазақ тілі (Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына

арналған А.А.Қасымбек, А.К.Шыныбекова Арман-ПВ, 2015, 237 бет)



Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Əдеби тіл нормалары

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды әдеби тіл нормаларымен таныстыру, орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды меңгерту, тақырыпты бекіту үшін жаттығу жұмыстарын орындату.

  2. Балалардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту. Сауаттылықты қалыптастыру.

  3. Балаларды елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық дәптер, тақта, бор, кесте, т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Тіліміздің қоғамдық-әлеуметтік қызметін не реттейді?

  • Мемлекеттік тіл қандай орындарда қолданылады?

  • Қолданылуына қарай тілдердің қандай түрлері болады?

  • 2-жаттығу тексеріледі.

Сөзде – 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз дыбыс, 2 буын; сөз – бітеу, де – ашық буын

С – дауыссыз, қатаң

Ө – дауысты, жіңішке, ашық, еріндік

З – дауыссыз, ұяң

Д – дауыссыз, ұяң

Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік




  1. Жаңа сабақ.

Қоғам мүшелеріне қызмет ететін жалпыға ортақ, түсінікті тіл әдеби тіл деп аталады. Әдеби тілдің нормалары арқылы да әдеби тіл көпшілікке түсінікті, әрі бәріне ортақ болып келеді. Көркем әдебиет тілі, ғылыми әдебиеттер тілі, баспасөз тілі — бәрі де әдеби тілде жазылады. Тілді әдеби етіп тұратын нормалар әртүрлі.

Әдеби тіл

Лексикалық норма

Грамматикалық норма

Фонетикалық норма

Сөздің мағынасына сәйкес қолданылуы

Грамматикалық тұлғалардың орынды жұмсалуы

Дыбыстардың дұрыс қолданылуы

Үлкен (дәу, әйдік, нән), т.б

Аға-лар-ым, бара жатыр (баратыр)

жамбай – жанбай

Ағнұр – Ақнұр

лашшыз – лажсыз


Әдеби тіл екі түрде өмір сүреді. Оның бірі – ауызша тіл, екіншісі – жазбаша тіл. Ауызша тіл үй іші, отбасында ғана емес, телерадио хабарларында, жиын-жиналыстарда сөйлеу, адамдардың бір-бірімен бетпе-бет сөйлесуі, диалог арқылы, мүғалімнің сабақ түсіндіруі, оқушының жауабы және т. б. арқылы көрінеді. Жазбаша тіл ойды қағазға жазу арқылы көрінеді. Әр түрлі кітаптар, көркем шығармалар, оқулықтар, газет-журналдар, ғылыми еңбектер және т. б. жазбаша тіл арқылы беріледі. Ауызша, яғни сөйлеу тілінің өз нормалары болады. Ауызша тілдің нормалары орфоэпиялық нормалар деп аталады. Онда сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуындағы бірізділік, үндестік сақталып отырады. Мысалы, Талдан таяқ жас бала таянбайды – талдан тайағ жас пала тайамбайды. Дыбыс үндестігі заңына сәйкес ұяң және қатаң дыбыстардың айтылу барысында өзара үндесе (кейінді, ілгерінді ықпал: тайағ, пала, тайамбайды) өзгеріске ұшырайды.

  • «Білімдіден шыққан сөз» айдарындағы ғұламалардың сөздерін талдау.

  1. Дәптермен жұмыс.

  • 4-жаттығу. Әдеби тіл, оның мәні мен маңызы туралы өз ойларыңды ортаға салыңдар. Сөздердің айтылу нормасы сақталды ма?

  • 5-жаттығу. Төмендегі диалект сөздердің әдеби тілде қолданылатын нұсқасын жазыңдар.




  1. Леген – шылапшын (табақ)

  2. Діңке – қауын

  3. Кеуірт – сіріңке (күкірт)

  4. Сым – шалбар

  5. Беймарал – жайбарақат

  6. Қоңсы – көрші

  7. Пәс – төмен

  8. Шаппа – шот немесе кішкентай кетпен

  1. Сабақта бекіту.

  • Әдеби тіл дегеніміз не?

  • Әдеби тілдің нормалары дегеніміз не?

  • Орфоэпиялық, орфографиялық нормалар дегеніміз не?

  1. Үй тапсырмасы.

10 беттегі 6-жаттығу. Жаттығуды көшіріп жазып, әдеби тілге жатпайтын сөздердің астын сызу.

5 сөзге фонетикалық талдау жасау.



  1. Бағалау.



Күні: 05.09.2016

Пәні: Қазақ тілі (Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына

арналған А.А.Қасымбек, А.К.Шыныбекова Арман-ПВ, 2015, 237 бет)



Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Әдеби тіл және мәтін байланысы. Сөз байлығы және мәтін

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың әдеби тіл мен мәтін туралы түсініктерін қалыптастыру, жазба әдеби тілдік мәтіндер мен ауызша тілге қатысты мәтіндердерді салыстыру, саралау.

  2. Балаларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.

  3. Балаларды жинақылыққа, байқампаздыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық дәптер, тақта, бор, кесте, т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Әдеби тіл дегеніміз не?

  • Әдеби тілдің қандай нормаларын білеміз?

  • Орфоэпиялық нормалар дегеніміз не?

  • Орфографиялық нормалар дегеніміз не?

  • 6-жаттығу тексеріледі.

Әдеби тілге жататын сөздер: қайың, асық, жасық, жала, қазы, әдемі, қаракит, көл, шалқар, сыңаржақ, мұра, дәптер, шақалақ, ада болу.

қайың – 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз дыбыс, 2 буын; қа – ашық бітеу, -йың – бітеу буын

қ-дауыссыз, қатаң

а-дауысты, жуан, ашық, езулік

й-дауыссыз, үнді

ы-дауысты, жуан, қысаң, езулік

ң-дауыссыз, үнді

...


  1. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

Әдеби тіл

ауызша

жазбаша

Отбасындағы, теледидардағы әңгіме

Сұхбаттар, дәріс сабақтар



Көркем шығарма, ғылыми еңбек, баспасөз материалдары, т.б.

Әдеби тілдің өмір сүріп, дамуы, қоғамдық қызметі негізінен жазба әдебиетпен байланысты. Жазба әдеби мәтіндердің сөздік құрамы, қолданыстағы сөздердің мағыналық ерекшеліктері мен өзіндік сипаты жалпыға түсінікті жүйеге негізделген. Бірізділік пен нормаға сәйкес болатынын да байқаймыз. (оқулықта берілген мәтінді талдау, қарамен жазылған сөздердің әдеби тілде қолданылатын нұсқасын тауып жазу)

  1. Дәптермен жұмыс.

Мәміле-келісім

Шырыңке пұлға-төлемақы

Кәнігі-тәжірибелі

Бәдбақ-бейшара

Пошымымен-түрімен

Дардай-әйгілі



Мәтін – сөйлем – сөздер – дыбыстар

Мәтін (латынның textus сөзі) – «байланысу», «бірігіу» деген мағынаны білдіреді.

Мәтін


Тақырыбы

Сөздерден, сөйлемдерден,

абзацтан тұрады

Әртүрлі мазмұнға

құрылады

Газет-журнал материалы,

өлең шумақтары, ережелер,

әртүрлі сөйлесулер жатады

Негізгі ой мен

тақырып, әдеби

тілдік сипат өзара

бірлікте болады.



  1. Оқулықпен жұмыс.

7-жаттығу. Жұптасып мәтіннің ауызша түріне мысал құрастыру (диалог, монолог, т.б.).

8-жаттығу. Өзге пән оқулықтарынан термин сөздер кездесетін шағын мәтінді көшіріп жазып, әдеби мәтінмен салыстырып, сөздердің қолданылуерекшеліктерін түсіндіріп беріңдер.

  1. Сабақты бекіту.

11-жаттығу. Мәтін стилін анықтау.

Қақ –
Қақ –


Қақ –


  • Мәтін дегеніміз не?

  • Жазба әдеби мәтіндерге не жатады?

  • Ауызша әдеби тілге қатысты мәтін дегеніміз не?

  • Мәтіннің ерекшеліктерін ата.

  1. Үй тапсырмасы.

  1. «Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы» тақырыбын оқып, ережелерді жатқа айту.

  2. 9-жаттығу. Берілген мәтінге тілдік талдау жасау. Құстың сипаттамасын теріп жазып, суретін салу.

  3. 10-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, шағын мәтін құрастыру.

Күні: 14.09.2016

Пәні: Қазақ тілі (Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына

арналған А.А.Қасымбек, А.К.Шыныбекова Арман-ПВ, 2015, 237 бет)



Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Мәтін және сөз мағыналарын білудің мәні

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

  2. Балалардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

  3. Балаларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. Сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, кестелер, кеспе қағаздары, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Кезекші мәлімдемесі.

3. Журнал бойынша түгелдеу.

4. Жаңа сабаққа дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


  • Мәтін дегеніміз не?

  • Белгілі көлемдегі шығарма немесе шығармашылық жұмыстың жазбаша немесе ауызша түрі.

13-жаттығуды тексеру. Сөздерге фонетикалық талдау жасау.

Мал – 3 дыбыс, 3 әріп, 1 буын (бітеу буын)

М – дауыссыз, үнді

А – дауысты, жуан, ашық, езулік

Л – дауыссыз, үнді

Өнсін, бөлмек, өзіндей, сөзің.



ІІІ. Жаңа сабақ.

Әдеби тілдің әр түрлі қасиеттерін, мысалы, нормалық, жүйелік сипаттарын, дамуын, қоғамдық қызметтерінің алуан түрлі екенін танып-білу үшін жазба әдебиеттің әр түрінен мысалдар келтіріп отырмын. Ол мысалдар жеке сөйлемдер ғана емес, үлкен-үлкен үзінділер болып та келеді. Әдетте ондай үзінділерді мәтін деп атайды. Яғни, мәтін деп айтылған ой-пікірдің, белгілі бір шығармашылық жұмыстың, біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрін айтады. Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да, олардағы ойлар жинақталып келіп, автордың (жазушының, ғалымның, зерттеушінің жэне т. б.) белгілі бір пікірін, көзқарасын білдіреді. Ол көркем шығарма да, публицистикалық шығарма да, ғылыми еңбек те болуы мүмкін. Ғылыми еңбек әр түрлі ғылым саласына, мысалы, биология, астрономия, экономика, медицина, химия, математика, тіл білімі, тарих, әдебиет, физика, техника жэне т. б. қатысты болып келеді.

Мәтіннен әдеби тілдің сөздік құрамын, сөз байлығын, сөз қолданылуының мағыналық ерекшеліктерін, арнайы сөздердің, терминдердің, жаңа сөздердің, жергілікті сөздердің, басқа тілден сөз алу, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің қолданылу сипатын көріп, айқындаймыз.

Тілдің негізгі мағыналы бөлшегі сөздер (лексика) екені, ал оның өзі жеке дыбыстардан тұратыны белгілі. Дыбыстардың қолданылу ерекшеліктері мен сипаты да, дыбыстық (үндестік) заңдылықтарының қолданылу шеңбері де мәтіннен және содан алынған жеке сөйлемдер мен сөздердің қолданылуынан көрініп отырады.

Тіл ойды білдірумен байланысты болса, ойды білдіре алатын ең кіші тілдік бөлшек — сөйлем. Сөйлемнің құрылымы мен құрылысы, сөздердің бір-бірімен байланысқа түсіп барып сөйлем құрауы, жеке сөздердің сөйлем ішінде синтаксистік қызмет атқарып, сөйлем мүшесі болуы, сөйлемнің түрлері, төл сөз, сөздердің жасалуы мен оның жолдары және т. б. тілдік құбылыстар мәтіннен, мәтінді құрайтын жеке сөйлемдерден көрініп отырады да, солар арқылы түсініліп айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет