Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі ой бөліктері Сабақтың мақсаты



бет4/4
Дата23.08.2017
өлшемі0,57 Mb.
#24942
түріСабақ
1   2   3   4

Оқулықпен жұмыс.

194-жаттығу. Етістіктерді көшіріп жазып, тұлғасына қарай талдаңдар.

Шығар – туынды етістік, шық – түбірі, -ар – етістіктен етістік тудырушы немесе сөз түрлендіруші жұрнақ.

...

195-жаттығу. Етістіктерді тауып, түбір мен қосымшаны ажыратыңдар. Айтпай – айт – түбір, -па – болымсыз етістіктің жұрнағы, -й – етістіктен етістік тудырушы немесе сөз түрлендіруші жұрнақ.

Алатын – ал – түбір, етістік, -а – етістіктен етістік тудырушы немесе сөз түрлендіруші жұрнақ, -тын – жіктік жалғауының 3 жағының жалғауы.

...

...


196-жаттығу. Төмендегі етістіктерге сөз түрлендіруші жұрнақ жалғаңдар.

Босат – босатар күрес – күресе ауна – аунат домала – домалат

Ки – кигіз сыз – сыздыр аудар – аударыс секір – секірт

Сабақты бекіту.


  • Етістік дегеніміз не? заттың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін білдіретін сөз табы.

  • Қандай сұрақтарға жауап береді? Не қылды? Не істеді? Қайтті? Не істепті? Не істемек? Не қылған? Қайтпек? Қайтіпті?

  • Тұлғасына қарай қандай түрге жіктеледі? Негізгі және туынды.

  • Негізгі етістік дегеніміз не? Жеке тұрып сұраққа жауап бере алатын және өз алдына сөйлем мүшесі бола алатын толық мағыналы етістіктер. Кел, бар, айт, жүр, кес, шап, қал, т.б.

  • Туынды етістік дегеніміз не? басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалатын етістіктер. Шегеле, аяқта, ойна, басқар, т.б.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

  1. 197-жаттығу. Төмендегі зат есімнен туынды етістік жасаңдар.

  2. Туынды етістіктері бар мақал-мәтел жазып келу.


Күні:

Пәні: Қазақ тілі (Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына

арналған А.А.Қасымбек, А.К.Шыныбекова Арман-ПВ, 2015)



Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың дара және күрделі етістіктер туралы білімдерін толықтыру.

  2. Теориялық материалды шығармашылықпен баяндауға баулу, ауызша-жазбаша сауатты талдауға машықтандыру.

  3. Көркем әдебиеттен тілдік материалды талдауға алынған мысалдар арқылы оқушылардың бойына танымдық, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерді сіңіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық дәптер, тақта, бор, кесте, т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Етістік дегеніміз не? Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы.

  • Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Екіге, негізгі және туынды.

  • Туынды етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады? –ла, -ле, -та, -те, -да, -де, -а, -е, -ай, -ей, -й, -ар, -ер, -р, т.б. Көгер, жасар, шегеле, тағала, парақта, молай, т.б.

  • 197-жаттығуды оқытып, талдау.



  1. Жаңа сабақ.

Дара етістік – бір ғана сөзден тұратын негізі және туынды етістік

Күрделі етістік – екі я одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіреді. Бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.

Өркенің өссін!

Өрісің кеңейсін!

Бақ берсін, бас берсін,

Өміріңе ұзақ жас берсін!



Үлкен адамға бірінші өзің сәлем бер.

Жұрт жұмысқа жұмылып жатқанда жәрдем ет.

«Абай жолы» романын тағы да бір рет оқып шықты.

Айсәуле осы оқиғаны тебірене айтып берді.






  1. Оқулықпен жұмыс.

  • 198-жаттығу. Етістіктерді құрамына қарай талдаңдар.

Әр істе әділ бол.

Әділ бол – күрделі етістік, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұр.

Болсаң, боласың – дара етістік, баяндауыш қызметін атқарып тұр.

Жек көреді – күрделі етістік, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұр.



  • 199-жаттығу. Дара етістіктерді зат есіммен бірге тіркестіріп, көшіріп жазыңдар немесе сызба түрінде беріңдер.

Тау мен тасты жел бұзар,


Адамзатты сөз бұзар
Зат е. Ет. Зат е. Ет.

Білім өседі, білім өшеді.



Зат е. Ет. Зат е. Ет.

Сөз сыймайды, адам сыйлайды.




  1. Сабақты бекіту.

  • 200-жаттығу. Дара, күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жазыңдар, қарамен берілген етістіктердің жұрнағын ажыратыңдар.

Дара етістік

Күрделі етістік

Ет-кен – түбірі – ет, -кен – етістіктен етістік тудырушы жұрнақ

Еңбек еттік

Қал-ып-ты – түбірі – қал, -ып – етістіктен етістік тудырушы жұрнақ, -ты – жіктік жалғауының 3 жағы

Шығып еді

Жыр-ла-сын – түбірі – жыр, зат е., -ла – зат есімнен етістік тудырушы жұрнақ, -сын – жіктік жалғауының 3 жағы

Ашып қара

Ашып – түбірі – аш, -ып – етістіктен етістік тудырушы жұрнақ




Басып қара

  • Етістік дегеніміз не?

  • Құрамына қарай етістік қалай жіктеледі? Дара және күрделі.

  • Күрделі етістіктерге мысал келтір. Жазып отыр, айтып қалды, бара жатыр, сәлем айтты, көмек етті, т.б.

  1. Үй тапсырмасы. 201, 202-жаттығулар. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру. Сөздерге толық морфологиялық талдау жасау.

  2. Бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет