Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі ой бөліктері Сабақтың мақсаты



бет3/4
Дата23.08.2017
өлшемі0,57 Mb.
#24942
түріСабақ
1   2   3   4




  1. Үйге тапсырма.

68-жаттығу. Ертегіні аяқтаңдар. Мәтінді жазу барысында қос сөздерді пайдалану мүмкіндігін қарастырыңдар.

74-жаттығу. Қайталама қос сөздерді пайдалана отырып, «Жыл мезгілдерінің қазіргі суреттері» тақырыбында шығарма жазыңдар.


Семантикалық картамен жұмыс.

Қос сөздер


Сыңарлары синонимдес

Сыңарлары антонимдес

Бір сыңары мағынасыз

Екі сыңары да мағынасыз

Сыңарлары әртүрлі сөздер

Алпыс-жетпіс
















Тату-тәтті
















Құда-жекжат
















Ел-жұрт
















Ағайын-туған
















Сый-құрмет
















Апақ-сапақ
















Апай-топай
















Апыл-ғұпыл
















Әуре-сарсаң

















Семантикалық картамен жұмыс.

Қос сөздер



Сыңарлары синонимдес

Сыңарлары антонимдес

Бір сыңары мағынасыз

Екі сыңары да мағынасыз

Сыңарлары әртүрлі сөздер

Әлек-шәлек
















Алақ-жұлақ
















Аралас-құралас
















Аңғал-саңғал
















Оқта-текте
















Қант-шай
















Сегіз-тоғыз
















Келін-кепшік


















Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші жэне одағай сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың такьірыбы: Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға сөздің түрлері, атауыш, көмекші және одағай

сөздер жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін калыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,

еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөз-дікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.

1. Сэлемдесу.

2. Кезекші мэлімдемесі.

З.Журнал бойынша түгелдеу.

4.Жаңа сабаққа дайындық.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші жэне одағай сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Сөйлемде қолданылған сөздердің мағыналары бірдей бола бермейді. Сөздердің көпшілігі белгілі бір үғымның атауы болады да, жеке түрғанда белгілі бір лексикалық мағынаны білдіреді. Ал кейбір сөздер жеке түрғанда ешбір мағына білдіре алмайды, сөйлемде басқа бір сөздің жетегінде қолданылып, сол сөздің мағынасынтолықтырып, күшейтіп тұрады немесе сөздерді бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Мысалы, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай). Бу_л сөйлемдегі бес сөздің төртеуі жеке түрып белгілі бір мағынаны білдіреді:

мен—айтушы адам,

жазбаймын—қағаз бетіне сөзді түсіру (түсірмеу),

өлеңді—белгілі бір үйқаспен айтылатын сөз;

ермек—уақыт өткізу үшін жасалатын әрекет.

Ал үшін дегеннің мүндай мағынасы жоқ. Бү_л сөйлемде үшін деген сөз ермек деген сөздің жетегінде тұрып, сол сөзге мақсаттық мэн үстейді де, ермек сөзін жазбаймын дегенмен байланыстырады.

Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздерді атауыш сөздер деп атайды. Ал ондай мағына білдіре алмайтын, тек басқа сөздердің жетегінде жұмсалатын сөздерді көмекші сөздер дейді. Атауыш сөздер өз бетімен белгілі бір мағынаны білдіретіндіктен, белгілі бір сүраққа жауап бере алады. Ал көмекші сөздер жеке түрып белгілі бір мағынаны білдіре алмайтындықтан, белгілі бір сүраққа да жауап бере алмайды. Демек, сөйлем ішінде оның белгілі бір мүшесі бола алмайды.

Әдетте көмекші сөздер өзі жетегінде жұмсалған сөзбен қабаттасып қолданылады, сол сөзге қосымша мэн үстейді не ол сөзді басқа сөзбен байланыстырып түрады. Жоғарыдағы сөздерді талдасақ, былай болар еді:

Кім жазбаймын дейді?—мен—бастауыш,

Мен не істеймін?—жазбаймын—баяндауыш,

1_

Нені жазбаймын?~өлеңді—толықтауыш,



Не үшін (мақсатпен) жазбаймын?—ермек үшін—пысықтауыш.

Үшін деген сөзге жеке сүрақ қоюға болмайды, сондықтан ол жеке түрып сөйлем мүшесі де бола алмайды.

Одағай сөздер адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді немесе жан-жануарларды шақыру мәнінде қолданылады. Олар да сөйлем мүшесі бола алмайды. Толық мағынасы болмағандықтан, белгілі бір сү_раққа да жауап бермейді. Мысалы: Па, шіркін! Сөзің сөз-ақ екен!

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 114-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерді оқып шығып, қүрамындағы атауыш сөздер мен көмекші сөздерді ажыратыңдар. Мэтіндегі антоним сөздерді табыңдар. Оның автор ойын білдірудегі мэні қандай екеніне назар аударыңдар.

Келесі тапсырма: 115-жаттығу жүмысының орындалу шарты төмендегідей: Мэтінді оқып, оған ат қойыңдар. Қарамен жазылған сөздердің атауыш екеніне назар аударыңдар.

Келесі тапсырма: 77-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Көшіріп жазып, көмекші сөздердің астын сызыңдар, олардың неліктен көмекші сөз делінетінін дэлелдеңдер. I жэне II мэтіндердегі автор-лардың ойын ортақ тақырыпқа тоғыстырып, білім, ғылым туралы эңгімелеңдер.

Сабақтың қорытындысы:

1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

3. Үйге тапсырма: 117-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін:

Мәтіннен одағай сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылып түрғанын дэлелдеңдер.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім

Сабақтың мақсаты:


  1. Оқушыларға сөз таптары және зат есім жайлы толық мәлімет

бере отырып, олардың ой-пікірін калыптастыру.

  1. Балалардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

  2. Балаларды елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеспе қағаздар, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсыпмасын тексеру.

97-жаттығу. Балалардың «Астана символы – бәйтерек» тақырыбында жазған ойтолғауларын тексеру, талдау. Одағай, атауыш, көмекші сөздерді тапқызып, ережелерін сұрау.

98-жаттығу. 96-жаттығуда берілген мәтіннен одағай, атауыш, көмекші сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылғанын айтады.



Атауыш сөздер

Көмекші сөздер

Одағай сөздер

Ауыл, желкесі, тақыр, қызыл, кезең, төрт, атты, қатты, желіп, келіп, шыққында, Құлыншақ, төбе басында, бес қасқа, балалардың, ортасында, отыр

Деген, еді, деп, ...

Жә, е.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қызығушылығын ояту.

Хат.

Құрметті оқушылар! Егер менің қызметімді білгілерің келсе, алдымен менің отбасымды зерттеңдер. Сәлеммен ЗАТ ЕСІМ патша.



Ал, патшаның отбасы туралы деректі қайдан табамыз.Әрине, компьютерден сұраймыз. Компьютерден Зат есім фаилын таптық.Одан төрт сурет және тапсырма шықты.

Тапсырма. Бұл суреттегі адамдар менің өмірімнің жалғасы олар кімдер және қызыметін анықтаңдар.

Оқушы. Меніңші бұлар

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері

Сабақтың мақсаты:


  1. Оқушыларға сын есімнің мағыналық түрлері жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

  2. Балалардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

  3. Оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, тақта, бор, кесте, т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Сын есім қалай жасалады?

Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар мыналар:

1) -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі, т.б.

2) -сыз, -сіз: үй-сіз, жер-сіз, қызмет-сіз, жолдас-сыз, атш-сыз, т.б.;

3) -ғы, -гі, -қы, -кі: жаз-ғы, іш-кі, сырт-қы, соң-ғы, күз-гі, түн-гі, т.б.;

4) -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: азамат-тық, жыл-дық, көлем-дік, күн-дік, өлке-лік, т.б.;

5) -шыл, -шіл: жер-шіл, ұйқы-шыл, күлкі-шіл, үй-шіл, сыр-шыл, т.б.;

6) -шаң, -шең: бой-шаң, сөз-шең, киім-шең, тер-шең, т.б.;

7) -дай, -дей, -тай, -тей: үй-дей, қой-дай, арыстан-дай, ат-тай, түлкі-дей, т.б.;

8) -кер, -гер, -қой, -қор, -паз (-ымпаз, -імпаз): та-быс-кер, найза-гер, әуес-қой, бәле-қор, жем-қор, шай-қор, өнер-паз, жең-імпаз, т.б.;

9) -и, -ы, -і: тарих-и, дін-и, әдеб-и, ресм-и, мәден-и, қазақ-ы, түрк-і, қалмақ-ы, т.б.

Етістіктен сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар мыналар:

1) -ғак, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек: ұрыс-қақ, тай-ғақ, үр(і)к-ек, қор(ы)қ-ақ, бөл-ек, т.б;

2) -ық, -ік, -қ, -к: тол-ық, сын-ық, аш-ық, ақса-қ, сире-к, біт-ік, т.б.

3) -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: біл-гіш, жаз-ғыш, көр-гіш, айт-қыш, бар-ғыш, т.б.;

4) -ғыр, -гір, -қыр, -кір: өт-кір, үш-кір, ал-ғыр, тап-қыр, біл-гір, т.б.;

5) -шақ, -шек: ұрын-шақ, жасқан-шақ, сүрін-шек, қызған-шақ, мақтан-шақ, т.б.;

6) -ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі: бас-ыңы, көтер-іңкі, шаш-ыңқы, салбыра-ңқы, т.б.;

7) -ынды, -інді, -нды, -нді: жаса-нды, асыра-нды, құра-нды, түй-інді, т.б.;

8) -малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі: көтер-мелі, таңда-малы, айны-малы т.б.;

9) -ымды, -імді, -мды, -мді: жара-мды, шыда-мды, қон-ымды, келіс-імді, т.б.;

10) -аған, -еген: қаш-аған, сүз-еген, теб(п)-еген, қаб(п)-аған, т.б.;

11) -улы, -улі: қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы, т. б.;

12) -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: қыз-ба, бұра-ма, ес-пе, боя-ма, т.б.

Ескерту.


  1. Көрсетілген жұрнақтардың кейбірі басқа сөз табында да кездеседі. Мысалы: -лық, лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы зат есім де жасайды: жақсы-лық, жаман-дық, дос-тық, күнде-лік, орын-дық, т.б.; -сыз, -сіз, -дай, -дей, -тай, -тей, -шаң, -шең, т. б. үстеуде де кездеседі. Мысалы: ақы-сыз берді, ат-сыз келді, қыс-тай дайын-дады, тоты-дай сайрады,

  1. Жаңа сабақ. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға сын есімнің мағыналық түрлері жайлы түсіндіремін.

Сын есім

Сапалық сын есім Қатыстық сын есім

Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, Зат есім, есімдік, етістік, үстеу сөз

заттың сынын, түр-түсін тікелей анық- таптарына сын есім тудыратын

тайтын түрі жұрнақтар жалғанып жасалған

түрі

заттың түр-түсін, сын-сапасын тікелей заттың сын-сипатын, әр түрлі



анықтайды (шырай жұрнақтары жалғ.) белгісін басқа сөз табының қатысы

арқылы білдіреді





  1. Оқулықпен жұмыс.

Жаттығу жұмыстары орындалады.



  1. Сабақты бекіту.

Сұрақ-жауап арқылы бекітіледі.

Венн диаграммасы.



Сапалық сын есім

ұқсастығы

Қатыстық сын есім

айырмашылығы




айырмашылығы

Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайды.

Екеуі де сын есім. Қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.

Қатыстық сын есімнің мағынасы өзіне негіз болған түбір сөздің мағынасына байланысты болады. Зат есім, есімдік, етістік, үстеу сөз таптарына сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып, туынды сын есім жасалады.

қызыл (бояу), ащылау (қымыз)




өнерлі жігіт – өнердің неше түрін білетін жігіт екенін




  1. Үйге тапсырма:


  1. Оқушыларды бағалау.



Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Етістік туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға сөз таптары, етістік туралы түсінік, етістіктің

құрамына қарай түрлері: негізгі жэне туынды етістіктер, құрылысына қарай түрлері: дара және күрделі етістіктер жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,

еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Өткен материалды қайталау.

  3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қызығушылығын ояту.

Жұмбақ шешу

Аяғы жоқ жүреді, сық-сылқ күледі.

Су

Сөз үйретсең қайталайды, өздігінен айта алмайды.



Тотықұс

Тілдерімен жүреді, уақытты біледі.



Сағат

  • Қимылды білдіретін сөздер бар ма?

  • Етістіктерді тауып, құрамына қарай ажыратыңдар.

  • Етістік туралы не білеміз?


Етістік



  • Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе? т.б.) деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, көп ойнасаң, бала боласың. Берілген мысалда ойласаң, ойнасаң сен не істесең? деген сөздер заттық ұғымдағы сөздің (сен) қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұр. Мұндай сөздер етістік деп аталады.

Етістік тұлғасына қарай негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып екіге бөлінеді. Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі түбір немесе негізгі етістік деп аталады. Мысалы: кел, бар, жүр, т.б.

Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады. Мысалы: ойна, шегеледі, қарайып, көгерген, басқарса, күшейіп, т.б. деген етістік-тер: ойын, шеге, көк, бас, күш деген түбірлерге (есім сөздерге) -а, -ле, -й, -ер, -қар, -ей жұрнақтары жапғану арқылы жасалған етістіктер.

Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан (есімдер мен еліктеуіш сөздерден) белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Ол жұрнақтар мыналар:

1) -ла, -ле, -да, -де, -та, -те: шеге-ле, таза-ла, тіс-те, бас-та, т.б.

2) -а, -е: ойн-а, бос-а, түн-е, т.б.

3) -ай, -ей, -й: мол-ай, аз-ай, көб-ей, қара-й, т.б.

4) -ар, -ер, -р: ағ-ар, көг-ер, қысқа-р, т.б.

5) -ғар, -гер, -қар, -кер: бас-қар, ес-кер, тең-гер, т.б.

6) -ық, -ік, -қ, -к: кеш-ік, зар-ық, бір-ік, т.б.

7) -ыра, -іре,: жарқ-ыра, желб-іре, т.б.



Каталог: uploads -> doc -> 0226
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0226 -> 3-ші Республикалық оқытушылардың «Ұлағатты ұстаз» атты сайысқа


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет