21 Сурет. Сурет шекарасы менюі 22 Қалыңдық бағыныңқы менюі
Тапсырма1. Абай Құнанбаевтың өлеңін қатесіз теру.
Қыс (А.Құнанбаев)
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Тапсырма2. Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мейрамына сурет салу және тілектерін жазу.
4. Сергіту сәті
Видеороликке қарау арқылы жаттығу жасау.
5. Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Пішімдеу дегеніміз не?
2. Суреттерді пішімдеу үшін не қолданамыз?
3. Жазуларды пішімдеу үшін нені қолданамыз?
6. Оқушыларды бағалау
7. Үйге тапсырма: Өткен тақырыптарға байланысты тест құрастырып келу. Ребус құрау.
Сабақ жоспары:27 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 6 «а, ә, б»
Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесер туралы жалпы мағлұматтар
Сілтеме:
|
6-сынып оқулығы;
Плакаттар , слайдттар
Стендтер.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Білімділік мәні:
|
Оқушыларға тұсаукесер туралы жалпы мәліметтерді білуі тиіс
PowerPoint интерфейсі және терезе элементтерімен танысу.
Тұсаукесерге сладттар қосужәне олармен жұмыс істеу.
Шаблон бойынша тұсаукесерді құруды білу..
|
Дамытушылық мәні:
|
Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
|
Тәрбиелік мәні:
|
Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу.
|
Нәтиже:
|
Бағдарламаны іске қосуды біледі
Тұсаукесерге слайдттар қосу және олармен жұмыс істеуді біледі;
Жаңа тұсаукесер және шаблон бойынша тұсаукесерлер құрып, слайдттарды қарау және жоюды біледі
Теорияны практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады;
Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыланады;
|
Түйінді идеялар:
|
PowerPoint интерфейсі және онымен жұмыс істеу
Тұсаукесер құру және жұмыс істеу принциптері
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа сабақ
|
Әдіс-тәсілдері:
|
СТО, АКТ, диалогтық оқыту
|
Пәнаралық байланыс:
|
математика
|
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сәлемдесу.
Ұйымдастыру.
Топқа бөлу.
Сабақ барысымен таныстыру.
Бағалау парағын таныстыру.
Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
|
Сәлемдесу
Өздерін ретке келтіру
Сыныпта өздеріне ұқсас оқушыларды тауып, жасалған шеңберде бір-біріне жақсы тілектер айту
Топқа бөліну
Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру
|
Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)
(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)
|
Нысандармен қандай әрекеттер орындауға болады?
Нысандарды қалай жылжытуға (көшіруге) болады?
Бәрнеше нысандарды бір мезгілде ерекшелеуге болама?
Нысандардың орналасу ретін не үшін өзгертеді?
Нысандардың орналасу ретін қандай бұйрықтар баптайды?
Нысанды қалай жоямыз?
|
Қызығушылықты ояту (5 мин.)
|
5 слайдттан туратын «Менің отбасым» тақырыбында тұсаукесер көрсетіледі. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, және дыбыстық түсіндіру қамтылған.
|
Оқушылар зейін қойып тыңдайды
|
Мағынаны тану
(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)
|
Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сыныпты гүлдің суреттері арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.
6-сынып оқулығында «Тұсаукесер туралы жалпы мәлімет» тақырыбын оқыту.
|
Оқушылар белсене қатысады.
Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Оқушылармен бірге табыс критерийлері анықталады.
Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды.
Топтағы әрбір оқушы тақырыптың бөлімдерін оқып, өздері оқығаны туралы топқа түсіндіреді.
Топтағы оқушылар постерге түсінгендері бойынша жазады, суреттерін салады.
|
Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Бағалау (5 мин.)
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бақылайды, бағалайды.
Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.
Бағалау критерийлері
• Өз бетімен білім алуы
• Дербес жұмыс жасауы
• Жұпта жұмыс жасауы
• Информатикалық білімі
• Информатикалық терминді пайдалану
|
Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
|
Үйге тапсырма (1 мин.)
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Үйге «Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер» тақырыбын оқып келу.
|
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
|
Рефлексия (2 мин.)
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.
|
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.
|
Сабақ жоспары:28 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 6 «а, ә, б»
Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесерлерді безендіру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар слайд жасақтап, презентацияларды құру мен безендіру шаблондарының жаңа мүмкіндіктерімен танысып, жұмыс істеу принципін түсінеді.
Дамытушылық: Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып ойлау ұшқырлығын дамытады.
Тәрбиелілік: PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен компоненттерін ажырата білуді қалыптастырып оқушыны білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелейді.
Міндеттері:
1. Мазмұнға байланысты міндеті: Power Point бағдарламасында презентацияны басқарудың мүмкіндіктерін толық игереді.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту: Оқушы ойланып, толғанады. Зерттей отырып, жаңалықты қабылдайды. Салыстыру арқылы теориялық білімін лабораториялық жұмыста көрсете алады.
3. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті: Өз ойларын айту арқылы бірін - бірі оқытады. Басқалардың жауабын тыңдайды. Қорытынды пікір шығарады.
Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Көрнекілігі: компьютерлер, мульти - проектор, парақшалар, плакаттар.
Стратегиялар: «БҮҮ», «Өзім үшін жазу», «Топпен зерттеу», «Топтастыру»,
«Бес жолды өлең»
Бағалау: Мұғалімнің бақылауы бойынша.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру. (3 минут)
Сабағымызды бастайық. Бүгін жаңа сабақ өтеміз және жарыса отырып үй жұмысын қайталап, жаңа сабақты практикалық игеруді де жарыса отыра жүргіземіз. Ол үшін үш топқа бөлінейік:
1 - топ: «Слайд» тобы
2 - топ: «Дизайн» тобы
3 - топ: «Анимация» тобы болсын, әр топ өз басшысын сайлап алсын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І - кезең. «Бәйге» (5 - минут)
Өткен тақырыпты тексеру бөлімін «Бәйге» деп атайық. Бәйгеден қай топ озып алда келеді екенін білейік.
1. Презентация ұғымы қандай мағына береді? Латынша praesento тапсырамын немесе ағыл. present – ұсыну
2. Презентация дегеніміз не? Өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну
3. Power Point программасын іске қосу үшін: Пуск - Программы - Microsoft Office - Microsoft Office Power Point
4. Қандай бағдарлама көрмелерді жоспарлауға, жасауға және өңдеуге арналған? Microsoft Power Point
5. Әр түрлі нысандардан тұратын презентацияның құрамдас бөлігі қалай аталады? Слайд
6. Терезе элементтерін ата?
• Тақырып жолағы
• Стандартты/пішімдеу құралдар сайманы
• Меню жолы
• Слайдтардың кішірейтілген үлгісі
• Жұмыс аймағы
• Қалып - күй жолы
І. Қызығушылықты ояту. (10 минут)
ІІ - кезең. «Білгіш топ»
Стратегия: «БҮҮ»
Балалар, Power Point бағдарламасы туралы жалпы не білесіңдер, соны «Білетінім» графасына, бұл бағдарлама туралы жалпы не білгің келеді, соны «Үйренгім келеді» графасына жазыңдар. (3 - минут)
Топ басшылары жазғандарын оқиды.
Ендеше дәптерлеріңе бүгінгі сабағымыздың тақырыбын жазыңдар.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары».
ІІ. Мағынаны тану. (10 минут)
Стратегия: «Өзім үшін жазу»
Слайдпен көрсетіп, түсіндіру:
1 - слайд – Презентацияны жасақтауда келесі ұсыныстар ескерілгені жөн:
Презентацияның мақсаты мен жалпы мазмұнын жан - жақты жоспарлау;
Әрбір слайд мазмұнды және есте қалатындай болып құрылуы қажет;
Слайдтағы ақпараттар қарапайым және мазмұнды болуы керек;
Слайдтарды безендіруде түстерді таңдау қажет;
Тыңдаушылардың назарын аударатындай анимациялық өтеулер, видеодыбыстар қолданылу ұсынылады.
2 - слайд - MS Power Point - көрмелерді әзірлеуге арналған бағдарлама.
3 - слайд – Дизайн - фонды таңдау.
4 - слайд – Анимация – анимация таңдау – Применить ко всем
5 - слайд – Переходы (Өту)– Түр таңдау
6 - слайд – 1. Главная – Создать слайд
2. (Ctrl+M)
3. Enter
4. Тышқанның оң жағы - Копировать - Вставить
7 - слайд – Вставка – Word Art
8 - слайд – Анимация – Настройка анимация – Добавить эффект
9 - слайд – 1. Показ слайдов – С начала
2. (Ғ5)
3. Показ слайдов – С текущего слайда
ІІІ - кезең. «Компьютерлер әлемі» (10 минут)
Стратегия: «Топпен зерттеу»
(Топ басшылары қорғайды)
Тақырыбы “Ғарышкерлер күні”, «Атырау - туған өлкем», 9 мамыр «Жеңіс күні»
Тапсырма: Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация таңдау, әдемілеп жазу, яғни:
1. Тақырыбы
2. Суреті, өлең, мәтін жазу
3. Мазмұны
IV - кезең. «Кім жылдам?» (5 минут)
Стратегия: «Бес жолды өлең»
Ортаға топ басшыларын «Айтысқа» шақырып, «Презентация» деген бір парақ ұсынып, бес жол өлеңді құрастырту.
1. зат есім - бір сөзден
2. сын есім - екі сөзден
3. етістік – үш сөзден
4. сөз тіркесі – төрт сөзден
5. синоним – бір сөзден
Стратегия: «БҮҮ» (5 минут)
«Үйренгенім» графасын бүгінгі жаңа сабақпен толықтыру.
ІІІ. Ой толғаныс.
Қорытынды.
Стратегия: «Топтастыру»
Бағалау. Жеңіске жеткен топтарды бағалау.
Үйге тапсырма: «Power Point бағдарламасы» тақырыбында слайд жасау, қорғау.
Сабақ жоспары:29 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 6 «а, ә, б»
Сабақтың тақырыбы: Нысандарды компьютерлік тұсаукесерге кірістіру
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Power Point бағдарламасында жұмыс істеуді одан әрі меңгерту.
Білімділік: Power Point – тың графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып презентацияларды әдемі құрастыруды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін - өзі бағалауға,
уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, тапсырма.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру сұрақтары.
3. Жаңа сабақ.
4. Жаңа сабақ бойынша практикалық кезең.
5. Сергіту сәті.
6. Үйге тапсырма.
7. Бағалау.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) амандасу.
б) сыныпты түгелдеу
2. Үй жұмысын тексеру сұрақтары.
1. MS Word қандай бағдарлама? (MS Word – бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және пішімдеу, басып шығаруға арналған бағдарлама)
2. Презентацияны әзірлеу кезіндегі ережелерін атаңдар. (Жоспары болуы керек, ақпарат ықшам болуы керек, эстетикалық талғамға сай, графикалық бейнелермен безендіру)
3. Power Point программасының негізгі міндеті? (Ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау, және өңдеу.)
4. Power Point программасын қалай іске қосамыз. (Пуск - Программы - Мicrosoft Office - Мicrosoft Office Power Point командасы арқылы немесе жұмыс үстелінде маустың оң жақ батырмасын басып, Создать - Презентация Power Point командасы арқылы.)
5. Power Point - ң қандай мүмкіншіліктерін білесіңдер?(Power Point программасы презентацияға сурет, сызба, анимация, сілтеме, бейне мен дыбысты қосуға мүмкіндік береді.)
6. Слайд дегеніміз? (Слайд деп – қызықты суреттер, сызбалар, эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды.)
7. Слайдты толық экранға көрсету үшін? (Вид – Показ слайдов немесе F5 пернесі.)
8. Power Point - та құжатты қалай сақтаймыз? (Файл – Қалай сақтау (Сохранить как) немесе Файл – Сақтау (Сохранить)).
9. Power Point программасының терезе элементтерін атаңыздар? (Тақырып жолы, меню жолы, пішімдеу қатары, стандартты саймандар қатары, жұмыс аймағы, сурет салу құралдары, қалып күй жолы.)
3. Жаңа сабақ.
Power Point – тың негізгі міндеті ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Power Point – та жасалған құжатты слайд деп атайды. Слайд – қызықты суреттер, сызбалар эффектілер мен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды.
Слайдты құрайтын обьектілерді төмендегі кестеден көруге болады.
Слайдқа кестелер, суреттер қою үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз.
1. Кірістіру (Вставка) – Кесте (Таблица)
2. Көшіріп алу (Копировать) – Қою (Вставить)
3. Кірістіру (Вставка) – Сурет (Рисунки)
4. Көшіріп алу (Копировать) – Қою (Вставка)
Слайдқа дыбыс пен бейне қосу үшін.
Кірістіру (Вставка) – Дыбыс (Звук)
Кірістіру (Вставка) – Бейне (Фильм)
4. Сергіту сәті
РЕЛАКСАЦИЯ Видео бейнеге қарап отырып, тынығу
5. Компьютермен тәжірибелік жұмыс
Деңгейлік тапсырмалады орындау 199-201 беттер
6. Бекіту сұрақтары:
Бақылау сұрақтарына жауап беру
7. Үйге тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |