Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу.Әріптер. Абзац. Практикалық жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу. Жалпы мақсаттары



бет1/2
Дата18.02.2018
өлшемі205,42 Kb.
#37939
түріСабақ
  1   2
Пәні: Информатика

Сыныбы: 5 сынып

Күні: 17.02.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу .Әріптер.Абзац .

Практикалық жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу.

Жалпы мақсаттары


  • Мәтіндерді теруді, мәтінді өзгерту, реттеу, рәсімдеуді білу.

  • WordPad – та мәтінмен түрлі жұмыс жүргізуді түсіну.

  • Пернетақтамен мәтінді енгізуді, тышқанды пайдалануды үйрену.

Сабақтың түрі: Практикалық

Сабақтың типі: Білім мен білікті қалыптастыру

Сабақтың әдісі : Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау

Оқыту нәтижесі


  • Мәтіндерді теруді, мәтінді өзгерту, реттеу, рәсімдеуді білетін болады.

  • WordPad – та мәтінмен түрлі жұмыс жүргізуді түсінеді.

  • Пернетақтамен мәтінді енгізуді, тышқанды пайдалануды үйренеді.

Сілтеме: «Информатикадан оқыту әдістемесі», 5 сынып оқулығы, тест,

Ресурстар: Оқулық,проектор, слайд, маркер, тест,

І.Ұйымдастыру кезеңі.(оқушылармен амандасып,сабаққа дайындау).

Бүгінгі ашық сабағымызды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030 жылғы барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей ашық сабақтарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік еген сөзімен бастағалы отырмын.

2016 жыл Тәуелсіздігімізге-25 жыл, 2017 жыл Универсиада- 2017,ЭКСПО-2017 іс-шарасымен тығыз байланысты.Осы атаулы күндерді әрқашан жадыларыңда ұстауларыңа бүгінгі сабақтың да қосар үлесі мол болмақ.



  • Ынтымақтастық атмосферасы. Оқушылар алдағы Қазақстанның болашақ ұрпағы ретінде өз еліне,жеріне, Елбасына және сыныптастарына жақсы тілек тілейді.

ІІ. «Ой сергіту» аялдамасы. «Кім жылдам» ойыны
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.Сұрақ-жауап тәсілі арқылы берілген сұрақтарға тез жауап береді.Үш тілде жауабы.

1. Қағаздағы көріністі компьютерге енгізетін құрылғы.

2. Ақпаратты өңдейтін есептеу құралы

3. Тышқанның ағылшынша атауы

4. Ақпаратты қағаз бетіне шығаратын құрылғы

7. Рычагты монипулятор

8. Компьютердің миы

9. Адам денсаулығына зиянды құрылғы

10. Компьютердің есте сақтау құрылғысы

11. Интернет желісіне шығу үшін қажет құралдың бірі

12.Принтердің түрі

13. Шрифтінің қазақша атауы сұрақтарға қысқаша жауап беру

14. Microsoft Word мәтіндік редакторының қызметі?
15. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу жолы?
16.Мәтіндік құжатты пішімдеу дегеніміз не?
17.Microsoft Word мәтіндік редакторының жасалған жұмысты қалай сақтаймыз?
18.Microsoft Word мәтіндік редакторында жаңа құжат құру командасы?
19.Baskspace, Delete пернелері не үшін керек?

20.Сақталған құжатты қалай ашамыз?

Жаңа сабақ.Проектор арқылы түсіндіріледі.

Біріншіден, пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға болады : Контекстік мәзір лентасындағы бұйрықтар батырмаларын шерту.

       Екіншіден, пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін тағайындалу немесе енгізілгеннен кейін орындалуы мүмкін.

        Әріптің кескінін мына батырмамен өзгертуге болады:

        Экранда әріптердің көлемін өзгертуге де болады. Оларды үлкейтуге де, кішірейтуге де болады. Ол үшін   батырмасын қолданады. Келесі үш батырманың қызметі:

 - Әріптерді жуандатады;

 - Әріптерді қисайтады;

 - мәтіннің астын сызады.

        Символ үшін мынадай баптауларды тағайындауға болады:

·         әріптің түрін ;

·         мөлшерін;

·         түсін.

 Іскерлік хаттар, рефераттар үшін әріптің 14 пт мөлшері, TimesNewRoman гарнитуралары ұсынылады. Мәтінді түстермен және ерекше кескінмен көзге түсердей етіп артық белгілеудің қажеті шамалы.

Сондай – ақ ерекшеленген мәтінді пішімдегенде пернелер тіркесімін бірге пайдаланған да ыңғайлы. Мысалы, әріптің кескінін жуан ету үшін Ctrl+B , курсив ету үшін - Ctrl+І пернелер тіркесімін қолдануға болады.


«Мен білімдімін». Microsoft Word терезе элементтерін жазу. Оқушылар бір бетке жазып шығып. нәтижесін тақтадағы дұрыс жауаппен салыстыру.

«Артық сөзді тап» Мәтіндік редакторға байланысты емес сөзді табу керек
Сөздер; операциялық жүйе, мәтіндік процессор, абзац, пішімдеу, қиып алу, графикалық редактор, кегль, бүріккіш, алгоритм.

ІІІ. Практикалық бөлім:

Мақалдың жартысын беріп, ал оқушылар жартысын тауып Word - та тездетіп жазу керек. Жасырылған сөзді шү тілде айту.


1. Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас /Жер,земля,Earth/
2. Өнер алды - қызыл тіл /қызыл,красный, red/
3. Ырыс алды – ынтымақ / ынтымақ, солидарность,salidarity
4. Көз қорқақ - қол батыр. /қол, рука,hand/
5. Ұрлық түбі – қорлық /қорлық, унижение,violence/
6. Денсаулық - зор байлық./денсаулық,здоровье,
7. Еңбектің наны тәтті, / нан, хлеб,bred/
Қорқақтың жаны - тәтті

8. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей / еңбек,труд,work/

9 Ерді намыс өлтіреді, / намыс, совесть,pride/

Қоянды қамыс өлтіреді

10. Оқу инемен инемен құдық қазғандай /ине,игла,needle/
Деңгейлік тапсырмалар орындау
1 - деңгей
1. «Менің Отаным - Қазақстан» деген мәтінді теріңдер
.

2.Қаріптерге назар аударыңыздар.


3.Терілген мәтінді «Отан» деген атпен сақтаңдар.

«Менің Отаным - Қазақстан» Қазақстан - ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Осынау қасиетті мекенде жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұрады. Асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!


2 - деңгей
А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жазу


Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,


Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көрсеңіз.

Жамандық көрсең нәфритлі,


Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.

3 – деңгей.1.«Болашақтың мектебі».2. ЭКСПО 3. Универсиада 2017 тақырыптарының бірінде шағын әңгіме жазу.

Сергіту сәті :1 минуттық дене, көз жаттығуларын жасау
Қосымша тапсырмалар
«Информатика» және «Ақпарат»сөзінің әрібір әріптерінен басталатын информатика пәнімен байланысты сөздер немесе терминдерді теріп жазу.

«И»- информатика, информация, иілгіш диск, интернет, интерфейс.


«Н»- ноутбук, номер, надпись.
«Ф»- формат, файл, флешка, фигура, формула.
«О»- орналастыру, орау.
«Р»- реттеу, редактор, рисунок.
«М»- меню, монитор, маус, маркер, модем.
«А»- ақпарат, архивтеу, антивирус, абзац.
«Т»- тақырыптық жол, тізім, термин, түс.
«И»- информатика сабағының мұғалімі.
«К»- компьютер, көшіру, клавиша, клавиатура.
«А»- ақпараттандыру, айналдыру жолағы, адаптер, ашу, алмастыру.

ҮІ.Қорытынды бөлім.Венн диаграммасы арқылы Paint пен WordPad редакторының ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, қорғау.

Рефлексия.Оқушылар стекерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады. «Екі жұлдыз, бір тілек»

ҮІІ.Білім шыңы.( бағалау парағы арқылы бағалайды)

ҮІІІ.Үйге тапсырма.Мәтіндік редактор тақырыбын оқу, ребустар құрастырып келу.


Тапсырма №1

Жеке жұмыс «Өлең керек»

Сая боп жаныңа емен, терек,

Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.

Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!

1. Өлең жолдарын теріңіз, әріптің өлшемін 14 – пен жазыңыз

2.Өлең жолдарын түрлі түске бояңыз

3. Өлеңнің тақырыбын қалыңдатып, орта жолға қойып, қызыл түске боя.



Тапсырма №2

Жұптық жұмыс «Сәйкестендіру»

Атау септік компьютер

Ілік септік компьютердің

Барыс септік компьютерге

Табыс септік компьютерді

Жатыс септік компьютерде

Шығыс септік компьютерден

Көмектес септік компьютермен



Тапсырма №3 «Константинополь әдісі»

Топтық жұмыс.Ойлан, жұптас, топтас.

1.«Пернетақта» сөзіне барынша қысқа көп сөздер құрастыру керек.

2. «Информатика» сөзіне барынша қысқа көп сөздер құрастыру керек.

Оқушылар бірінші тапсырманы өзі орындайды, екінші жұпта талқылайды, топта бірігіп жұмыс жасайды.

Тест тапсырмасы Уақыт - 5 мин


  1. Аспаптар панеліндегі батырмасын мына әмірге сай келеді:

А) жаңа құжатты құру Б) құжатты ашу С) алдын-ала көру

2. Аспаптар панеліндегі батырмасы мына әмірге сай келеді:

А) жаңа құжатты ашу Б) құжатты ашу С) алдын-ала көру



3. Аспаптар панеліндегі батырмасын мына әмірге сай келеді:

А) көшіру Б) қою С) жаңа құжатты ашу

  1. Аспаптар панеліндегі батырмасын мына әмірге сай келеді:

А) алдын-ала көру Б) қайталау С) болдырмау

5. Аспаптар панеліндегі батырмасы мына әмірге сай келеді:

А) мәтіннің курсивтік кескіні

Б) мәтіннің жартылай жуан кескіні С) асты сызылған қаріп



6. Мәтіндік процессормен жұмыс кезінде мәтінді теру мынаның көмегімен жүзеге асады:

А) пернетақтаның Б) тінтуірдің С) принтердің (жазғының)
7. Қандай аспаптар панелі құжат файлын сақтау, көшіру және т.б. әмірлерден тұрады:

А) стандарттық Б) форматтау С) сурет салу

8. Аспаптар панеліндегі батырмасын мына әмірге сай келеді:

А) жаңа құжат құру Б) құжатты сақтау С) алдын-ала көру



9. Аспаптар панеліндегі батырмасын мына әмірге сай келеді:

А) қию Б) көшіру С) қою

10. Аспаптар панеліндегі батырмасын мына әмірге сай келеді:

А) қою Б) көшіру С) құжатты ашу

11. Аспаптар панеліндегі батырмасын мына әмірге сай келеді:

А) қайталау Б) болдырмау С) алдын-ала көру

12. Аспаптар панеліндегі батырмасын мына әмірге сай келеді:

А) мәтіннің курсивтік кескіні Б) асты сызылған мәтін



С) мәтіннің жартылай жуан кескіні


11-12 жауапқа - «5»

8-10 жауапқа - «4»

5-7 жауапқа «3»

3-4 жауапқа «2»

2-1 жауапқа «0»





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет