Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатты пішімдеу Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/2
Дата20.06.2018
өлшемі139 Kb.
#43962
  1   2
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатты пішімдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ms Word редакторында құжатты пішімдеу тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру. Тақырып бойынша алған білімдерін компьютердің көмегімен тиімді пайдалана білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеу шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.

Тәрбиелік: Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, тірек сөздер.

Жабдықталуы: көрнекі материал (слайд, дайын суреттер), оқу құралдары,

проектор, компьютер, деңгейлік тапсырмалар



Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Үйге тапсырма


Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Microsoft Word мәтіндік процессор дегеніміз не?

  2. Терезе элементтері қандай бөліктерден тұрады?

  3. Мәтіндік құжатты редакциялау дегеніміз не?

  4. MS WORD-та жазылған құжаттың кеңейтілімі қандай?

  5. Мәтін символын немесе бөлігін көшіру қалай орындалады?

  6. Құжатты қалай сақтайсыз?

  7. Вен диаграммасын толтыр.





Компьютерде Қағазда

жазылған мәтін жазылған мәтін

Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру

ХХІ ғасыр жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласында толық енгізілді. Сондықтан да келешек ұрпақтың, оқушылардың алдында тұрған ең негізгі міндеті - өмірге икемделгіш, заман ағымына сай ілесе алатын азамат болу. Соның бір жолы компьютер тілін үйрену болып табылады. Компьютерді білу –екінші сауаттылық.



Пішімдеу (Форматтау) деп әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттың көркемделуін айтады. Құжатты пішімдеуді құжатты құрардың алдында, сол сияқты одан кейін де орындауға болады. Егер алынған құжат сізді қандай да бір себептерге байланысты қанағаттандырмаса, онда әрқашанда оның пішімдеу параметрін өзгертіп, қайтадан пішімдеуге болады.

Форматтау әрекеттерін орындай отырып:

  • әр түрлі қаріпті таңдауға;

  • жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол, оң, жоғары, төмен өрістерін анықтауға;

  • бетте мәтінді туралауға;

  • қатар арасындағы интервалды бекітуге және өзгертуге;

  • мәтінді бағандарға бөлуге;

  • мәтін жақтауларының әр түрлі типтерін қолдануға;

  • мәтіннің көркемделуімен (тізім, құю, және т.б.) байланысты барлық мүмкіндіктерді пайдалануға болады.

Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де оның бөлімдері: символмен сөзбен, жолмен, абзацпен, бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек.
Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларын да, пернелердің арнайы комбинацияларын да пайдалануға болады.

Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат менюінен Шрифт командасын орындаймыз.



Көрінуін өзгерту

  • Астын сызу

  • Астын екі рет сызу

  • Жоғары индекс

  • Төменгі индекс

  • Көлеңкемен

  • Контур

  • Көтерілген

  • Батырылған

  • Кіші бас әріппен

  • Барлығы бас әріппен

  • Жасырылған

Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет