Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің құрылымы
Сабақтың мақсаты:мәтін туралы мағлұмат бере отырып, мәтінге жоспар құруды үйрету.
Пәндік нәтиже: жоспар арқылы мәтіннің негізгі мазмұны көрсетілетінін, мәтіннің мазмұны ретімен айтылатынын түсіндіру.
Тұлғалық нәтиже: мәтінге жоспар құра білуге үйрету; шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Жүйелі-әрекеттік нәтиже. Есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, жұмыс дәптері, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Жаңа сабақты түсіндіру. Мәтін бойынша жұмыс. «Кірпі»
-Мәтін не туралы?
-Оны қайдан білдіңдер?(тақырыбынан)
-Мәтін неше абзацтан тұр?(3 абзац)
Үш абзацты жеке-жеке оқыту, әр абзацқа ат қою.
1.Есімбектің олжасы.
2.Жаралы кірпі.
3.Балалардың қамқорлығы.
Мәтіннің мазмұны ретімен айтылатыны түсіндіріледі
2. Оқулықпен жұмыс.1-жаттығу.Мәтінді оқып, әр бөлімнің 1-сөйлемін көшіріп жазу.
Ережені оқу.
2-жаттығу.Мәтінге ат қою.Мазмұнын әңгімелеу.
Сергіту сәті
3-жаттығу.
Мәтіннің бөліктерін анықтау.Негізгі бөлімді көшіріп жазу.
3.Сабақ соңында «Орман» мәтінін оқу ,ат қою, неше абзацтан тұратынын анықтау. Үй тапсырмасы. 67 бет, 4-жаттығу.
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Қызық дәстүр
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын түсініуге, сөздік қорын байытуға, сол сөздерді өмірде пайдалана білуге жағдай жасау.
Пәндік нәтиже: автордың көтерген идеясын жаңғырту арқылы өзінше ой түю, зерттей оқу мүмкіндігін ашу.
Ой-өрісін, тіл байлығын дамыту арқылы сөз ұтқырлығына баулу, өз тап сезімдерін басып сипаттауға үйрету.
Ұлттық салт-дәстүрімізді қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ұлттық салт-дәстүріміздің өткізілу іс-шараларынан сюжетті суреттер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй жұмысын тексеру.
1.Қызығушылықты ояту.
-Балалар, дәстүр деген сөзді қалай түсінесіңдер?Оқушылардың жауаптарын топтастыру. Дәстүр----қалыпқа түсірген өмір сүру заңы
Әдет-ғұрып
Мәдени мұра
-Қазақтың қандай салт-дәстүрін білесіңдер?
Оқушылардың жауабын тыңдау.
Дәптерге жазу.
Сергіту сәті.
Суреттер арқылы дәстүрлерді атау.
Сұрақтарға жауап беру.
Оқулықпен жұмыс.
2.Мағынаны тану.
Мәтінді оқу.
Мәтінге талдау жасау.
Сөздік жұмысы.
Бұл тойдың басқа тойдан ерекшелігі.
Ата-анасының тілектерін оқу.
Мәтіннен ат әбзелдерін, жабдықтарын теріп жазу.
Өздіктерінен оқу.
3.Сабақты қорыту.
Үйге тапсырма беру.Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеу.
Өзіңнің атқа мінер алдындағы, мінгендегі, түскеннен кейінгі сезімдеріңді дәптерге жазып келу.
Математика
Сабақтың тақырыбы: Белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер
Сабақтың мақсаты: қосу және азайту кестесін пысықтау,есептерді шығару және кері есептерді құрастыра білу дағдыларын жетілдіру, жақшалы өрнектертуралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың көрнекілігі: қосу кестесі, таспа, оқулыққима қағаздар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Өрнектерді оқу, мәнін табу./қима қағазбен жұмыс/
9+7 8+5 6+6
14-6 18-9 12-4
2. « Жасырын санды тап» ойынын ұйымдастыру.
Оқулықпен жұмыс.
№2 тапсырма. Есептерді оқып, шығару. Оларды салыстыру.
Кері есеп шығару.
Сергіту сәті.
№4 тапсырма. Өрнектердің мәнін табу./1 б,2 б/
Тақта алдында орындау.
№3 тапсырма.Есепті оқу, шығару.
Қалды -8 кітап
Болды-17 кітап
Алынды-?
Кері есеп құрастыру.
№ 5 тапсырма
Суретке қарап ең ауыр ойыншықты табу.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру.№4 /3б/, №3/ә/
Қазақ тілі /67 бет/
С/тақырыбы: Мәтіннің түрлері
С/мақсаты: мәтін және мәтін туралы алған білімдерін пысықтау
Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін-әңгімелеу мәтіні екенін түсіндіру.
Мәтінге жоспар құра білуге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.
С/көрнекілігі: кесте, суреттер,.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
Өткенді қайталау ,ережені сұрау.
Жаңа сабақты түсіндіру.
1-бөлік. Көл бетінде екі аққу жүзіп жүр.
Еркін майлы бояумен сурет салды.
Айша кітапханадан әдеби кітап алды. /Бұлар мәтін емес екенін айтады/
2-бөлік. Ерік атасымен тоғайға барды.Атасы екеуі тоғайдан қураған ағаштарды жинады.Оны арбаға тиеді.Қураған ағашты үйге алып келді. /Әңгімелеу мәтіні екені анықталады/
Тақтаға жоспар жазу: Мәтін құрастыру керек.Бұл әңгімелеу мітіні екені айтылады.
1/Пілдің мекені
2/Пілдің қорегі
3/Пілді адамдардың асырауы
Оқулықпен жұмыс.1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, мәтінге ат қою.
Сергіту сәті
Ережені оқу.
3- жаттығу.Жоспар бойынша мәтін құрастыру.
1/Қыстың түсуі
2/Құстардың ашығуы
3/Адамдардың құстарға көмегі
Сабақ соңында сұрақ-жауап арқылы мәтін туралы түсініктерін пысықтау.
-Мәтін дегеніміз не?
-Абзац дегеніміз не?
-Жоспар қалай құрылады?
-Мәтіннің түрлерін айтыңда
Үйге тапсырма. 2-жаттығу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері (пайымдау мәтіні)
Сабақтың мақсаты: оқушылардың мәтін туралы алған білімдері бекітіледі; пайымдау мәтіні туралы ұғындыру.
Пәндік нәтиже: зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін-сипаттау мәтіні деп аталатынын түсіндіру.
Тұлғалық нәтиже. Пайымдау мәтінін құрастыра білуге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Жүйелі- әрекеттік нәтиже: есте сақтау және сенімділік қабілеттерін, зейіндерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: кесте
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Кіріспе әңгіме. Үнтаспадан Е.Өтетілеуұлының «Футболшылар» өлеңі тыңдатылады. Сұрақтарға жауап береді.
-Өлең не туралы?
-Осы өлеңді қалай атауға болады?
-Неге? Т.с.с.
Негізгі бөлім.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, мәтінде не туралы айтылғанын сұрау.
Мәтіннің түрін анықтау үшін сұрақтар қйылады.
-Кітапханада не көп екен?
-Қажетті кітапты жылдам таба аласың ба?
-Кітапты жылдам табу үшін не істелген?
Осы туралы мәтінде жазылғанды тауып оқу./Бұл пайымдау мәтіні екені дәлелденеді/
Сергіту сәті. Ережені оқу.
2-жаттығу. Мәтінді оқып, көшіріп жазу.
Кесте арқылы сабақта алған білімдерін пысықтау.
Дидактикалық материалдардан тапсырмалар орындалады.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді, әр топқа тапсырмалар беріледі.
А) Әр топқа тапсырма беру, 1-топ пайымдау мәтінін құрастырады
(не үшін?)
2- топ –«Алтын күз». Әңгімелеу мәтінін құрастыру.(не істеді?)
3- топ-« Күзгі бақ». Сипаттау мәтінін құрастыру.(қандай?)
Ә) «Тырна» тақырыбына сурет бойынша мәтіндер құрастырады.
Үйге тапсырма беру.3-жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: |