Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы:Мәтіннің түрері.
Сабақтың мақсаты: а/Балаларға мәтін туралы кеңірек мағлұмат беру,
құрылымына тоқталып өту;
ә/Ұқыптылыққа, жинақылыққа, ширақтылыққа,
жинақылыққа тәрбиелеу;
б/Балалардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, баяндау,түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, топшамалар
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Балаларды психологиялық сабаққа дайындау.
ІІ.Өткен сабақты пысықтау.
Сурет бойынша әңгіме айту.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1-жаттығу.
Мәтінді түсініп оқу.
Дана мектептен шығып үйіне қарай келе жатты.Алдында бір әжей кетіп бара жатқан.Қолындағы сөмкесінен бір нәрсенің түскенін көріп қалды.
-Әже! Әже!-деп соңынан жүгіріп тоқтатты.Жерден кішкентай қапшыққа салған қантты алып, күтіп тұрған әжейдің қасына келді.
-Сөмкенің жыртық екенін байқамаппын.Сен болмағанда дүкенннен алған заттарымды түгел түсіре жаздаппын-ау!-деді.
Дана әжейдің сөмкесіне ішіндегілерін түспестей етіп салып берді.
Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеу.
1.Жыртық сөмке
2.дананың әжейге көмегші
3.Әжейдің батасы.
Мәтінді қалай атар едің?
өз бетіндік жұмыс.
3-жаттығу.
Жоспар бойынша мәтін құрастырып жазу.
Жоспар:
1.Қыстың түсуі.
2.Құстардың ашығуы.
3.Адамдардың құстарға көмегі.
Сергіту сәті.
Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады.
ІҮ.Қорытынды.
2-жаттығу.
Мәтінді оқу. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп айту.
Ү.Үйге тапсырма.
«Менің досым» тақырыбына мәтін құрастырып жазу.
ҮІ.Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |