Енді «Көксерек» әңгімесі бойынша тест тапсырмалары беріледі. 1. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін жазуға себеп болған оқиғаны көрсетіңіз. A) Естіген хикаясы себеп болған.
B) Жазушы қиялынан туған.
C) Өз басынан өткен.
D) Жұбайы Валентина Әуезова сатып әкелген күнтізбе әсер еткен.
E) Қысқы ауыл суреті әсер еткен.
2. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз. A) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.
B) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
C) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.
D) Бір адамның ұзақ сөзі.
E) Табиғат көркін суреттеу.