Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов



Дата11.01.2017
өлшемі33,29 Kb.
#6614
түріСабақ
Пән: Әдебиеттік оқу Күні: 10.04.2014 ж.

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасату

Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлеу білуін дамыту, сөздік қорын молайту

Сабақтың түрі: Жинақ сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Кубизм» әдісі, сот сабақ, «Бес жолды өлең», «Түсініктеме күнделігі», «Әңгіме кестесі» т.б.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Кубик, тірек-сызба, әр түрлі плакаттар, киімдер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

ІІІ. Шығармаға талдау жасау

  • Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнымен танысып, әр бөлімге тақырыпшалар қойған болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда шығарманы талдауды әрі қарай жалғастырамыз.

Бүгінгі сабағымызда:


  1. Әңгімедегі негізгі ойды ашатын оқиғалар қайсы?

  2. Жауыздық, өшпенділік Көксеректің табиғат жаратқан болмысы ма, әлде...

  3. Көксерек жауыздық іс-әрекет жасағанына кінәлі ме?

деген сұрақтар төңірегінде әңгіме қозғаймыз.

Алдымен шығарманы есте жаңғырту үшін өткен сабақта жасаған тірек-сызбаға оралайық.

Тағылар ұрпақ қамында


Көксеректің ажалы Адамдар тағылығы



«Көксерек» әңгімесі

Бітіспес өшпенділік Тұтқын Көксерек

Қараадырдағы Ұяластарымен

мазасыздық табысу
7 бөлім бойынша 7 оқушыға 2-3 сөйлеммен шолу жасатқызамын.

-Міне, шығарманың жалпы мазмұнына да шолу жасап болдық. Енді сендердің шығарманы қаншалықты меңгеріп, түсінгендеріңді байқау үшін келесі іс-әрекетімізге көшеміз. Бұл - «Кубизм» әдісі. Мұнда оқушы кубикті лақтырып, қандай тапсырма түссе, сол тапсырманы орындайды.


«Кубизм» әдісі

  1. Салыстырыңыз

Көксеректің ауылдағы мінез-құлқы мен даладағы, еркіндіктегі мінез-құлқын салыстырыңыз.


  1. Қолданыңыз

«Көксерек» сөзін қолданып «Бес жолды өлең» құраңыз


  1. Елестетіңіз

Егер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіріп, Көксректі алып кетпегенде, оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді? Көз алдыңызға елестетіңіз


  1. Суреттеңіз

Ақ қасқырдың күшігінен айырылғаннан кейінгі мінез-құлқындағы өзгерісті суреттеңіз


  1. Талқылаңыз

Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме?

Бұл мәселені талқылау үшін біз ортаға құқық қорғау қызметкерлерін шақырамыз. «Көксерек Құрмаштың өліміне кінәлі ме?» деген сұрақ сот процесінде талқыланады.

Көрініс. Ортаға сот, ақтаушы, Көксерек, даттаушы шығады.

Сот процесі аяқталғаннан кейін оқушылардың ойларын сұраймын.



  • Сот процесінің шешіміне сендер қалай қарайсыңдар? Келісесіңдер ме? Неге?

Енді осы талқылап жатқан әңгімеміздің негізгі көтерген мәселесі, идеясы, құрылымы, көркемдік тілі қандай екен, соған біршама ой жіберейік. Ол үшін барлығымыз дәптерімізді ашып, «Түсініктеме күнделігін» жүргізейік.


«Түсініктеме күнделігі»

1-топ: Шығарманың тақырыбы мен идеясына талдау жасау

2-топ: Бірінші бөлімнің тілінің көркемдік ерекшелігіне талдау жасау

3-топ: Композициялық құрылымына талдау жасау

1. Оқиғаның басталуы

2. Оқиғаның дамуы

3. Оқиғаның байланысы

4. Оқиғаның шиеленісі

5. Оқиғаның шарықтау шегі

6. Оқиғаның шешімі


ІҮ. Қорытынды бөлім

«Әңгіме кестесін» құру



  1. әңгіме аты

  2. Авторы

  3. Кейіпкерлері

  4. Қай кезеңді суреттейді

  5. Немен аяқталды

  6. Не үйретті

Соңынан өзім қорытындылап аяқтаймын.



Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: «Адамның ең жақсы қасиеті - жақсылығы» деген тақырыпқа шағын әңгіме жазып келу
Каталог: uploads -> doc -> 09da
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09da -> Сабақ Тақырыбы: «Ерлік кездейсоқ болмайды»
09da -> Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктер Сабақтың мақсат-міндеттері: а білімділік
09da -> Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: Ұзындыққа секіру әдіс тәсілдері Сабақ мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет