ИНФОРМАТИКА
|
«№14 орта мектеп-гимназиясы» КММ
|
Күні: 19.11.2018
|
Мұғалімнің аты-жөні: Тұрғанбаева Қ.Д.
|
Сынып: 7А
|
Қатысқандар саны 14
|
Қатыспағандар саны
|
Бөлім атауы
|
7.2А Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Microsoft Exsel. Электронды кестелердің элементтерін пішімдеу
|
Оқу мақсаты
|
7.2.2.2 - электронды кесте элементтерін пішімдеу
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Excel-де кесте құруды біледі
|
Оқушылардың көпшілігі: Үлгіні пайдалана отырып, қарапайым есепті компьютерде құрады
|
Кейбір оқушылар: Электронды кестедегі деректермен жұмыс істегенде автоматтық толтыруды қолдану
|
Бағалау критерийлері
|
Электронды кесте элементтерін пішімдейді;
Деректердің типін жіктейді;
Өз бетімен компьютерде есептеу жүргізе алады.
Кестенің шекарасын, сызықтың мәнерін, түрін жуандығын, түсін, кестенің ішін құйып бояуды үйренеді. Топта жұмыс жасайды, АКТ ақпаратын тиімді түрде өңдеп, жеткізе алады, өзін –өзі бағалай біледі. Ақпараттық сауаттылығы артады.
|
Тілдік мақсаты
|
Пәнге тән лексика және терминология.
кесте, ұяшық, қатар, баған, парақ, формула
Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Міндетті шешу үшін біз… пайдаландық, себебі …
Деректерді бейнелі көрсеу үшін … болады.
Диаграмма құру үшін алдымен …, содан кейін …
|
Құндылықтарға баулу
|
Бір біріне деген сыйластық, топта жұмыс жасау, өзара көмек
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика
|
Алдыңғы тақырып
|
Мәтіндік процессордағы кестелер
|
Жоспар
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин
2 мин
3 мин
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Сәлемдесу» ойыны
Оқушылар орындарынан тұрады Шарты: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… тіземен… өкшемен… арқамен.
Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға екі түсті кәмпит таратылады.
Үй жұмысын тексету. Крестиктер және нөлдінтер әдісі арқылы. Екі топқа тест сұрақтары айтылады. Дұрыс тапқан бірінші топ крестик қояды таппаса екінші топ нөлдік қояды.
Тест сұрақтары:
Word мәтіндік редактор (иә)
Word мәтіндік редакторын жүктеу: Пуск-Все программы-Microsoft Office-Word (иә)
Кесте сөзінің ағылшын тіліндегі аудармасы Table (иә)
Word мәтіндік редакторын жүктеу: Пуск-Все программы-Microsoft Office-Paint (жоқ)
Кестедегі ұяшықтарды біріктіру – объеденить ячейки (иә)
Кестені ұяшықтарға ажрату – разбить ячейки (иә)
Word – та 4 туралау бар.
1. сол жақ шеті бойынша 2. ортасы бойынша
3. оң жақ шеті бойынша 4. оң және сол жақ шеттері бойынша (иә)
Кестедегі ұяшықтарды біріктіру – разбить ячейки (жоқ)
Кестені ұяшықтарға ажрату – объеденить ячейки (жоқ)
Жаңа сабақ
Жаңа тақырыбтың атын «Миға шабуыл» әдісімен ашу.
Microsoft Exsel – электронда кестелермен жұмыс істеу программасы. Microsoft Exsel программасының көмегімен кез келген кесте түрін жасауға болады: математикалық, статистикалық, финанстық есептеулер жүргізуге болады. Іске қосу 2 тәсілі бар:
Word мәтіндік редакторын жүктеу: Пуск-Все программы-Microsoft Office- Excel.
Жұмыс үстелінде программаға сілтеуіш орналасқан болса, тышқанның көмегімен программаны екі рет шерту
Excel терезесі мына бөліктерден тұрады.
Жоғарғы қатар:басқару қатары, терезе тақырыбы жазылған қатар
Екінші қатар:Exsel программасының мәзір қатары.
Үшінші қатарда ең жиі қолданылатын құралдар және стандарттық әрі пішімдеу тақтасы орналасқан.
Төртінші қатарда түзету немесе формулалар қатары орналасқан.
Бесінші қатарда белгілі бір тәртіппен орналасұан электрондық кестенің жқмыс параға орналасқан.
Алтынша қатар – қалып күй қатары.
Ехсеl даярлайтын кұжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының кұрылымы кестенің кұрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені камтиды. Әрбір парақтын аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парактауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасымен екі рет шерту арқылы атын езгертуге болады.
Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.
Excel парақтары дайын кестелерден тұрады.
Ұяшықты толыту ережелері
Сан. Кез келген сандарды және арнайы символдарды жазу.
Мәтін. Ұяшыққа мәтіндік ақпарат енгізуге болады.
Формула. Ұяшыққа «=» белгісімен басталатын өрнек енгізсек , онда Exsel оларды формула деп қабылдайды.
Мысал 1.
Электрондық кесте элеметтерін пішімдеу.
Ұяшықтарды форматтау тәсілін мысалмен түсіндіру (1 мысал)
Туралау, граница қою, шрифт өзгерту, заливка кестені бояу, ұяшықты өшіру, ұяшықты біріктіру, ұяшықты көшіру т.б. пішімдеу тәсілдерін түсіндіру.
Практика оқушылардың компьютерде жеке карточкамен жұмыс жасауы
№
|
Тауардың аты
|
Саны
|
Бағасы
|
Жалпы бағасы
|
1
|
Дәптер
|
50
|
15
|
=С2*D2
|
2
|
Қалам
|
8
|
70
|
|
3
|
Қарандаш
|
5
|
25
|
|
4
|
Өшіргіш
|
10
|
40
|
|
5
|
Сызғыш
|
20
|
60
|
|
Тапсырма:
Excel бағдарламасында кестені құр
Берілген үлгі бойынша есептеу жүргіз
Құны арзан тауар ұяшығын қызыл түспен және құны қымбат тауар ұяшығын жасыл түспен боя
Кестені пішімдеп сақта
|
Бағалау парағы
Крестиктер және нөлдіктер әдісі. Қай топ бірінші сызады сол топ ұтады
|
Слайд 1
Музыка
2 слайд
Тақтадан Microsoft Exsel программасын қосу
Карточка
|
Сабақтың ортасы
10 мин
Практика
10 мин
|
Сабақтың соңы
3 мин
5 мин
4 мин
|
Сергіту «Ватмандағы саяхат» ойыныны
Біз бүгін бірге ватманға саяхатқа шығамыз. Әрқайсымыз кезекпен ватманға жақындап суреттер саламыз. Ойынның талабы маркерді ватманнан үзбей кесте саламыз. Егер маркерді ватманнан үзсеңіз онда басқасы келіп, өз суретін сала бастайды.
Сабақты бекіту. Жаңа тақырыпбы пысықтау үшін екі тапқа бірдей тапсырма: өткен сабақтың тақырыбы мәтіндік редактор Word және Exsel кестелік процессорының айырмашылығы мен ұқсастығын Венн диаграмасы арқылы көрсету
Кері байланыс «Бас бармақ» тәсілі
Үйге тапсырма:
52 бет №1 және №2 тапсырма
дәптерде орындау
|
Екі топ бір – бірінің жұмысын смайликтер арқылы бағалайды
Оқушылар басмармақтарын көтеру арқылы сабақты бағалайды
|
Маркерлі тақта, қызыл және жасыл түсті маркер
музыка
Ватман, маркер
Бас бармақ суреті
|
Рефлексия
|
Сабақ мақсаттары шынайы ма?
|
Бүгін оқушылар сабақта не үйренді?
|
Сыныптағы ахуал қандай болды?
|
Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен ?
|