Сабақтың тақырыбы: «Microsoft Office Word редакторында кестемен жұмыс»



бет4/4
Дата17.06.2018
өлшемі400,38 Kb.
#42861
түріСабақ
1   2   3   4

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  • Практикалық тапсырмалар орындау (деңгей әдісі бойынша).

  • 1-деңгей

6 бағаннан 4 қатардан тұратын кесте жаса.

  • 2-деңгей
































































  • 3-деңгей






















































































































  • “Ой қозғау” қойылған сұрақтың жауабын үш тілде кестеге толтыру.

Бұл тапсырмада жұмбақ берілген. Жұмбақтың жауабын үш тілде тақтадағы үлгі бойынша үш тілде (қазақ,орыс, ағылшын) кестеге толтырып отырады. Толық жауапқа 15 ұпай, ал екі тілде жауап берсе,10 ұпай,егер үшінші тілін басқа оқушы жауап берсе 5 ұпай сол оқушыға беріледі.

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Кесте

Таблица

Table

Жол

Строка

Line

Ұяшық

Ячейка

Stage

Жасырынған жұмбақтар:



  1. Тұрады ол жолдармен бағандардан,

Және тұрар ұяшықтар ағымынан.

Кәне ойланып көрейік ол не екен,

Баған менен жолдарды қиылыстырған. К е с т е


  1. Кестенің бір негізгі элементі,

Көлденең ұяшық құру қызметі.

Ұяшық емес, баған емес ол не екен?

Кестенің негізгі болған қызметі. Ж о л


  1. Тіктөртбұрышқа ұқсайды,

Елемей кетуге болмайды.

Бағанменен жолдардың қиылысы,

Кестеде қай элементті құрайды. Ұ я ш ы қ

V. Сабақты қорыту


  • 1–тапсырма.“Мәтіннің қатесін тап”

Тақтадағы қате берілген сөйлемдердің қатесін тап. Алғашқы орындаған үш оқушы 20 ұпай алады, қалғандары ұпайдан алады.

Мәтін:


Мен Ms Word редакторын іске қосу үшін Пуск – Стандартные – Microsoft Word командасын орындадымда, ашылған қолданба терезесіне “ Информатика ” туралы мақала жазу үшін әріптерді, тышқан құрылғысындағы пернелерді пайдаландым, Правка – Таблица командасы арқылы кесте құрдым. Осы мақаламды сақтау үшін Вставка - Сохранить как . . . командасын орындап, CTRL + F4 пернесі арқылы қолданбадан шықтым.

Дұрыс жауабы:



Мен Microsoft office Word редакторына кіру үшін Пуск – Программы – Microsoft office-Microsoft office Word командасын орындап, ашылған қолданба терезесіне “Информатика” тақырыбындағы мақаланы жазу үшін, пернетақта құрылғысының пернелерін пайдаландым.Таблица – Вставить – Таблица командасы арқылы ашылған сұхбат терезеге Баған және жол сандарын беріп, ОК батырмасын басып, кесте құрдым. Осы мақаламды сақтау үшін Файл – Сохранить как ... командысымен ашылған сұхбаттық терезеге “Информатика” атын жазып, Мои Документы қапшығына сақтадым да, ALT + F4 пернелері арқылы қолданбадан шықтым.

  • 2 – тапсырма. “Сөзжұмбақ” шешу

Сұрақтары:



  1. Ақпаратты сақтауға арналған құрылғы.

  2. Растрлық сурет элементі.

  3. Зиянды программа.

  4. Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.

  5. Электрондық машина.



  • 3 – тапсырма. “Ребус” шешу



4.5.3.6.5

Жауабы: Кесте

VI. Оқушыларды бағалау

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Оқушының аты-жөні_____________________

Сынып________________

Үй тапсырмасы


«Келесі» ойыны

Практикалық тапсырмалар

«Ой қозғау»

«Мәтіннің қатесін тап»

Сөзжұмбақ

Ребус

Ортақ

баға

























V. Үйге тапсырма

1. Информатика-8 оқулығынан § 7.7 тақырыпты оқу.



2. “Менің жанұям” тақырыбында кесте құрау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет