Сабақтың тақырыбы: Құмырсқалар. Кәдірбек Сегізбайұлы



бет1/4
Дата27.12.2016
өлшемі0,76 Mb.
#5750
түріСабақ
  1   2   3   4
Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Құмырсқалар. Кәдірбек Сегізбайұлы.

Сабақтың мақсаты: әңгіме мазмұнын түсіндіре отырып, әңгіме астарын таба білуге үйрету; жазушының күштілер мен әлсіздер арасындағы айқастыңәсеріне баланың назарын аудара отырып, көркем сөздің адам ойын дәл жеткізудегі рөлін айқындау, сөздің құдіреттілігіне, әсерлілігіне көзін жеткізу; адамгершілікке, ізгілікке баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім? Шөкі қандай бала деп ойлайсың? Шөкенің арманы не еді? Баланың атын неліктен Шөкі қойған? «Тіл тию» дегенді қалай түсінесің? Шөкі қармағына түскен балықтан қандай тілек тіледі?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Баланың тілегі орындалды ма? Сенің алтын балықтан сұраған арманың туралы білуге болады ма? Егер ол құпия болмаса.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, құмырсқа жайлы не білесің?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Құмырсқа илеуі бар сурет бойынша әңгіме құру.

Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей, жалғастырып оқу. оқушыларды 3топқа бөліп, мәтінді 3 бөлімге бөліп, түсінгенін айтып бір – біріне сұрақ қояды.

1 – бөлім. «Көрші қыз». Бұл бөлімде Ләйлә туралы, оның өсімдіктерді жақсы көретіні, ізденіп оқитыны сөз болады.

2 – бөлім. «Құмырсқалар шайқасы». Бұл бөлімде қоңыр құмырсқа мен қара құмырсқалардың арасында болған майдан туралы айтылады.

3 – бөлім. «Күш біріктіру». Бұл бөлімде құмырсқалардың күш біріктіріп, илеуді үлкейтуге кіріскені таралы айтылады.

Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап, түсінігін бір-біріне айтады. Сонан соң 1-ден 4-ке дейінгі нөмір жазылған жетон беріледі. Сол жетон бойынша 1-ші номерлер бір жерге, 2-ші номерлер екінші жерге, т.с.с. жиналады.Жаңа шағын топ құрылады. Енді әрбір оқушы оқығанын осы топқа айтып беруі тиіс. Сонда тұтас мәтін толық түсінікті болады.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

Әңгіменің бастапқы бөлігін қайта оқы.

Ләйлә қандай қыз деп ойлайсың?

Бір күні түс кезінде қандай оқиға болды?

Ләйлә қандай құмырсқаға жақтасып жүрді? Неге?

Ләйлә ертесіне неге мәз болды?

Күш біріктіру не үшін не үшін қажет екен?

ҮІІ. Қорыту. Егер сен Ләйләнің орнында болсаң, не істер едің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, № 3 тапсырма. 2. бағалау


Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Адасқан бала. Қабдеш Жұмаділов.

Сабақтың мақсаты: Оқушының Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесін оқи отырып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. «Жасырынбақ» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Көзім, көзім, көз Көзімде бар шоңайна.

Шоңайнасы кіреді, Көзіңді жұм, абайла.

Ойын шарты бойынша оқушылар көзін жұмады. Бір оқушы ақырын барып, балалардың кітабының арасына қима қағазды жасырады. Қима қағазға қайықтың, ақсүйектің, машинаның суретін салуға болады. Қағазға үй тапсырмасы бойынша оқып келген шығарма негізіндегі сұрақ немесе тапсырма жазылады. Оқушы қағазды тауып, тапсырманы орындайды.

Ләйлә қандай қыз деп ойлайсың? Бір күні түс кезінде қандай оқиға болды? Ләйлә қандай құмырсқаға жақтасып жүрді? Неге? Ләйлә ертесіне неге мәз болды? Күш біріктіру не үшін не үшін қажет екен?



ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен Ләйләнің орнында болсаң, не істер едің? Оның әрекетін дұрыс деп санайсың ба?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендердің ата-аналарыңнан адасып қалған кездерің болды ма? Ондай жағдайда не істедіңдер?

Ү. Жаңа сабақ:

Балалар, Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесіндегі жоғалып кеткен бала кім болды екен? Әңгімеден оқып біліп, табуға көмектесейік.



Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей, түсініп оқу.

Әңгіме кім туралы? Жаконың шын аты кім еді? Жако күннің қай уағында жоғалып кетті? Олар қандай ойын ойнады? Балалар бассейнге барарда Жаконы неге қалдырып кетті? Жако қандай оқиғаларды басынан кешірді? (3 топқа, 3 бөлімге бөліп сұрау..)



ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

Жаконың өзіндік ерекшелігін айт. «Ат» болып ойнаған, «жем жеген» тұстарын тауып оқы. (Біраз уақыт Бедел деген балаға «ат» болып ойнады. ... Үй мен бассейіннің арасы арасы едәуір... « Аттар» шаршады. Бұларға енді жем ...).



ҮІІ. Қорыту. Егер саған адасқан бала кездессе, не істер едің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Мектептен жырақ жол. Динара Мыңжасарқызы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыны Динара Мыңжасарқызының «Мектептен жырақ жол» атты әңгімесін түсініп оқуға, әңгімелей білуге, негізгі түйінді ойды ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Жаконың шын аты кім еді? Жако күннің қай уағында жоғалып кетті? Олар қандай ойын ойнады? Балалар бассейнге барарда Жаконы неге қалдырып кетті? Жако қандай оқиғаларды басынан кешірді? Жаконың өзіндік ерекшелігін айт.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өзің үшін қандай сабақ немесе үлгі алдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер «Ойын автоматына» барып ойнадыңдар ма? Онда қалай?

Ү. Жаңа сабақ: Динара Мыңжасарқызының «Мектептен жырақ жол» атты әңгімесінен осы «Ойын автоматына» ойнаған баланың жағдайы немен аяқталғаныны жайлы білеміз. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей, түсініп оқу.

Сөздік жұмыс.

Жырақ – алыс, қашық.

Төбесінен жай түскендей етті – қатты таңдандырды.

Құдды – кәдімгі.

Қуыстану – ыңғайсыздану.

2. Бақытжанның, оның Кәмила апайының және анасының ішкі ойларын әңгімеден тауып оқы.

3. Бақытжан қандай бала? Оған мінездеме жаз.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

1. Үшінші тоқсанда Бақытжанның сабағы неге төмендеп кетті? Телефоннан естілген хабар Бақытжанның анасына қалай әсер етті? «Бармағын тістеу» дегенді қалай түсінесің? Бақытжанның анасы неге бармағын тістеп түрып қалды?

2. Бақытжан қандай бала? Оған мінездеме жаз.

ҮІІ. Қорыту.

Бүгін не жайлы өттік?

Әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?

Әңгімені өз ойыңмен аяқта.



ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, № 4 тапсырма. 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Әскербектің әтеші. Роза Әбілқадырова.

Сабақтың мақсаты: Оқушыны Роза Әбілқадырованың «Әскербектің әтеші» атты әңгімесін түсініп оқу арқылы, әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Үшінші тоқсанда Бақытжанның сабағы неге төмендеп кетті? Телефоннан естілген хабар Бақытжанның анасына қалай әсер етті? «Бармағын тістеу» дегенді қалай түсінесің? Бақытжанның анасы неге бармағын тістеп түрып қалды? 2. Бақытжан қандай бала?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендердің үйлеріңде тауықтарың, әтештерің бар ма? Сендер оларға қандай қамқорлық көрсетесіңдер?

Ү. Жаңа сабақ: бүгінгі сабақта біз сендермен Роза Әбілқадырованың «Әскербектің әтеші» атты әңгімесінен Әскербектің кішкене жүрегінің дарқан мейрімділігі жайлы білеміз. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей, жалғастырып оқу. Әскербектің әкесі Көпіштің алғашқы сөзін әңгімеден тауып оқы. Амангелді мен Әскербек әтешке емді қалай қолданғанын өз сөзіңмен айтып бер.

Сөздік жұмыс. Қиқымбұл жерде: киімнен кесіп алынған кішкентай қиынды.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

1. Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді? Әскербек әтешін «көз тигеннен» қалай емдеп алмақшы болды? Амангелді Әскербек досына тағы қандай ақыл айтты? Әкесі бұрынғы ойынан неге қайтып қалды? Соңғы сөйлемді оқығанда қандай қорытындыға келдің?

2. Әскербектің әтеші қалай шақырады? Әңгімеден тауып, үлгілік сызба бойынша толықтырып жаз.

Әңгіменің басында

Әңгіменің ортасында

Әңгіменің соңында

өте маңғазданып

Қырылдап

Қинала қырылдап

3.Әскербектің әкесінің соңғы сөзін көшіріп жаз. Бұл сөйлемнен нені түсіндің?



ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Егер Әскербектің орнында болсаң, әтешті қалай емдер едің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, № 5 тапсырма. 2. Бағалау.


Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Балмұздақ. Ермек Өтетілеуұлы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыны Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесімен таныстыра отырып, әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді? Әскербек әтешін «көз тигеннен» қалай емдеп алмақшы болды? Амангелді Әскербек досына тағы қандай ақыл айтты? Әкесі бұрынғы ойынан неге қайтып қалды? Соңғы сөйлемді оқығанда қандай қорытындыға келдің?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер Әскербектің орнында болсаң, әтешті қалай емдер едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

Жұмбақ шешу арқылы баланың қызығушылығын арттыру.

Ұнатары баланың –

Балдай тәтті тағаммын.

Ортаңғы буын алынса,

Сүйеніш боп қаламын. ( бал-мұз-дақ)



Ү. Жаңа сабақ:

Ермек Өтетілеуұлы – балаларға арнап көптеген әңгімелер, өлеңдер жазған жазушы. Оның «Өсіп келе жатырмыз» деген өлеңдер жинағы, «Жанашыр» деген әңгімелер жинағы, т.б. кітаптары бар.

Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесінен Мирастың балмұздақтан неліктен бас тартқаны жайлы білеміз. Әңгімені іштей, тізбектей жалғастырып оқу.



ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

Балалар не тауып алды?

Мирас не істеді?

Бейтаныс ағай оларға қалай рахмет айтты?

Мирас балмұздақты жеуден неге бас тартты? Әңгімені өз ойыңмен аяқта.

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Көксерек. Мұхтар Әуезов. (повестен үзінді)

Мақсаты: Оқушыларды Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повестен үзіндісімен таныстыру, үзіндінің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Балалар не тауып алды?

2. Мирас не істеді?

3. Бейтаныс ағай оларға қалай рахмет айтты?

4. Мирас балмұздақты жеуден неге бас тартты?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

Балалар, сендер «Көксерек» атты киноны көрдіңдер ме?

Онда не жайлы еді?

Мұхтар Әуезов кім?

Өткен тарауда оның қандай әңгімесімен танысып едік?

Ү. Жаңа сабақ:

Мына «Бөлтірікті қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» деген мақалды қалай түсінесің? Ол үшін Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повесіндегі Құрмаштың өмірімен таныссақ, осы әңгіменің түйінін табамыз.



Оқулықпен жұмыс. Іштей, жалғастырып тізбектей оқу. Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың? Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірлер айтты? Көксерек «ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады» дегенді қалай түсінесің?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

1. Ауыл иттерінің Көксеректі жек көретіні туралы жазылған жерді тауып оқы. Көксеректің ашқарақтығын суреттейтін тұсты тауып оқы.

2. Әңгімені мұқият оқып, мына үлгілік кесте бойынша Көксерекке сипаттама бер.

Көксеректің күшік кезі

Көксеректің көк шолақ қасқыр болған кезі

Жүні – үрпиіп ,үдірейіп

Езуі – ыржитады

Бойы – үлкен емес


Жота жүні – үрпиіп

Көзі – жасылданып

Азуы – ақситып ашып, тістерін көрсетіп




ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Әңгіме немен аяқталды деп ойлайсың?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Дүрбелең. Оспанхан Әубәкіров.

Сабақтың мақсаты: Оқушыны Оспанхан Әубәкіровтың «Дүрбелең» атты өлеңімен таныстырып, мәнерлеп оқуға, мәтінге сүйене отырып Бектайдың ісіне баға бере білуге баулу; өлеңнің түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың? Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірлер айтты? Көксерек «ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады» дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгіме немен аяқталды деп ойлайсың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер өтірік ауырып көрдіңдер ме? Көрсеңдер оның жағдайы қалай болды?

Ү. Жаңа сабақ: 2 класта Оспанхан Әубәкіровтің қандай ертегісін оқып едік? (Сүт қалай ұйықтады?) Бүгін, Оспанхан Әубәкіровтың «Дүрбелең» атты өлең оқи отырып Бектайдың қылжағы жайлы білеміз.

Оқулықпен жұмыс. түсініп, жалғастырып, рөлмен оқу.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

Бектай неге үй ішін әуреге салды?

Үйге кім келді?

Дәрігер не деді?

Дәрігер Бектайдың істеген қулығын білді ме?

Оны өлеңнің қай жолынан аңғаруға болады? («Үндеме» дегендей, Ол бізге ымдады. ...).

2. Мәтінге сүйеніп, Бектайдың ісіне баға бер.

Сатира – күлкіге, әзіл – сықаққа құрылған шығарма. Мұндай сипатта жазатын ақын-жазушыны «сатирик» деп атайды. Оспанхан Әубәкіров әзіл-сықақ жазудың асқан шебері, сатирик жазушы.



ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? 1.

1.


Оспанхан Әубәкіров

Мына сызба бойынша талдау жаса. Есіңе түспесе, оқулықтан ізде.

Автор туралы

Шығармалары

Басты кейіпкерлері

Автордың негізгі ойы (идеясы)



ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу. 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ақ боран. Жекен Жұмаханов.

Мақсаты: Оқушыны Жекен Жұмахановтың «Ақ боран» атты әңгімесімен таныстырып, түсініп оқуға, мәтінге сүйене отырып табиғат апатының әсері жайлы әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар



ІІ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.

«Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады» деген ұғыммен Жекен Жұмахановтың «Ақ боран» атты әңгімесімен танысқанда білеміз.

ІІІ. Жаңа сабақ:

кіріспе. Балалар, қыста қандай өзгерістер болады? Сенің есіңде қалған оқиға жайлы айта аласың ба? Міне, бүгін Қасымның басынан өткен қаһарлы суық күннің ызғырығы жайлы білеміз.

Оқулықпен жұмыс. Іштей, түсініп тізбектей оқу. Жазушының боранды адам кейпінде суреттеген жерін (кейіптеуді) тауып оқы.

Сөздік жұмыс.

Ышқынадымұнда: қатты соғады.

Екілене – желдің екпіндей соғуы.

Бүлкек – аттың желіп жүруі.

ІҮ.Түсінгендерін тексеру:

1.Әңгіменің басында қыстың қатал мінезі қалай берілген? Қасымның боранда адасып қалмауына не көмектесті? Жерге құлағын тосқан кезде Қасым не істеді? Қасымның аты қандай белгі берді?

2. Дәптермен жұмыс. Қасымның жолда келе жатқан кездегі ішкі ойын мәтіннін тауып жаз. «Ферма орталығы қарасын көрсетіп қалса керек еді. Бұл қалай,ыққа қарай ойыстап, өзге жаққа кетпедім бе, боранның ырқына көне берсек, ат та мен де үситін болармыз ...». Әңгімеден Қасымның қандай бала екенін аңғаруға бола ма? Оны мына кесте бойынша дәлелдеп айтып бер.

Қасым

Дәлел

1.Үлкеннің сөзін тыңдайтыны

2. Байқағыштығы


3. Шыдамдылығы

1.«Үсік аяқтан басталады» деуші еді үлкендер.

2. ат тұмсығын қар астында қалған бір мая пішенге тірепті...

3. Алдан соққан боранды елемей, Қасым жиренге қамшы басты ...



Ү. Қорыту. Бүгінгі сабақта не жайлы өттік? Осы әңгімені оқығанда өздерің қандай әсер алдыңдар?

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, құмырсқа сызбасын толтыр

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Суықторғай. Максим Зверев.

Мақсаты: Оқушыны Максим Зверевтің «Суықторғай» атты әңгімесін түсініп оқи отырып,құстардың қыстағы өмірімен таныстыру; әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; аяушылық, қамқоршылық сезімін қалыптастыру.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгіменің басында қыстың қатал мінезі қалай берілген? Қасымның боранда адасып қалмауына не көмектесті? Жерге құлағын тосқан кезде Қасым не істеді? Қасымның аты қандай белгі берді?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет