-Балалар бүгін біз «Құмырсқаның қанағаты» ертегісімен танысамыз.Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегені түсініп оқу арқылы мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, негізгі идеясын ашу. Кейіпкерлердің іс-әрекетін дәлелдеуде өз ойыңды көркем тілмен жеткізе алу, өз бетімізбен жұмыс жасаймыз. Құмырсқаның қанағатымен, талпынысы мен табандылығын үлгі етеміз. Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тоқталамыз.
2. Оқулықпен жұмыс.
а) Ертегіні тізбектеп оқу арқылы бөлімдерге бөлу.
1) Оқымыстының құмырсқа илеуіне тап болуы.
2) Құмырсқаға сұрақтар қоюы.
3) Бір жыл өткен соң.
Әр бөлімді жекелей оқыған оқушы ретімен бір-біріне сұрақ қояды.Сұрақ қою арқылы оқыған оқушы түсіндіреді.
ә) Ертегіні рөлге бөліп оқыту.
3. Сөздікпен жұмыс.
Оқымысты-ғұлама, білімді, данышпан, көзі ашық.
Қанағат-барға риза болу, місе тұту.
4. Қосымша мағлұмат.
Құмырсқалардың жер бетінде 6000 түрі болады екен.
Илеу құмырсқалардың күмбезделген ұясы. Ірі илеудегі құмырсқалардың саны бірнеше миллионға жетеді. Илеудің жер астындағы бөлігі болады. Оны жас құмырсқалар дамып жетілетін жолдар торлап жатады. Құмырсқалар тек қана топ-топ болып қана емес, аналық, аталық және жұмысшы құмырсқалардан құралған семьялармен ұзақ жылдар тіршілік етеді.Жұмысшы құмырсқалар өзара еңбек бөліседі, Солдат құмырсқалар әрбір кіре беріс жолында іннің аузын басымен жауып тұрады. Илеуге оралған жұмысшы құмырсқа кіре берістегі жолды жауып тұрған солдаттың басын мұртшасымен тықылдатып қаққанннан кейін ғана илеуге ене алады. Негізгі қорегі насекомдар, өсімдік дәндері. Олар ортаны тазартып табиғатқа көп пайда келтіреді. Кейбіреуі ауыл шаруашылыққа зиянын келтіреді. Оның шаққаны улы. Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды!
5. Сергіту сәті
Балалар құмырсқаның қимылын келтіріп сергіту сәтін жа-сайық.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
6. Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күнді жазамыз.Үшінші мамыр .
қанағатшыл
ақылды
иісшіл
ұйымшыл
пайдалы
еңбекқор
қайратты
Шығарманы төмендегі алгоритм бойынша талда.
Шығарманы талдау.
1. Жанр түрі. ( Ертегі)
2. Ертегінің түрі: (қиял-ғажайып ертегісі)
3. Тақырыбы: (Құмырсқаның қанағаты.)
4. Негізгі идеясы: (Адам бойындағы жақсы қасиет)
5.Бейнелі сөздер: бүктісіп
6. Кейіпкерлер: ( Ғұлама адам, құмырсқа)
Шығарманың композициялық құрылымы:
Басталуы ( Оқымысты адамның құмырсқа илеуіне тап болуы)
Байланыс: ( құмырсқаны ұстап алуы)
Дамуы : (Құмырсқа сауыт ішінде ашығуы )
Шарықтау шегі: (4-5 жылға жеткізер еді)
Шешімі: (Құмырқаның қанағат тұтып ойлағанына жетуі)
|