«Айымжан орта мектебі» Мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: Ұмытылмас желтоқсан
Тарих пәнінің мұғалімі:
Жамантиков Д.М.
Сабақтың тақырыбы: Ұмытылмас желтоқсан.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: а) 1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін,
Сипатын,қозғаушы күштері мен тарихи маңызын білдіру.
ә)Ұлттық байлықтың тоналуы,қазақ халқының экономикалық мүддесінің құлдырау себебін ашу.
Тәрбиелік: қоғамды дағдарысқа алып келген билік пен әкімшілік жүйе ғана емес,ең бастысы ұлттық проблемалардың шешілмеу екендігіне көз жеткізе отырып, оқушы бойына патриоттық тәрбие мен саяси көзқарасты қалыптастыру.
Дамытушылық: Білімді өз беттерімен игеруге дағдыландыру.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тақырыптық байланыс: Өткен сыныптардағы білімді еске түсіру.
Күнделікті өмірмен байланыс: 1.Тәуелсіздік шежіресі. 2.Заңдар, қаулылар.
3.Әлемдік қауымдастыққа танылу жағдайларымен таныстыруда баспасөз құжаттарын басшылыққа алу.
Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Егемен Қазақстан газеті
2. «Жерұйық» Зейнолла Әкімжанов 1993 ж.
3. «Қазақстан тарихы» журналы 2002-2
4. «Елім менің Қазақстан» кітабы.
5. «Ұлан» газеті
6. «Ана тілі» газеті
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар: 1.Қазақстан Республикасың картасы.
2.Газеттер
3. Техникалық құрал. Магнитофон.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: оқушылардың өздігінен ізденіп ойларын ортаға салуға негізделіп құрылған.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Сыныпты тексеру.
- Сыныптың назарын сабаққа аудару.
ІІ Жаңа сабақ.
Сабақ жоспары:
1.Кіріспе.(мұғалімнің алғашқы сөзі)
2. Ән «Желтоқсан желі»
3. Желтоқсан оқиғасна қатысқан жастардың өмірбаянымен танысу.
4.Көрініс. «Қайрат Рысқұлбеков»
5.Желтоқсан туралы өлеңдер.
6.Қорытынды.
Мұғалімнің алғашқы сөзі. Сабақ жоспарында көрсетілген тақырып бойынша қаралатын білімдік,танымдық,тәрбиелік мәселелерге сипаттама жасайды.Бұл тақырыпты өздік жұмысы ретіндегі уақыт берілгендігін айтып,оқушылар айналысқанына тоқталады.
1)Бұл оқиғаға себеп 1986 жылы желтоқсанның 16 күні таңертеңгілікте Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовский жүргізді.Пленум 17 минутқа созылды.
2)Жалпы шолу алдында «Менің Қазақстаным» Әнұраны орындалады.Міне, осы Әнұранды айтып қазақ жастары 1986 жылы 16 желтоқсан күні Алматыда алаңға жиналды.Қолдарына ұрандар жазылған плакаттар алып жүрді. «Әр Республикаға - өз басшысы!», «Қазақстан жасасын!», «Дербестік талап етеміз!» деген ұрандар болды.Бұл шеру бейбіт және саяси сипатта болды,онда басқа халықтарға қарсы атой салушылық,мемлекеттік құрылысты жоюға деген үндеулер болмады.
ІІ. Міне, осылай тәуелсіздік орнап,Қазақстан өз егемендігін алды, өз туын елтаңбасын,әнұранын қабылдады.
1.Әнұан.
2.Ту.
3.Елтаңба.
4.Менің Отаным –Қазақстан.
Жадырап маңдайынан таң атқандай,
Жанары тұнық сырын тартқандай.
Халықтың би өнерін аспандатқан
Қимылы олардың ғажап қандай.
1.Би.
2.Ән
«Домбырасыз ән қайда, домбырасыз сән қайда» келесі «Би күйі»
Шырқатып балапаным өз тілінде
Күнің шықты алдыңнан сен – күлімде
Тәуелсіздікте ән айтып, би билейтін
Құштар болғын, өнерге, сен білімге.
Хор “Қазағым менің!”
Көрініс “Қайрат Рысқұлбеков”
Қайрат тордың ар жағында отырып үй ішіне,бауырларына хат жазады.Қайрат хаты оқылады.
Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,
Туса бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда,жүрегіңді жаралар,
Кесір болды-ау біз секілді “масылдар”
Айналайын,қарындасым,қарағым,
Қолда кісен,мен айдауға барамын.
Қайғы шегіп,азап тартқан ағаңды,
Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?
Айналайын,інішегім,құлыным,
Сені ойласам,үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауға, құлыным.
Тергеуші келеді.
-Рысқұлбеков,ақтық сөзіңді айт!Совицкийді өлтірдің бе?
-Жоқ,өлтіргем жоқ.
-Мойында,жазаң жеңілдейді.
-Қайрат Рысқұлбеков “қылмысты” деп табылып,Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша және Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 173-бабының 1-тармағы бойынша,жазаның ең ауыр түрі -өлім жазасына, атуға кесілсін!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек – тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.
Қайратты алып кетеді.
1-оқушы:
Хас батырға,Қайрат аға сай тұлғаң,
Жанынды езді ақтық сөзің айтылған.
Тәнті болып бүгін Алаш баласы
Өзің жайлы ақ жүректен айтуда ән.
2-оқушы:
Кейбіреулер бақытты өмір кешіпті,
Сені өлтіріп,қызметі өсіпті.
“Нашақор!”деп, “Маскүнем!” деп айыптап,
Жан қалтана салып қойыпты есіртке.
3-оқушы:
Саған келте бұйырғанмен ғұмырың,
Сен ұқтырдың-сорлы қайсы,ұлы кім,
Сен ұқтырдың-ұлттың ұлы ұғымын.
Мойыныңда – кісенің мен құрығың.
4- оқушы:
Болмайды бұл жәйт еш ұмыт,
Біреулер шыққан есіріп.
Қызметін алған өсіріп
Кейіннің бүгін төсі нық.
5-оқушы:
“Қазақтар шықты алаңға!”
Тарады сондай хабар да.
Жасанып шықты орыстар
Жастарға ойран саларға.
6-оқушы:
Жадымнан әлі қалмаған,
Шындыққа шөлім қанбаған,
Сарыуайым болып сарнаған,
Желтоқсан айы.Қанды алаң!
Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық, қорғауға әрқашан дйын тұрайық,азат елдің білікті,білімді,жігерлі зиялы азаматы болайық.
Қорытынды.
- Иә,еліміз еркіндік алды және еркіндікте дамудың,әлемдік деңгейге көтерілудің қиындықтарын бастан кешіріп көптеген жеңістерге қол жеткізіп келеді.Тұңғыш Елбасын сайлаудан,мемлекеттік рәміздер қабылдаудан бастап ұлы оқиғаға толы жылдарды өткізіп келеміз.Қазақстан әлемдік даму деңгейінен көріне білу,қазақ халқының рухани күштің иесі екендігінің дәлелі.
Достарыңызбен бөлісу: |