Сабақтың тақырыбы:Митоз. Мейоз. Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы.
Бөлім:
10-бөлім Көбею
Педагогтің аты-жөні:
Адилова Хадича
Күні:
29.03.2022ж
Сыныбы: 8-А
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Митоз. Мейоз. Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
8.2.2.1 тірі ағзалардың тіршілік әрекетіндегі митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар мейоз бен митозды біледі.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Шаттық шеңбері» бір-біріне жақсы тілектер айту.«смартбейдж» арқылы 3 топқа топтастыру.
топ: митоз
топ: мейоз
топ: амитоз
Бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен критериймен таныстыру.
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
1.Тітіркендіргішке жауап беруіне қарай рецепторларды қанша түрге бөлеміз? Және оларды атаңыз?
2.Терморецеоторлар деген не?
3.Механорецепторлар дегеніміз не?
4.Ноцицепторлар дегеніміз не?
5.Теріден тыс рецепторларға анықтама беріңіз
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады