Сабақтың тақырыбы Молекулалы – кинетикалық теорияның (мкт) негізгі теңдеуіне есептер шығару. Жалпы мақсаты



бет2/4
Дата15.11.2022
өлшемі266 Kb.
#158273
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Молекулалы – кинетикалық теорияның (МКТ) негізгі теңдеуіне есептер шығару.

Керекті жабдықтар

10 сынып оқулығы, 10 сыныпқа арналған есептер жинағы, бағалау парағы, тест тапсырмалары, белсенді тақта, т.б.

Сабақ барысы







Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

І.Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушыларға топпен жұмыс жүргізілетіні туралы мағлұмат беру.
Сұрақ:
Термодинамикалық параметрлерге қандай физикалық шамалар жатады?
Жауабы: қысым, көлем температура. Осы сұрақтың жауабы арқылы 3топқа бөлу.
Оқушылар орындарына отырғаннан кейін топ жетекшісін анықтау. Бағалау парағын тарату.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен тақырыпты қайталау, шолу жасау. Оқушылар ассоциациялық картаға топтастыру әдісін пайдаланып үй тапсырмасына шолу жасайды.
1-тапсырма.
І топ – МКТ-ның негізгі қағидалары
ІІ топ – Молекулалардың массасы мен өлшемі. Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері.
ІІІ топ – Термодинамикалық параметрлер. МКТ-ның негізгі теңдеуі.



ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау.
1.МКТ-ның негізгі қағидаларын атаңдар.
2.Диффузия дегеніміз не?
3.Броундық қозғалыс дегеніміз не?
Зат мөлшері дегеніміз не?
4.Заттың мольдік массасы дегеніміз не?
5.Сұйықтың, қаты денелердің, газдардың қасиеттерін атаңдар.
6.Термодинамикалық параметрлер дегеніміз не? Оларға қандай шамалар жатады?
7.Идеал газ дегеніміз не?
8.МКТ-ның негізгі теңдеуі.

Оқушылар амандасады, жоқ оқушыларды атайды.
Физикалық шамаларды анықтайды, шамалар арқылы топқа бөлінеді.
Топ жетекшісін анықтайды, топ ережесін естеріне түсіреді.Топ жетекшілері бағалау парағына топ мүшелерін жазады.
Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді, топтасып тапсырмаларға жауап беруге дайындалады, өз ойларын ассоциациялық картаға түсіреді.
Әр топ берілген тапсырмаларын қорғайды, өз ойларын ортаға салады. Топ жетекшілері топ мүшелерін бағалайды.
Оқушылар топпен ақылдасып, сұрақтарға жауап береді.
Сұраққа жауап беру арқылы үй тапсырмасын қорытындылайды.
Топ жетекшілері бағалап отырады.

Тұсаукесер

Ал, балалар, топқа бөлінгенде алынған шамаларға байланысты бүгін қандай тақырып қозғалды деп ойлайсыңдар?
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Молекулалы – кинетикалық теорияның (МКТ) негізгі теңдеуіне есептер шығару.»
Үй тапсырмасын қайталап, өткен тақырыпты есімізге түсірдік. Ал енді алған білімімізді әр түрлі тапсырмалар бойынша есептер шығаруда бүгінгі сабақта қолданайық.

Оқушылар ой қозғайды, тақырыпты атайды.

Оқушылар тыңдайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет