Сабақтың тақырыбы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы Сабақтың түрі: Қайталау



Дата23.08.2017
өлшемі62,54 Kb.
#25375
түріСабақ
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қызылорда облыстық білім басқармасы

«Жас өркен» колледжі

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

____________ Н.Қ. Бұхарбаева

«___» _________ 2014ж


Ашық сабақ

Пәні: Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Оқу тобы: Г-14-11

Оқытушы: Муслимов Сейтжан

Күні: 2-қазан 2014 жыл

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:  Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Сабақтың түрі: Қайталау.

Сабақтың типі:  кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: интерактивті, «Тұлғаны таны», «Не? Қайда? Қашан?» «тарихи оқиға» суреттермен жұмыс, хронологиялық диктант,   «Бір сәт картаға үңілсек»  кескін картамен жұмыс, полиглот ойыны, рефлексия «2 жұлдыз, 1 тілек».

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, ХІІІ-ХІV ғғ. Моңғол шапқыншылығының кескін картасы. Үлестірмелі тапсырмалар. Тарихи мозайка. Маркерлер.Плакаттар.
Сабақтың мақсаты: 

Білімділік : Оқушыларға Қазақстанда Монғол империясының үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында  алынған білімдерін бекіту.

Тәрбиелік : Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық : Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.



Оқытушы: -  Сәлеметсіңдерме оқушылар! Бүгінгі сабағымыз ерекше өткелі отыр, бізге қонақтар келді. Сабағымызды ашық деп жариялаймын!    Сонымен сендерге күндерің шуақты өтсін , сабағымыз сәтті өтсін дей келе оқу тобымызды шағын топтарға бөлейік. 

Топқа бөлу: Оқушыларға қима мозайкалар таратылады. Суретті қалыпқа келтіру арқылы  оқу тобын үш топқа топтасады.

ІІ. Кіріспе.

Оқытушы: - Балалар сабағымызды бастайық, сендер жинастырған суреттерге мән берсендер. Әр топ өзіне берілген суретті сипаттап береді.

І - тапсырма .  Әр топқа  суреттерге қатысты тапсырмалар беріледі. 

1-топ: «Тұлғаны таны» деп аталады. Оқушылардың алдына тұлғаның портреті  және  сұрақтар беріледі

 Сұрақтар:


  • Бұл кім? Қай уақыттарда өмір сүрген?

  • Бұл адам туралы не білесің?

  • Бұл тарихи тұлғаның Қазақстанға қандай қатысы бар?

 

2-топ . «Не? Қайда?  Қашан? » Топтың алдында «тарихи оқиға»  бейнеленген сурет және сұрақтар беріледі.

Сұрақтар:


  • Бұл суретте не бейнеленген?

  • Қандай оқиға? Қашан болды?

 

3-топ  «Бір сәт картаға үңілсек»   карта  берілген.  

Сұрақтар:


  • Бұл картада қай елдің жері белгіленген?

  • Қазақстан тарихына қандай қатысы бар?

 

Бағалау түрі ауызша: «Тамаша», «Өте жақсы», «жақсы»

  

ІІ - тапсырма. Тарихи даталармен жұмыс. Бос орындарға төмендегі тиісті сөздер мен сандарды  теріп жазу керек.

1 –топ.   «Терме диктант» (интерактивті тақта арқылы)

     Моңғол империясының шаңырағын алғаш  көтерген _____________хан   ______ жылы (кейбір деректерде  ________жыл ) Моңғолияның  ________ өзенінің жағасында , __________ деген жерде  Есугей батырдың отбасында туған.  Темүжін  _____ жасқа толғанда әкесі татарлардың қолынан қаза табады.

    ________жылы Онон мен Керулен өзенінің жағасында _____________Темүжінді хан сайлап, __________   ______________  құрылады.  Ол империяны _____ түмен әкімшілік аймаққа бөлді. Моңғолия аумағы _____ әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. 

Жауабы:_Моңғол_империясы,_3,_9,_Онон,_1206,_Шыңғыс,_1155,_Болдоң,_1162_,_құрылтайда,_95.___2-_топ._«Терме_диктант»'>Жауабы:  Моңғол империясы,  3,    9,   Онон, 1206,   Шыңғыс,  1155,  Болдоң, 1162 ,  құрылтайда, 95.

2- топ. «Терме диктант»

Шыңғысхан Найман, Керейіт, Жалайыр тайпаларын қол астына қаратқан соң, көрші елдерді жаулады. __________ жж. қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы _________ Енесей қырғыздарын және Сібірдің  халықтарын бағындырды.     __________ жж. _________ әскерлері  таңғұттық Си ся мемлекетін, Тұрфан кіняздіктерін күйретіп,  ұйғырларды бағындырды. ___________жж. Қытайды басып алып, олардың соғыс  техникасын   қолға түсірді. ________ж.  Шыңғысхан   ________________ басып алуға ________________ аттандырады. _________ж.  Шыңғысхан __________ әскерімен     ______________ басып алады.

Жауабы: Шыңғысхан, 1207-1208,  Жошы,   1207-1209, 1217, Жебе ноянды,  1211-1215,  Жетісуды, 1219,  150 мың,  Отырарды.
3- топ. «Терме диктант»

      ____________ қаласы ____ ай бойы берілмей қарсылық көрсетті. ________________ қаласы  ______ай бойы,   _____________қаласы   ____ күндей берілмеген. _____________жж. Қазақстан мен __________  моңғолдар жаулап алды. Шыңғыс хан  жаулап алған жерлерін өзінің ________  баласына бөліп берді. Қазақстан жері   оның _______  баласына қарады. Шыңғыс тұқымдарының арасындағы талас ________ж. ұлы хан Мөңке қайтыс болған соң шиеленісе бастаған.  

 Жауабы: Сығанақ , 6,  Ашынас,  3, Орта Азияны, 1259, Отырар, 15,  1219-1224,  4, 3
Бағалау: 11-10 = 5 балл

                 9-8   4 балл

                 7-6    3 балл

                 5-4    2 балл



ІІІ – тапсырма.  «Бір сәт картаға үңілсек»  Кескін картамен жұмыс.

Моңғолдардың шапқыншылық жорықтарын кескін картадан көрсетеді.

 

1 –топ. Моңғол шапқыншылығының бағыттары мен жылдарын көрсетіңдер.

2- топ.  Моңғол шапқыншылығы кезінде қиратылған қалаларды жазыңдар.

 3- топ.  Жаулап алынған жерлерде пайда болған мемлекеттердің аттарын жазыңдар.

   «Полиглот» Ойыны

 собрание-               құрылтай                    assembly        

 сражение –            шайқас                         battle

  народ –                  ел –                                people

 земля -                  жер-                                earth land

войско                   әскер                               army

империя            империя                           imperia

 

Сабақты бекіту.



«Екі  жұлдыз , бір тілек » арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдері мен әсерлерін қысқаша сипаттап жеткізеді.

  • ... қызықты болды.

  • ... менің қолымнан келді.

  • менің тілегім ...

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Шыңғысхан – ұлы тұлға» тақырыбында эссе жазу.

Мұғалім: Біздің сабағымыз осымен аяқталды. Біздің қайталағанымыз бойынша ертең болашақта, яғни   өмірде қолдана аларсыздар деп сенемін. Сау болыңдар!



Оқытушы: Муслимов Сейтжан Дауылқожаұлы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет