Сабақтың тақырыбы: Моносахаридтер. Глюкоза. Фруктоза Сабақтың мақсаттары



бет3/4
Дата17.10.2023
өлшемі301,23 Kb.
#186068
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
000773b1-624756a8

7. Спирттік ашуы. Ашытқы ферменті әсерінен ашып, глюкозадан этанол түзіледі. Бұл процестің химизмі өте күрделі. Жүретін өзгерістерді қысқаша былай жазады:
С6Н12О6 → 2С2Н5ОН + 2СО2
8. Сүт қышқылды ашуы. Глюкоза сүт қышқылды ашығанда, сүт қышқылы түзіледі. Процесс сүт қышқылды бактерия ферменттерінің әсерінен жүреді:

Сүт қышқылы екі функционалдық тобы бар болғандықтан (гидроксил және карбоксил топтары), екі түрлі қасиет көрсетеді. Сүт қышқылы сүт іріген кезде пайда болады, оны лакмус қағазы арқылы анықтауға болады.
9. Тотығуы. Органикалық қосылыс болғандықтан, глюкоза толық тотыға алады. Ең соңғы өнім ретінде көміртек оксиді мен су түзіледі. Бұл процесті ықшамдап былай жазуға болады:
С6Н12О6 + 6О2 → 6СО2 + 6Н2О + Q
Глюкозаның маңызы, қолданылуы
Глюкоза адам ағзасында зат алмасу процесіне қатысады. Тамақ арқылы қабылданған крахмал, қант сияқты күрделі көмірсулар ферменттердің әсерінен ас қорыту жолдарында глюкозаға ыдырайды. Адам ағзасында глюкозаның негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады . Тірі ағза клеткаларында глюкоза оттекпен бірнеше саты арқылы біртіндеп тотығады. Нәтижесінде, фотосинтез процесінде сіңірілген энергия бөлінеді:
С6Н12О6+ 6О2 → 6СО2 + 6Н2О + Q
Глюкоза ағзада оңай қорытылып энергия бөлетіндіктен денсаулықты нығайтатын дәрі ретінде медицинада қолданады. Кондитер өнеркәсібінде (мармелад, печенье, карамель, күлше нандар жасағанда), мата өңдегенде пайдаланылады. Тотықсыздандырғыш қасиетіне байланысты айна және шырша ойыншықтарын жасағанда қолданады.
Глюкоза — бағалы қоректік зат. Глюкоза жүзімнің және басқа өсімдіктердің шырынында болады. Оның қалдықтарынан өте маңызды полисахаридтер (целлюлоза мен крахмал) түзіледі. Глюкозаның сүт қышқылдық ашу процесінің ауыл шаруашылығында маңызы зор. Мысалы, сүт қышқылды ашу арқылы айран, сүзбе, қаймақ, т.б. сүт өнімдерін алады. Капуста тұздағанда немесе шөпті сүрлемге салғанда, реакция нәтижесінде түзілген сүт қышқылы қышқылдык қасиет көрсетіп, өнімді шіруден қорғайды. Глюкозаның спирттік ашуы да практикада, мысалы, сыра жасағанда қолданылады.
Глюкоза өндіру
Глюкоза өндіру - крахмалды өндірісте күкірт қышқылының ерітіндісінде қайнатып алу. Мұндай процесті қышқылды гидролиз дейді. Қайнағаннан соң қышқылды бормен бейтараптандырады, ал глюкоза ерітіндісі ерімейтін кальций сульфатынан сүзіліп, вакуумда шулықтырады. Пайда болған қою шырынды сірне деп атайды. Кристалды глюкоза алу үшін крахмалды толық гидролиздейді, қоюланған қою шырынды формаларға салып қатырады. Сусыз глюкоза 146° С-та балқиды және суда жақсы ериді. Тәттілігі сахарозадан екі еседей кем болады. Глюкозада күшті қышқылдандырғыштардың әсерінен (мысалы, Н1Ч03) екі негізді оксиқышқыл (қант қышқылы) пайда болады. Қайта қалыптасқанда қант қышқылы алты атомды спирт-сорбитке айналады.
Фруктоза, жеміс қантты, левулоза, С6Н12О6 — моносахаридтер тобына жататын тәтті зат (сахарозадан 1,5 есе, қант құрағынан 3 есе тәтті); глюкозаның изомері. Фруктоза — кетоза көмірсуларының маңызды өкілдеріне жататын және суда жақсы еритін кристалды зат. Фруктоза өсімдік жемістерінің құрамында және ара балында (50%-дай) глюкозамен бірге кездеседі. Оның бірнеше таутомериялық түрлері бар. Табиғатта көп тараған Д Фруктозаның -аномерінің балқу т 102 — 104°С. Фруктоза кетотоптары арқылы фенилгидрозон, фенилозазон, н-бромфенилгидрозон, т.б. түзеді. Өнеркәсіпте Фруктоза жеміс-жидектердің құрамынан және сахароза мен полисахаридтерді гидролиздеу арқылы алынады. Ол көптеген олигосахаридтердің құрамына кіреді. Фруктоза тамақ өнеркәсібінде, медицинада (диабет ауруларына глюкозаға қарағанда пайдалы) жүрек ауруларын емдеуде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет